Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Айсұлу) » ZHARAR © 2017 | қалқаман сарин Айсұлу өлең , қалқаман сарин өлеңдер жинағы , қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин




  • »

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Айсұлу)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Айсұлу) казакша Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Айсұлу) на казахском языке

Арқанын керім кешінде, жаным, кездестік,
Сұлуды көрсем жан емес едім сезбес түк.
Білектей бұрым, беліңе дейін бұралып,
Төгіліп тұрды. Көрініп тұрды көзге ыстық.

Қызарып барып кірпігін Күн де жапты әрең,
Жарық жалғанмен қоштасып үнсіз жатты әлем.
Жұлдызды аспанды жанарына алған сыйдырып,
Айға ұқсап туған арманым, неткен, әппақ ең!

Балдай қылығың бағаңды бірден арттырып,
Жанымды өртедің, жанарыңды оттай жалт бұрып.
Әппақ арманым, бұрала билеп жүрдің сен,
Қап-қара түнге қара бұрымды лақтырып.

Жұлдыздың бәрі жымың қаққанда бізді аңдып,
Әлдиге бөлеп Ай нұрын төкті Ізгі ән ғып.
Көшенің көкшіл шамынан сонда шошынып,
Сәулені сүйген сәби сезімді қызғандық.

Балауса сезім көңілге сеуіп балдай мұң,
Батқан күнменен кеткендей көшіп бар қайғым.
Жүзіңнен сенің үзіліп түскен нұрменен,
Үлбіреп тұрған үміттерімді жалғаймын.

Сыңар боп туған шығарсың мендік мұңмен сен,
Шіркін-ай саған аспаннан үзіп гүл берсем.
Тұп-тұнық түнде бір жұлдыз ағып түскенше,
Арман жоқ саған сертімді беріп үлгерсем...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 2 643
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .