Экономика | Бюджеттік процес

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр . Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатқа мемлекеттік міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | БЮДЖЕТТІҢ МЕХАНИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

.Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын қаржы пәнінен «Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі экономиканың дағдарыстық кезеңінде оның дағдарыстан қысқа мерзімде және тиімді даму жолына түсіретін негізгі мемлекеттік саясаттардың бірі мемлекеттік бюджеттің аясында жүргізілетін ынталандыру, қолдау және қаржыландыру шаралары болып табылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме:
• Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну;
• Бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау;
• Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала отырып талдау;
• Әлеуметтік саланың дамытудағы бюджеттің маңыздылығы мен дамыту қызметтеріне тоқталу;
• Мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде жан-жақты талдау; ...
Рефераттар
Толық

Тарих | XVIII XIX ғ.ғ. Қазақстан мәдениеті

Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан – жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді.Еңбектің қоғамдық бөлінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті.Қазақстан Ресейдің,Англияның,Францияның және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік-көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру айтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санда берік орнықты.
Халықтың неғұрлым оқымысты өкілдері мұғалімдердің ұлы міндетін өз еріктерімен мойындарына алды, өздерінің білімдерімен өлкенің мәдениетін дамытуға ат салыса бастады. Бұрынғы салттарды, дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарын сақтау және жаңадан жаңғырту үшін қажетті кеңістіктер едәуір шектелді, бірақ сонымен бірге жаңа әлеуметтік - - мәдениеттік бағалықтар мен нысаналар пайда болды.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 1985 1991 жылдар аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ұйымдар

КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.
Дағдарыстың себебі өте көп болды. Мысалы, экономикалық жағынан алғанда ғылыми-техникалық прогрестің өндіріске енгізілуі баяу етті, өнімдердің сапасына емес, санына көп көңіл бөлінді т.б.
Қоғамдық өмірде халықтың тұрмыс деңгейі күрт төмендеді, әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлінбеді, қылмыс тым кебейді.
1985 жылы наурызда К.У. Черненко қайтыс болғаннан кейін, КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М.С. Горбачев келді.

 Қайта құру бағыты

1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру бағыты жарияланды. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елді жаңару бағытына бастауға міндет алды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В. Гришин, Ленинградта Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев, Әзірбайжанда Г. Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғы-шарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен-күнге қиындай берді.
Негізгі себептері. 80 жылдарға қарай халық шаруашылығындағы тоқыраушылық айқын көрінді. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмір де отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.
Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Мәскеуде ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендігі сөз жүзінде ғана болды.
Қазақстан партия басшысы Д. Қонаев өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д. Қонаевтың өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Д. Қонаев маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік, экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.
1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетінің бас хатшысы М.С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жөзінде қалды. Оны Қазақстанның партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | 3 тамыз 1936 Қарағанды облысының құрылғанына 70 жыл

Қарағанады облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау -қадау іргелі істердің куәсі боласын. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған, Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді.
Еліміздің экономикасындағы Орталық Қазақстанның алатын орны ерекше екендігі сол кезде-ақ белгілі болған. Аймақтың индустриялық даму қарқынын жеделдетуге ерекше көңіл бөле отырып, КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1929 жылғы 28 қарашада "Республиканың "Қазақ көмір құрылысы" тресіне қарасты көмір кәсіпорындарын салу ісін мемлекеттік басқару туралы" ережені бекітті. Трест басқарушысы болып еліміздің көмір өнеркәсібі саласынын ірі мамандарының бірі К.О.Горбачев тағайындалды.
1931 жылғы қәңтарда "Қарағандыкөмір" тресі құрылды. Ол осы өңірге шахта салу мен оларды пайдалану ісін жеделдете түсті.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 15 16 ғасырлардағы Қазақ Қырғыз қарым қатынасы

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді.
ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде «моғол» немесе «шағатай» сияқты ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын оқып білуде қиындықтар туғызды.
Тарихи деректерде 1389 жылы Әмір Темірдің Моғолстанға жорығы кезінде Іле-Ертіс аралығында ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. қырғыз халқының құрамына кірген бұлғашы тайпасы талан-таражға салынғандығы туралы айтылады (1, 101-111 б). Орта ғасырлық тарихшы Сайф ад-дин Ахсикендидің «Маджмуат-тауарих» атты шығырмасында Темір әскері қырғыздардың негізгі үш бірлестігінің барлығын (бұлғашы, оң және сол қанат) тұтқындап Самарқантқа алып кеткен және олар сол жақтан әр тарапқа қоныстанған дейді.....
Рефераттар
Толық

Тарих | ХVІ ҒАСЫРДАҒЫ ЖЕТІСУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

Бұл мақалада Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихымен тығыз байланыста болған Жетісу аймағының қазіргі таңда тарихи деректер мен ғылыми зерттеулерде зерттелу деңгейіне тарихнамалық шолулар жасалынған.
ХVІ-ғасырдың басындағы бірінші онжылдықта да қазақтың ханы Керей ханның баласы Бұрындық өзінің хандық билігін жалғастырған. Алайда оның Жетісу жерінде ешбір билік жүргізген әрекеттері жазба деректерде кездеспейді. М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда бұл кезде хан Бұрындық еді, бірақта хандық билік Қасым ханның қолында еді дейді [1]. Ал екінші бір жерінде Қасым ханның билігінің зор, беделінің күшті болғандығын жазса, ал Бұрындық ханды ешкім де хан деп ауызға алмайтынын жазады. Сондай ой тууы мүмкін неге Бұрындық ханның беделі төмен түсіп кетті. Ол неге қазақ хандығының ата жауымен (Мұхамед Шайбани) құда болып М.Шайбани ханның інісіне бір қызын, баласына екінші қызын беріп достасып кетті? Мұның түбі келешек хандық билікке таласта жатыр еді. Біріншіден Бұрындық хан Жәнібек ханның Қасымнан бастап балаларының беделінің өсіп келе жатқандығын көріп олардың ұлыстық жерінің кеңейіп бара жатқандығын байқап оларға қолайлы болса ылғида кедергі жасауға тырысты. Сондықтан да ол Жәнібектің балалары Таныш пен Жаныш сұлтандарды Шайбани хан шауып талқандап жатқанда оларға көмек берудің орнына тайқап Сыр бойынан Солтүстікке қарай жылжып кетуі. Ал қыздарын М.Шайбани ханға берудегі мақсаты да соның әскер күшімен Жәнібек ханның ұлдарын әлсірету еді. Алайда Қасым әлі хандық дәрежеде болмаса да өзінің бауырлары Жиренше, Қамбар, Махмұт,, Әдік сұлтандармен бірге отырып Шайбани ханға бірнеше рет соққы беріп Түркістан аймағындағы қалаларды өздеріне қаратып алған. Міне осындай жағдайды көріп отырған қазақ халқының алдында Бұрындық ханның ешбір беделі қалмаған еді ....
Рефераттар
Толық

Тарих | 16 желтоқсан тәуелсіздік күні

Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.
Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.
Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.
Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.
Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды.
Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.....
Рефераттар
Толық

Тарих | 25 қазан Республика күні

Тәуелсіз мемлекеттің барлық тыныс-тіршілігін, оның мемлекеттік құрылымын әлеуметтік, экономикалық дамуы мен саяси жүйесін қалыптастырып, оны нығайтуға ат салысқан, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған заңдардың қабылдануы да осы заң шығарушы орган – Парламенттің үлесіне тиесілі. Осы жолда депутаттар құрамы, яғни жалпы Парламент – парламентаризмнің қалыптасу, даму кезеңдерін басынан өткерді. Парламентаризм, президенттік, сот билігі, одан да басқа қоғамдық қатынастарды реттей¬тін көптеген институттардың пайда болуын Кеңестер Одағы кезеңінен бастау алады деп келте жауап қайтаратындардың кездесіп қала¬тыны жасырын емес. Ал шындығына келетін болсақ, қазақ қоғамында да дала демокра¬тия¬сының ертеден бастау ала¬ты¬нын, ондағы мем¬ле¬кетті құру, қалыптас¬ты¬ру, даму институт¬тары¬ның сол қоғамға, сол ке¬зең¬дерге сәйкес болғандығы туралы көп ай¬ты¬ла бермейді. Қа¬зір¬гі уақыттағы шынайы демо¬кра¬тия элемент¬терінің бірі болып саналатын президенттік институттың көрінісін қазақ қоғамындағы хандық биліктен көруімізге болады.
Республика күні, 25 қа¬занда Қазақстанның мұқым хал¬қының достығы, төзімділігі, жеткен жетістігі, ұлттық стратегиялық мүд¬десі мейлінше насихатталып, патриоттық, бүгінгі Қазақстан патриоттығын айқындайтын фак¬торлар әлемге паш етілуі тиіс деп ойлаймын.
Тәуелсіздік декла¬ра¬циясын жарияладық, Конститу¬ция¬мызды қабылдадық, ұлттық стратегиялық мүдделерімізді анық¬тадық. Сондықтан бұл құжат¬тың маңызын кетіруге болмайды. Оны бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл күн тәуелсіздігіміздің күні болуы тиіс. Нақтырақ айт¬қанда, 25 қазан Тәуелсіз Респуб¬ли¬ка декларациясы қабылданған мейрам күні болуы керек.
Ал 16 желтоқсанда ыңғайсыз жағ¬дайға тап боламыз. Бір жағы¬нан, мейрам, бір жағынан, траге¬дия. Бұл күні қуанайын десең, қанды оқиға есіңізге түсіп, көңілі¬ңіз жа¬бырқайды. Сондықтан ме¬ніңше, 16 желтоқсан – Желтоқ-сан кө¬терілісі күні ретінде аталып өтілетін болса.
Ал Республика күнін тойлау мәселесіне келер болсақ, бұл саяси мейрам ғой. Сондықтан осы күні Қазақстан елі, жері, рәміздері, Президент жайлы, президенттік басқару туралы қысқаша деректер БАҚ арқылы беріліп жатуы керек. Ірі тұлғалар, қоғам қайраткерлері қалың бұқараға тәуелсіздіктің мәнісін, осы ұғымды тереңнен та¬рихи тұрғыда талдап беруі қажет. Патриоттық шаралар – әскеріміз, Қарулы күштер жайлы мәлімет-тер¬мен халық кеңінен таныс бола алуы керек. Ал кешке эстрада ада쬬-дарының концерті берілуі тиіс. Онда да Қазақстан аспанын¬да біздің менталитетімізге жақын, жүрегімізді тербетіп, жылу беретін ән-әуездер қалықтаса деп тілеймін.....
Рефераттар
Толық