Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда; Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып.....
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат. Кейбіреу тыңдар.....
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Көл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл көлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең – орташа алғанда 4,5 метрден, ең тереңі – 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнықтығы сондай – түбі және ондағы жәндіктер анық көрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық көл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар өседі.
Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес.....
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды......
Сабақтың мақсаты: 1. Поэзия түріндегі шығармаларды жаттай білу қабілеттерін жетілдіреді. 2. Өлең мазмұнын түсініп, айтып бере білуге үйретеді. 3. Өлең сөздерін еске сақтап, мәнеріне келтіре жатқа айта білуге дағдыланады. Білімділік мақсаты: 1. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысады. 2. Көктем мезгіліндегі табиғатта болатын құбылыстардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйренеді. Дамытушылық мақсаты: 1. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, балалардың сөздік қорын молайтады. 2. Балалардың ойлауы, көре, сезіне, еске сақтау қабілеттерін дамытады. Тәрбиелік мақсаты: .....
ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады. Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптеген көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін елдігін сақтап қалу мәселесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет.Осы ойын іске асыруға кіріседі. Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастайды. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұратын болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын , олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады.Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері- Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерің айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді. Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем,халқыма пайдамды тигізем, қалай көзім ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2-ші ақпанда шыға бастады, өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ» газетінде патша үкіметі орындарынын құлағына жақпайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған. 1925-1931 жылдар ішінде Қазақстанды басқарған Ф.И. Голошекин Қазақстан кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Октябрь» төнкерісін жүргізу саясаты ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу жұмысын жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының көпшілігі оны қолдаған жоқ. Голошекин өзіне қарсылық білдіргендерді «ұлтшыл» деп жариялап, олардың көзін жоды қолға алды. А. Байтұрсынов қара тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргінен 1934 жылы қазанда ғана оралған ол 1937 жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды. Менің мақсатым алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов туралы оқып, танысып, Ахмет Байтұрсыновты мысалшы деп тану, және оны басқаларға үлгі етіп, оның шығармаларын мұраға қалдыру. ....
Абай бала кезінде ширақ, пысык болмағанымен, елдегі шешен, ақьін, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зерекгігімен, ынтальшығымен ерекшеленген. Шортанбай, Дулат, Бүкар жырау, Марабай, Шөжелерді тындап өскен. Анасы Үлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі.Юн-ың ағасы (әкесі Түрпанның інісі) Тонтайдың влерінде қожа-молдаларға кдрап: "Жазыла-жазыла қожамолдадан да үят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел боп кеткен. Қүнанбай қажының да кеңінен толғап сөйлер терендігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшьшардың да назарына іліккен; қ.Янушкевич. Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе сал-дырып, өзінін және туыста-рының балаларын оқытқан. А. сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Рабитханнан оқыған. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл оқыған. Медресенің үшінші жылында ол осы каладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бүл түста М.О. Әуезовтің "Өзі түстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейіңді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бірақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа карамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дөріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондыкган барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соңақ тез есейіп, ілім куған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен қарай білетін, сезімді оқушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, таңдап оқыған ірі ақындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына дейін есінен шықпаған, ұмытылмаған" деген түжырымы болашакұлы акынның қалыптасу кезеңін айғақтайды. А. бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы баскаларды оқыса, екінші жағынан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щед-рин,. Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізді. Есейген шағында, осы езі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дөрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне өсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлендері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай А-дың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі қарай оқытпай қайтарып алып, ел ісіне ара-ласуға баулиды.....
Абай! Ол – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған., ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократиягшыл озат ойларда берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері. Ол күнделікті тіршілігімізде, рухани әлемімізді, қарақан басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс. Абайды тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынын аса алмаған кездер болды. Енді заман өзгерген шақта азат елдің азат ойымен, азат жүрегімен, азат зердесімен Абайды тануға тиіспіз. Оның өмірі мен еңбегі Мұхтар Әуезовтың творчествасында үлкен орын алған тақырып. Жазушының Абай өмірі мен творчествасына ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу жолында сіңірген қыруар еңбегі өз алдына бір төбе. Ол 1939 жылы өз Л. Соболевпен бірге «Абай» атты трагедиясын 1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл толуымен байланысты «Абай» операсының либреттосын және «Абай жырлары» атты көркем суретті фильмнің сценарийін жазды. Алайда жазушының Абай образын кемеліне келтіре суреттеп, сомдап соққан классикалық шығармасы – «Абай жолы» атты төрт томдық эпопея. Қоғам құбылыстарын бойына мол сіңірген. Бұл эпопея елдің рухани үлгісі болған Абайдың өмірі, үміті, арманы, айтысы, тартысы, халқына еткен еңбегі жайында сөз қозғайды. Халық қамқоры, «Қалың елім, қазағым» деген Абайдың адал өсиетті ойлы жандардың көкірегіне ұялап, оларды болашаққа мезгеген. Абай жайында рн жазу жолында жазушыға кездескен кедергілер мен қиындықтар аз емес. Ең алдымен материал тауып, жинаудың өзі қияметтей қиындық келтірді. Сондықтан да жазушы өз жағдайын қоналқаға кем жетіп, өшіп қалған күл арасынан болар-болмас шоқ тауып, оны өз демімен үрлеп, жылытып, от тұтатқан жүргінші жолаушыдай сезінгені мәлім. Құнанбай, Абай, Бегеш, Жиренше, Оразбай, Базаралы тағы өзгелер туралы көп білетін көнелер, ақылгөй ақсақалдар халық шежіресі қариялардың айтқандарын жазушы әр кезде жалықпай жазып отырған. М. Әуезов бұл жайды былайша баяндайды: «Жас шағында Абайдың іні-досы Кәкітай, Көкпай, Мұқа сияқты кісілерден естігенім романды шындық мәліметтермен толықтыра түсуге көп себеп болды. Абайдың әкесі Құнанбаймен көп алысқан Жігітек сияқты рулардың қарт-қариясымен көп кездескенім бар. Абайдың өмір бойы досы болып өткен ертегіші Баймағанбет те көп қызық жайларды баян еткен еді» ....
Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін. Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға берді. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» - дейді Президент Н.Ә.Назарбаев. Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Егер Абай мен Шәкәрім қазақ халқының өткен заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы болса, бұл құдіретті бейнені романист қаламымен қайта тіріліткен Мұхтар Әуезовтің өзі жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан ұлттың аса көрнекті үш алып тұлғасының, былайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп кетуі – бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше құбылыс. А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовты дүниеге келтірген қасиетті Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған. Жалпы Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларының философиялық, психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланысты З. Ахметов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Есім, М.Жұмабаев, С.Қирабаев, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов, М.Мырзахметов, К.Оразалин, М.Орынбеков, Х.Сүйіншәлиев, Т.Тәжібаев, зерттеулерін т.б. айтуға болады. «Абайдың ақындық мектебі» деген ұғымға алғаш рет ғылыми түрде анықтама беріп кеңінен тоқталған М.Әуезов....
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады. Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие ала Абай өзінің өлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық, зорлықты, алтыбақан алауыздықты, күштілікті, жатып ішер жалқаулықты өлтіре сынап, жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікке, өнер-білімге шақырады. Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі мәселелеріне де кеңінен тоқталып, өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде педагогикалық көзқарасын білдіреді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдыдан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттайды....