Мұқағали Мақатаев (Соқ, жүрек)

Қалай-қалай соғасың, қан жүрегім?!
Соғасың, әлі өмірің бар білемін.
Дем ала ғой, байғұсым, дем ала ғой,
Бұл тірлікте құмарым қанды менің.

Мазалама кеудемді, ойнақ салып,
Хал жоқ менде....
Өлеңдер
Толық

Сәкен Сейфуллин (Оқжетпес)

Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан,
Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.
Бір шың бар етегінде тіп-тік найза
Адамзат жасағандай құйған тастан.
Сүп-сүйір бейне найза шың, құз, биік,
Төбесі кейде тұрад бұлтқа тиіп.
Қарасаң етегінен шың басына,
Тақияң жерге түсед тұрған киіп.
Тіп-тік шың көкке қарай кеткен бойлап,
Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап.
Жалғыз-ақ шың ....
Өлеңдер
Толық

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). 1969 — 75 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья.......
Рефераттар
Толық

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Жоқтау)

Бұрынғы жоқтау үлгісі.
Алты атасы бай өткен,
Алты атанға жүк артқан.
Жеті атасы бай өткен,
Жеті атанға жүк артқан.
Ұяда сұңқар түлеткен,
Қияда сұңқар....
Өлеңдер
Толық

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Соқыр, саңырау және жалаңаш)

Жалғанда таппай бiр жар жалғыз жүрдім,
Кез болмай мен иеме далаға үрдім.
Айтқанмен көп соқырға кім нанады,
Дегенмен жұрт көрмеген бiр iс көрдім.

Болғанмен жүрген жерiң мидай тақыр,
Таусылу жүре берсең бар ғой ақыр.
Болғаннан дүние - дүние....
Өлеңдер
Толық

Алтын санаған аштан өледі

Қай заманда өткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан көзі қарайып, басы ауған
жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы мендеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп:
– Оян! – депті.
– Өзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертөленің орны бар. Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің былғары сақтияны.....
Ертегілер
Толық

Қалқаман Сарин (Оқырман қыз)

Оқырман қыз,
Өмірде алыс,
Өлеңде жақын жанбыз.
Түнге сіңіп тағы да
Ай жүзінен
Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз.

Сен ше, қарғам?
Мұңаймашы,
Түспесін еңселі....
Өлеңдер
Толық