Туған күн (Әпке - Мерейтой 60 Жас)

Аяулы әпкемізді 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!
Сіз осынау саналы ғұмырыңызда жездемізге адал жар, ұл-қыздарыңызға аяулы ана, немерелеріңізге сүйікті әже бола білдіңіз....
Құттықтау, тілектер
Толық

Жас, кәрі, үлкен, кіші

Жақсы жастан шығады,
Темір тастан шығады.

Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

Үлкенге – ізет, жасқа – жол.

Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.

Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң,
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа.
Мақал-мәтелдер
Толық

Адам, жан, кісі, көп, көпшілік

Адам бір-біріне қонақ.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ас адамның арқауы.

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Егіс пен өсімдіктер өлкесі (1)

Тасты жапқан түк кілем,
Тамыры жоқ, мүк кілең.
Қына

Тасты тесіп, күресіп,
Терең жайып тамырын.
Ақ күлгін шөп тұр өсіп,
Қарсы ап дәйім таң нұрын.
Тау гүлі

Шөлде
Гүлдейді, құлпырады,
Суда
Өмірі қырқылады.
Сексеуіл
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Тіл, ойлау және сөйлеу

Жалпы тілдік қатынасты «ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана....
Рефераттар
Толық

1 Наурыз - Алғыс айту күні (Ел ертеңін ойлаған Елбасына мың алғыс!)

Тақырып: Ел ертеңін ойлаған Елбасына мың алғыс
Сыныптан тыс шара
Мақсаты: қазақ халқының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мәлімет беру, елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік.......
Тәрбие сағаттар
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Мен - Тәуелсіз елдің патриотымын!)

Тәуелсіздікті жырлап көңілге тигізуге болады, суретпен бейнелеп таңғалдыруға болады, әңгімелеп елестетуге болады. Бірақ, біз ешқашан майдандағы батырлардың басынан кешкендерін, жырлағандағы ащы сезімдерін, жүректегі жеңіске деген лаулаған ұмтылысты сезе алмаймыз. Оны тек сол майданның қаһармандары ғана біледі. Тәуелсіздік жолындағы күресушілердің мақсаты жақсы дайындық, күш-жігер, соғыста жеңіске жету, тәуелсіз, дербес....
Шығармалар
Толық