Сұлтанмахмұт Торайғыров (Жан қайда әділетті іздейтұғын)
Адамшылық атақты көздейтұғын.
Тірлік пен өлген күнді бірдей ойлап,
Екі жайдан күдерді үзбейтұғын.
Арамға азғырғанды.....
Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз. Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.
Бақыт сарайының бас құрылысшысы бол деген тілекпен құттықтау қарлығашын жолдаймын. Ал егер ұл болса: Туғанда қуантқан ұлым мынау, Бір мүшелді өткізген құлыным-ау, Әкеңде арман бар ма, көрсе егер Келешекте көрсетер қызығыңды-ау! Сабағыңды жақсы оқып, оқуға түс, Келешекте бір маманның иесі бол. Еңбекті сүй, күшіңді бағалай біл, Дүниеден алатын сыбағаң мол.
Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Алдыңызда ақ мол болып, басыңызға бақ келіп қонсын.
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Жаңа жыл — жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Менің есімім Каналқұл Гүлсая. Мен сіздерге өзімнің туындыларыммен бөліскім келіп отыр.
Сурет салумен тек шабытым оянғанда ғана айналысамын. Сүйікті хоббиімнің бірі болғанымен, уақыт көп жұмсамаймын. Алайда бұл істің мен үшін орны бөлек.