"Меломен" тобы ресейлік M-Band тобының бейнебаянын ұрлады деп айыпталды (видео)

"Меломен" тобы ұзақ үзілістен кейін тыңдармандарына «Сүйгенім бол» бейнебаянын ұсынды. Алайда бейнеклип жарыққа шыға салысымен, топ мүшелері сынның астына қалды деп жазады baistars.kz.
Жаңалықтар
Толық

Путин Ердоғаннан кешірім сұрады

Ресей Президенті Владимир Путин Реджеп Тайып Ердоғаннан ресейлік ұшақтың Түркия әуе кеңістігін бұзғаны үшін кешірім сұраған. Бұл қазан айында — Түркия қарулы күштері ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіргенге дейін екі ай бұрын болған. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Италияның ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.
Жаңалықтар
Толық

Роза Рымбаева ресейлік сайтты сотқа бермекші

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Ресей сайттарының біріндегі өзіне қатысты жарнаманың Қазақстан аумағында көрсетілуіне қарсылық білдіруде.

Бұл туралы [url=https://www.zharar.com/engine/go.php?url=aHR0cDovL1RlbmdyaW5ld3Mua3o%3D]Tengrinews.kz[/url] сайтына оның адвокаты Нұршат Турдиев хабарлады.

Арықтаудың тәсілін көрсететін жарнама жарияланған сәтте әншінің ұлы Әли Оқапов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне "Пираттық контент үшін анам сотқа жүгінбейді. Олардың қолынан тек суретті көшіріп алу ғана келетіні анық. Пайдаланушылар ақ-қарасын өздері-ақ ажырата жатар" деп мәлімдеген болатын.

Жарнама 2013 жылдың шілде айында қазақстандық сайттардың бірінде жарияланып үлгерді. Олар тұтынушыларға телефон арқылы және электронды адрестер арқылы кеңес беріп отырған.

"Қазір ол сайтты құрастырушы компанияны таптық. Алайда, домен иесі жиі ауысады",-  дейді Н.Турдиев. Енді әнші Қазақстан Интернет ассоциациясына хабарласып, "жарнамашыл" сайттың Қазақстан аумағында қолданылуына шектеу қойғызбақшы.

Жаңалықтар
Толық