Мұхида-Шайбан (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дүние-ай, өткенің бе екі келмей,
Табаны тарлан боздың гулер желдей.

Қайырмасы:
Сағындым, айнам,
Сағындым сені.

Өлеңді гулет десең гулетейін,
Қоңырдан қой қоздады көшкен селдей.....
Өлеңдер
Толық

Керім-ау, айдай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көк ала үйрек ұшады көлге қарсы
Жануардың ұясы желге қарсы.
Сағынғанның белгісі сол емес пе,
Орамалға тамады көздің жасы.

Қайырмасы:
Керім-ау,айдай,
Сағындым,сәулем,сені де ойлай.....
Өлеңдер
Толық

Жарым-айдай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алып келген базардан қыжым кебіс,
Сілекейі қалқаның болар жемәс.
Жел тимесе,күн тимес деген сөз бар,
Сұлу қыздың айтқаны ұят емес.

Қайырмасы:
Өрік,мейіз,қант пен шай,
Алма мойын ақ бидай,
Жарым-айдай,
Жанға жақын келсейші,
Беу,қалқатай-сәулетай.....
Өлеңдер
Толық

Жамал-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қызыл нардың басындай ала ноқта,
Ақ жүзіңді көрейін,айнам,тоқта.
Жерің шалғай болса да іздеп келдім,
Әнеугі айтқан уәдең бар ма,жоқ па?

Қайырмасы:
Жамал-ай, Жамал-ай,
Не жаздым,қалқаш,саған-ай. ....
Өлеңдер
Толық

Жайдарман (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көрісеңші көзіме егіндей боп,
Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп.

Қайырмасы:
Жайдарман қара көз,
Жақсы құрбым,майдай сөз.

Аңсап,шаршап алыстан келгенімде,
Жан көрінбей көзіме өзіңдей боп.

Қайырмасы.

Айналайын көзіңнің қарасынан,
Хат жазамын қасыңның арасынан.....
Өлеңдер
Толық

Елік-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кел деп едің, Елік-ай,келіп тұрмын,
Отқа түспей өртеніп еріп түһұрмын.
Сертте тұрсаң мен сендік жаным құрбан,
Сырым осы сертімді беріп тұрмын.

Айналайын қарағым қарақасым,
Қара мақпал жібектей қара шашың.
Баласындай еліктің егілемін,
Сені ойласам мөлдіреп көзден жасым.....
Өлеңдер
Толық

Ақжайқын көл (Қазақ ауыз әдебиеті)

Су ағады арықтан шыр айналып,
Өлмегенге мал бітер бір айналып.

Қайырмасы:
Ақжайқын көл,
Жайлайды-ау біздің ел.

Оралыңның барында ойна да күл,
Кім бар, кім жоқ көргенше жыл айналып. ....
Өлеңдер
Толық

Ақ бақай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген,
Қыз қайда құдашадай көзі күлген.
Алыстан ат арытып келегнімде,
Шақыртпай еш адамға өзі келген.

Қайырмасы:
Ахау,сәулем-ай,
Өзі келген,
Ахахау, арман-ай.....
Өлеңдер
Толық

Шынар-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қаратаудың басынан арша ап жүрмін,
Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін.

[Қайырмасы]
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.

Кішкентайдан бірге өскен, қарағым-ай,
Көре алмастан жүзіңді аңсап жүрмін.....
Өлеңдер
Толық