Қалай танымал қыз болуға болады

1 - кеңес

Кемшіліктер мен артықшылықтар
Өзің кемшілігің деп санап жүргендеріңнің кемшілік екеніне сенімдісің бе?
Қарап көрейік.
Кейде ірі, толық қыздар өзінің толық денесінен ұялып жатады. Олар өзін түрлі диеталармен, жаттығулармен зорықтырады. Мұның барлығы сенің толық болу жаман деген пікірге сенімді болуыңнан пайда болады.
Толық болған жаман деп саған кім айтты?
Тек сәнбикелер ғана жұрттың алдында қылдай жіңішке белімен, артық салмағы жоқ сымбатты денесімен жарқ-жұрқ етеді. Ал күнделікті өмірде барлығы бұлайша біртекті емес.

Стильді әрі көңілді томпақ қыздар ең сәнді, ұзын сирақты арық қыздарды жолда қалдыра алады. Сондықтан өзіңе ұнамағанның бәрін кемшілік деп ойлаудан аулақ бол. Асықпасаң уақыт өте келе өзіңді түсініп, бағалауды да үйренесің. Ал әзірге бір-екі кеңесті қабыл ал.

Өзіңнің жетіспейтін тұстарыңды мойында. Бұл сенің табиғи болмысың. Сондықтан өзіңді осы қалпыңда жақсы көруді үйрен.
Өзіңнің кемшіліктеріңді жасырып, артықшылық-тарыңды көрсете білуді үйрен. Үйлесімді шаш үлгісі, макияж, киім, аксессуарлар, өзіңді ортада ұстай білуің мен адамдармен қарым-қатынасың - міне өзін сыйлайтын кез-келген қыз білуге тиісті әйел құпиясының сыры осында.

2 - кеңес

Бастысы өзіңді таныта білу

Кейбір қыздар көпшілік көзіне бірден шалынып, өзіне жұрттың назарын аударып тұрады. Ал сол қыздарға зер салып қарасаңыз олардың басқа қыздардан еш айырмашылығы жоқтығын байқай-сыз. Соған қарамастан олар өзіне бірден назар аудартады.
Мұның себебі неде? Өйткені олар өзін көрсете.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Ерлерге арналған әшекей: Қол сағаты

Қол сағат бүгінде ерлердің жалғыз бағалы әшекейі болуға тұрарлық бұйымы. Одан бөлек, сырға, пирсинг, мойынға әр түрлі моншақ, білезікті күнделікті таққанға ерсі. Кейде ерлерге арналған жүзік, “печатка” тағуға болады, бірақ әшекей-бұйымдардың саны арнайы бір кештерде болмаса, сонымен шектелгені жақсы жақсы.
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер
Толық

Танымал отандық әншіге туғаны үшін күйеуі $200 мыңның көлігін сыйлады

Танымал отандық әнші Сиви Махмуди биыл екі ұлдан кейін көптен күткен қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы 31 арнаның “Жыл жаңалығы” бағдарламасына сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық

Мен елімнің нағыз патриотымын

Егер әлемнің картасын алып қарасақ, Еуразия материгінің дәл жүрегінде мен үшін өте ыстық, өте әдемі жер орналасқан- ол Қазақстан.
Мен үшін Қазақстанның қыр жерлері де, суық аяздары да, терең сулары да қымбат, осы жерде менің ата- бабаларым туып - өскен, олардың тарихы менің тарихым, олардың туған тілі - менің тілім.
Менің елім ерекше ел, өйткені тек біздің елде бір жүзден астам халықтар тату тәтті өмір сүреді, тек біздің елде, мамырдың бірі күні үлкен халықаралық мереке болады, барлық елдер өз ұлттық киімдерін киіп.......
Шығармалар
Толық