Түлкібас агробизнес колледжінің студенттері «пара беруден шаршағандарын» айтады. Жақында «жақсы баға үшін пара сұраған» осы колледж оқытушысы туралы видео интернетте тарап кеткен еді. Азаттық тілшісімен сөйлескен 51 жастағы мұғалім денсаулығы сыр бергенін алға тартты.
Астанада Ресей елшілігі консулдығына сол елдің «Отандастар» бағдарламасына құжат өткізуге күніне ондаған адам келеді. Елшілік мәліметінше, ТМД-да негізінен бұл бағдарламаға Қазақстан азаматтарының ықыласы ерекше деп жазады Азаттық.
Баян Есентаева өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында басты рөлді Төреғали мен Ерке Есмахан сомдайтын жаңа комедиялық фильм жарыққа шығатынын мәлімдеді.