Бауыржан Ибрагимов өзі балағаттаған қонақүй қызметкерінен кешірім сұрап, гүл сыйлады (видео) » ZHARAR © 2016 | Бауыржан, кешірім, Танымал, Ибрагимов, театрының, сұрады, сұрап, қонақүйде, өзіне, алған, жасырын, бойжеткенді, әлеуметтік, қызметкерінен, қалаушы, балағаттаған, қонақүй, сатирик, негізін, кетсек




  • »

Бауыржан Ибрагимов өзі балағаттаған қонақүй қызметкерінен кешірім сұрап, гүл сыйлады (видео)

Бауыржан Ибрагимов өзі балағаттаған қонақүй қызметкерінен кешірім сұрап, гүл сыйлады (видео) казакша Бауыржан Ибрагимов өзі балағаттаған қонақүй қызметкерінен кешірім сұрап, гүл сыйлады (видео) на казахском языке

Танымал сатирик, "Бауыржан-шоу" театрының негізін қалаушы Бауыржан Ибрагимов өзі балағаттаған қонақүй қызметкерінен кешірім сұрады.

Әртістің қонақүйге арнайы барып, қызметкер бойжеткеннен кешірім сұраған бейнежазбаны Facebook әлеуметтік желісіне "Терісқақпай" театрының актеры Ұлан Нүсіпәлі жүктеп, жағдайдың оң шешілгенін жария етті.

"Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Өз қателігін мойындау да ерлік! Ашу дұшпан ақыл дос, ақылыңа ақыл қос дейді қазекем. Ақылға салып ашумен келген ағаттығын мойындап Бауыржан бауырымыз қонақ үйдегі орын алған жағдайға байланысты қыздан кешірім сұрап гүл ұсынды. Қонақ үй басшылығы да өз тарапынан кешірім сұрады. Жақсымызды асырып, жаманымызды жасырған елміз ғой? Желіге жақсы дүниелерді жариялайықшы?!", - делінген Үсібәлінің жазбасында.

Сонымен қатар, Бауыржан Ибрагимов қонақүйде орын алған оқиғағаны бейнекамераға жасырын түсіріп, оны ғаламтор арқылы таратқан жас жігіттің үстінен арызданбайтынын да атап өтті. Қонақүй басшысынан оны жұмыстан босатпауын сұрап, бірнеше рет өтініш те жасады.

Еске сала кетсек, 26 қаңтар күні қазақстандық БАҚ-да танымал әртістің қонақүйлердің бірінде жанжал шығарғаны жайлы ақпарат пайда болды. Ол өзіне қонақүйде орын жоқ екенін айтқан қабылдау бөлмесіндегі бойжеткенді аяусыз сыбаған. Танымал тұлға өзіне мәселенің мән-жайын дұрыс түсіндірсе де, бойжеткенді кінәлап, оны балағаттаумен болады. Оның бұл әрекеті ұялы телефонның камерасына жасырын түрде түсіріліп, кейін әлеуметтік желіні шарлап кетті.




Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 1 605
Жаңалық айдары: Қоғам, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .