Тарих | БӨКЕЙ ОРДАСЫ ТАРИХИ МУЗЕЙЛІК КЕШЕНІ

Кең байтақ қазақ даласының батыс бөлігінде орналасқан шежіресі бай, табиғаты сұлу өлке - Бөкей ордасы ауданы. XIX ғасырда мәдениет, өнер, білім, орталығы болған ғажайып өлкенің тарихы тереңнен бастау алады.
1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп - қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 жылдың 11 наурызында "Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұрапы хан ұлын езіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын" деген жарлық рескриптісін шығарады. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылмен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.
1806 жылдың 19 мамырында Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінді. Жарлықта: "Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға үлкен және Кіші өзендерінен Богда тауларына дейін, одан Чапчачи арқылы Дудацк немесе Телепнев ватагаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі" деп көрсетіледі.
1808 жылы 17 шілдеде Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының қүзырына бағынышты болып бекітіледі.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы

Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Бөлтірік шешеннің билік сөздері

Бөлтірік Әлменұлы (1771-1853) Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Шоқпар жерінде дүниеге келген. Бөлтірік шешеннің жетінші бабасы Зорбайдың (лақап аты –Аузыүйген). Атамекені қазіргі жамбыл облысы, Талас ауданындағы Ойық аймағы, Талас өзенінің бойы екен. Оның атамекенінен ауып, Шу бойына келіп қоныс тебуінің өз тарихы бар.
Зорбайдың атасы Ойық үлкен балалары Қызылғұрт пен Кәкшегөзді үйлендірген соң-ақ еншілерін беріп, бөлек үй етіп шығарды. Қартайған шағында Ойықтың қасында кейінгі екі баласы Сәтек пен Зорбай қалады. Сәтек балалы-шағалы, шаруаға мығым екен де, Зорбай төрт ұлдың кішісі болғандықтан шаруаға айналмай, семсерілік жасайды, жүйрік ат, қыран құс, алғыр тазы ұстап, саят құрады. Көзінің тірісінде Ойық Зорбайды үйлендіріп, өзі соның қолында қалып, Сәтекке де еншіні беріп бөлек шығаруды армандайды екен. Бірақ Зорбай әкесінің бұл тілегін орындамай, жиырма беске келгенде жігітшілік құрып жүреді. Сөйтіп жүргенде Ойық дүниеден қайтады. Өлерінің алдында көпті көрген қария балаларын шақырып алып, оларға ата жолымен іс істеп, ата жолыме тіршілік етуді, кенжесі Зорбайды аяқтандырып, ел қатарына қосуды өсиет етеді.
Қызылғұрт, Көкшкгөз, Сәтек үшеуі әкенің аманатын орындап, Зорбайды үйлендіреді, салсерілікті тоқтатады. Ағайынды төртеуі бірігіп, әкелеріне ас беріп, ат шапқызады. Аға балалары Тасжүрек, Қоңыр, Селгетай сияқты бауырлары қолдап, Ойық бабаның аруағына үлкен құрмет көрсетеді. Жиын соңнда Зорбайға ата жолымен әкенің қара шаңырағын өзіне тапсыруды сұрайды. Сәтек бұған көнбейді. Егер ағалары қара шаңырақты Зорбайға алып беретін болса, онда ол өзінің елден де, жерден де кететінін ескертеді.Қара шаңырақты бермейтін болса, Зорбай да ауатынын, елден де, жерден де кететінін айтады. Қызылғұрт пен Кәкшегөз екі інісінің дауын ата жолына салып шешкенде, қара шаңырақты Сәтекте қалдырып, қара қазанды Зорбайға лайық көреді. Бұған көңілі толмаған Зорбай ағаларына өкпелейді де, бір түнде көтеріліп көшіп кетеді. Сол кеткеннен Зорбай Шу бойына келіп бір-ақ тоқтайды. Зорбайдың ұрпақтары үгін де сол Шу, Іле бойын мекендейді.....
Рефераттар
Толық

Электроника | БП ның өзіндік бағасын табу

Көп қабатты баспа плата (КҚБП) – БП, араларында талап етілген қосылыстары орындалған екі немесе оданда көп қабаттарында өткізгіштік суретімен оқшаулаушы заттардың кезектескен қабаттарынан тұрады. Өткізгіштер қабаттарының арасындағы электрлік байланыс арнайы көлемді затпен, баспа элементпен немесе химия – гальваникалық металданған тесіктерімен орындалуы мүмкін. Көп қабатты БП құрастыру тығыздығымен және сенімділігі жоғарылығымен, климаттық және механикалық әсерлерге тұрақтылығымен, өлшемінің шағындылығымен және түйіспелер санының аздығымен сипатталады. Жасағанда еңбек көлемі үлкендігінің, қабаттарды сәйкестендіру және суреті жоғары дәлдікте алу қиындығының, технологиялық құралдың күрделілігі және бағасының жоғарылығының технологиялық процестің барлық операцияларын басқарылуының, жөндеуге жарамдылығы төмендігінің әсерінен КҚБП – сы электронды есептеуші, авиациалық және космостық аппаратураның конструкциясы орындалған жерде қолданылады.....
Рефераттар
Толық

География | Бразилия Федеративті Республикасы

Бразилия (Brasil) – Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет.Жері – 8,5 млн.км².Халқы – 163 млн.(1996).Халқының этникалық құрамы:ақ нәсілдер – 54,7%,зәңгілер – 5,89%,мулаттар – 38,45%.Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон,италиялық,неміс,араб,француз,т.б.) тұрады.Астанасы – Бразилиа.Мемлекеттік тілі – португал тілі.Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады.Ұлттық мейрамы – 7 қыркүйектегі Тәуелсіздік күні.Бразилия – президенттік федеративтік республика.Елдің басшысы,Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент.Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады.Әкімшілік жағынан 25 штатқа,1 федералдық (астаналық) окрукке бөлінеді.Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады.
Бразилия жері экваторлық (солтүстік бөлігі),субэкваторлық,тропиктік (орталық және оңтүстік бөлігі),субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерінде орналасқан.Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр.Климаты,негізінен,ыстық,жауын-шашын мөлшері әртүрлі.Батыс жағыц ылғалды экваторлық,шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте.Суы мол,энергия көзіне бай өзендер көп,ішінде ірілері: Амазонка,Сан-Франсиску,Парнамба,Парана.Стратегиялық маңызды ниобий,уран,торий кендері бар.Одан басқа темір,марганец,мыс,мұнай,газ,көмір қорлары мол кездеседі.
Бразилия жеріне адам неолит дәуірінде қоныстанған.16 ғасырдың басына дейін бразилия жерін тупигуарани,тупинамбас,ботокуд тамойос,короадос, т.б. үндіс тайпалары мекендеген.Олар аңшылықпен,балық аулаумен,жер өңдеумен шұғылданады,темекі,какао, т.б. дақылдар өсірді.1500 жылы Бразилия жағалауына португалдық П.А.Капрал келіп түсті де,өзі тапқан жерді Португалия иелігі деп жариялады.Ол паубразил атты құнды қызыл ағашты Бразилиядан Португалияға тасып,елдің аты осы ағаштың атынан шыққан. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Бронх демікпесі

Бронх демікпесі – бронхтың созылмалы аллергиялық қабынуы. Ол бронхтардың гиперреактивтіктілігі және жайылмалы бронх обструкиясының әсерінен пайда болатын, кезеңді қайталанатын тыныстың тарылуы және тұншығу стамаларымен сипатталады. Бронх демікпесі бронхконстрикциясына, шырыш гиперсекрециясына және бронхтің ісінуіне байланысты дамиды. Бронх обструкциясы емнен кейін немесе кенеттен өзі қайтуы мүмкін.
Жіктелуі: экзогенді, эндогенді, аспиринді, жеке стероид тәуелді болып бөлінеді.
Бронх демікпесі ауырлык дәрежесіне қарай да жіктеледі. Оның жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр түрлері бар.
Жеңіл демікпе - белгілері: сирек қысқа түрде өтетін тұншығу ұстамалары (айына 1 реттен аз). Олар кенеттен немесе бір рет қабылданған бронхолитиктердің әсерінен қайтады және физикалық күштемені жақсы көтереді. Ремиссия кезінде жалпы жағдайы өзгермейді, сыртқы тыныс көрсеткіштері қалыпты күймен тең.
Орта ауырлыңтағы ұстамада түншығулар айына 3-4 рет қайталанып, тыныс қызметі мен қан айналымының бұзылыстары байқалады: тахипноэ, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы.
Ауыр түрінде - тұншығу ұстамалар жиі (күнде не апта сайын) болады. Олар өкпенің кернелуімен, ентігумен, тахикардиямен сипатталады. Қарап-тексергенде – тері кабаттары бозғыл – сұр түсті. Еріндерінің, ауыз айналасының, құлақтарының және саусақтарының көгеруі байқалады. Қақырық шығаруы қиындаған жөтел, дем шығаруы шулы және ұзаққа созылады. Дем шығарғанда кеуде клеткасы тартылып, бұлшық еттер қатысады.
Клиникасы. Бронх демікпесінде тұншығу ұстамасы пайда болады, экспираторлы ентікпе, науқас ортопноэ қалпында отырады. Дем алу актісіне бұлшық еттер қатысады, мұрын калқаларының кернелуі байқалады. Тері қабаттары, мұрын ауыз үшбұрышы көгереді. Аускультация жүргізгенде өкпеде көптеген құрғақ, кейде орташа көпіршікті ылғалды сырылдар дем шығару кезінде естіледі.
Жалпы жағдайына және тыныс алуының қиындауына қарай бронх демікпе ұстамасы үш ауырлық дәрежесіне бөлінеді (кесте). ....
Рефераттар
Толық

Тарих | БУМЫН ҚАҒАН

Бумын қаған (? – 552 ж.) - түркілердің өздері «Мәңгі ел» деп атаған әйгілі Бірінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушы тарихи ұлы тұлғалардың бірі. Оның алғаш тарихқа танылуы түркі еліне Батыс Вей империясының елшілерінің келуімен тікелей байланысты. Бұл кезде түркі елі Жыужән қағанатының құрамындағы, соларға темір кенін өндірумен айналысатын бодан ел болатын. Бумынның бұл кездегі билік лауазымы ұлы йабғу (даиеху). Оған ол түркі елінің басшысы болған әкесі Ту (Туву) өлгеннен кейін, мұрагерлік жолмен ие болған.
Кезінде хатталып, қағаз бетіне түспегендіктен, Батыс Вей империясынан елші келгенге дейінгі түркі елінің де, оның басшысы Бумынның да тарихы белгісіз. Сондықтан да болар тарихшылар ортағасырлық түркілердің тарихын, шартты түрде, осы елшілер еклген да тун жылнамасының он бірінші жылынан, яғни 545 жылдан бастайды.
Елшінің келген мақсаты түркілердің Батыс Вей империясының бақталасы Шығыс Вей империясының одақтасы болып отырған Жыужән мемлекетіне қарсы қойып, қарсыластар күшін әлсірету әрі оларды күресте өздерінің жақтасы ету болатын. Бумынның аса ірі саясаткер, көреген басшы екенін танытатын тұс та, міне, осы кез. Ол алып империяның айдапсалына елігіп, билікке таласушылардың қол шоқпарына айналмай, өз саясатын жүргізе біледі.
Асылы, Бумын өзін империя қолдайды екен деп, аңдаусыз аяқ басудың апатқа ұрындырарын мейлінше ұққан сақ жан. Жылнамалар жеткізген тапшы деректер осыны дәлелдейді. Ол Батыс Вей секілді империяның қолдауын пайдаланып қалайын деп, телылар сияқты жанталасып, бірден атқа қонбайды. Батыс Вейдің елшісі кеткеннен кейін оларға өзінің елшісін жіберіп, бар жағдайды өз адамдары арқылы толық біліп алады. Күресте көмектеседі деген империясының өз көмегіне зәру мүшкіл хәлін көреді. Азаттық күресінде тек өз күшіне ғана сүйену керектігін, қазіргі жағдайында қыздырманың тіліне еріп, қарсы шыққанменен, дәуірлеп тұрған жыужәндарды жеңуге шамасы жетпейтінін түсінеді. Сол себепті де ол ешкім күтпеген әрекетке барып, жыужәндарға қарсы жорыққа аттанған телы тайпаларын қолдау орнына, оларға тосыннан тиісіп, бүкіл елін өз қарауына қосып алады.
Бұл ретте «Жыу кітабы» (Жыушу): «Осы кезде (546ж.) телылар жыужәндарға қарсы жаза жорығына шығады. Тумын (Бумын) өзіне қарасты тайпаларды бастап, оларға орта жолда бүйірден тиісіп, талқанын шығарады. Сөйтіп 50 мың түтіндік бүкіл елін бағындырады» деген дерек береді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын Бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін-бірі түсінбес еді ” – деген болса, оның әріптесі П. Самуэльсон “Біздің ғасырымыз - машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады ”, - дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р.А. Фаулки “Есеп – барлық бизнестің тілі, яғни философиясы”, - деп айтса, Л. Фон Мизес “Есеп – бұл бизнестің ар-ожданы, ұяты”, - деп жазған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды”, - деген сөздің жайдан-жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметтерін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланатын болса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез-келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Бухгалтерлік есептің мәні

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:
• қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым- қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады;
• өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп объектілері болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
• өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі шығындар (буып- түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді;
Қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың сақталуын бақылауды дұрыс ұйымдастыру жіктеу қажеттілігіне байланысты болады.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі.
Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктесек, субъектінің құралдары айналымнан тыс және айналымдағы болып екіге бөлінеді. Айналымнан тыс қаржылар өзара үш топқа жіктеледі: негізгі құралдар (ғимараттар, үйлер, машиналар мен жабдық, транспорт құралдары, шаруашылық және өндірістік мүлік т.б. ), материалдық емес активтер (лицензиялар, патенттер, бағдарламамен қамтамасыз ету, т.б. ), ұзақ мерзімдік қаржылар. Ал айналымдағы қаржылар- өндіріс процесінің құралдары (шикізат пен материалдар, отын, жартылай өнімдер, бітпеген өндіріс, дайын өнім) және айналымдағы процесс құралдары (кассадағы, есепшоттағы және банктегі, басқа шоттағы қаражат, қысқа мерзімдік құнды қағаздар) болып екіге бөлінеді. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Бухгалтерлік есептің мәні мен мазмұны

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:
• қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым- қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады;
• өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп объектілері болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
• өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі шығындар (буып- түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді;
Қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың сақталуын бақылауды дұрыс ұйымдастыру жіктеу қажеттілігіне байланысты болады.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі. ....
Рефераттар
Толық