👈 қаріп өлшемі 👉

Қалқаман Сарин (Оқырман қыз)

 Қалқаман Сарин (Оқырман қыз)

Оқырман қыз,
Өмірде алыс,
Өлеңде жақын жанбыз.
Түнге сіңіп тағы да
Ай жүзінен
Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз.

Сен ше, қарғам?
Мұңаймашы,
Түспесін еңселі арман.
Ықыласын бір саған аударар ем,
Ыңғайыма осы бір көнсе жалған.

Амал нешік?..
Сансыз арман сарылып санамда өшіп
Дәруіштей дәрменсіз күй кешемін,
Көңілімнің көгінде ғалам көшіп.

Аңғалым-ай!
Жағымды бір болар ма ең, жанға бұлай.
Қалам ұстап қолыма сәл мұңайсам,
Саған ұқсап кетеді жап-жарық Ай!

Мөп-мөлдір шық,
Жанарыңнан жас болып кеткенде ыршып,
Жұбанышың болар жыр жазсам, шіркін,
Жүрегіңнен жарғандай КӨКТЕМ бүршік.

Оқырман қыз...
Өмірде алыс,
Өлеңде жақын жанбыз.
Түнге сіңіп тағы да
Ай жүзінен,
Мұң көшіріп ақының отыр жалғыз...

Оқырман қыз...

Фото: Фания Газизова

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» “12 жастағылар үйленді”: Елдің қызу талқысына түскен ерекше ерлі-зайыптылардың кім екені белгілі болды 20.01.2022
» Тұңғыш президент – Елбасы туралы заңға өзгеріс енгізіледі 20.01.2022
» "Қазақстан халқына" қорынан қалай көмек алуға болады? Болат Жәмішев жауап береді 20.01.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы