«Алпамыс батыр» жыры қазақ халқының ауыз әдебиетіне жатады және жырдың қазақша бірнеше нұсқалары бар. М. Ғабдулин «Алпамыс батыр» жырының жиналуы мен зерттелуі тураы былай деп жазады: «…«Алпамыс» қазақ еліне, әсіресе оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айту арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 - жылы Қазан қаласында бастырып шығарды. Содан кейін жырдың осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылды. Жырдың бұл вариантында айтылатын негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы. Ұлтанды жеңуі жайында болатын…» (М.Ғабдуллин,«Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Алматы, «Мектеп» баспасы, 1974- жыл, 169 -170 беттер). Алпамыс батырдың қалмақтармен соғысқан сәті жырда былай суреттеледі: … Астында Шұбар секірді, Жазым болып кетер деп, Үстінде бала бекінді, Шынжыр арқан,темір тор, Жүн- жүн болған секілді. Тағы шұбар бұлқынды, Үстінде бала жұлқынды, Қамалап тұрған қалмаққа, Жалғыз бала ұмтылды. Енді қалмақ сасады, Қақпаның аузын ашады. Біріне бірі қарамай, Қақпаға құлып сала алмай, Бет бетімен қашады. Алдыңғы жағын қалмақтың Арт жағы келіп басады… …Көк орданың басында, Көк өзеннің қасында, Тайшық хандай ханына Алпамыс берен айқасты. Қарсыласып қалысты, Тайынбай найза салысты. Біріне бірі ылағып, Екі найза қағысты. Осы менен екеуі Біраз жерге барысты. Найзаларын тастасып, Қылышпенен салысты. Ат үстінен жүгіртіп, Бірін бірі шабысты… («Алпамыс батыр», «Қазақ әдебиеті» (хрестоматия), құрастырушылар: Т.Ақшолақов, Ә.Қанафин, М. Хасенов, Алматы, «Мектеп» баспасы, 2001 -жыл, 89 бет).....
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. ....
Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай: 1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту. 2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту. 3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру. 4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. ....
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары
Перспективалық жоспар Ересектер тобы Қыркүйек айы Өтпелі тақырып «Балабақша» Мақсаты: Бала бойында балабақшаға деген құрмет, достарына, ересектерге сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Жақын айналасын бағдарлай білуді үйрете отырып, бірлескен түрлі іс - әрекеттерге деген қызығушылықтарын дамыту. Міндеттері: -«Денсаулық» білім беру саласы: Балалардың дене сапаларын қалыптастыру арқылы қимыл - қозғалыстарын дамыту. Салауатты - өмір салтын ұстану туралы түсініктерін дамыту, өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, өзге адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу. - «Коммуникация» білім беру саласы: Балалардың белсенділік сөздік қорын дамытып, дыбыстар туралы түсінік беріп сауаттылыққа тәрбиелеу, әңгіме құрастырып байланыстырып сөйлеуге үйрету, достықты бағалауға, достаса білуге тәрбиелеп, театр өнеріне баулу. Орыс тілі, ағылшын тілінде сөздердің аудармасын түсініп, жауап беруге үйретіп, есте сақтау қабілеттерін дамыу. .....
Кіріспе География оқу құралы ретінде – білім жүйесінің белгілі дидактикалық негізінде іскерлік пен дағдыдан құралған, ғылымдардан сұрыпталған, негізі мектептің оқу жоспарында қарастырылған, оқушылардың білім беру мен тәрбиесін дамыту болып табылады. Мектеп географиясында физикалық география жаратылыстану пәндерінің цикліне, экономикалық география-гуманитарлық пәндер цикліне жатады. Мектепте оқытылатын физикалық географияның оқу жоспарына Жер туралы ғылым, бірінші кезекте физикалық география енеді. Олар: жалпы жер тану, шетелдер, ТМД, Қазақстаннң аймақтық физикалық географиясы, геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақтану, геоботаника, зоогеография т.б. картография және бірқатар аралас ғылым салалары – геология, метеорология. Мектептің экономикалық географиясы қоғамтану курсымен бірге оқушыларға экономикалық білім береді. Оқу жоспарында экономикалық география ғылымдарын оқыту қарастырылған. Қазақстан мен ТМД-ның жалпы және аймақтық экономикалық географиясы, халықтар географиясы, саяси география, сонымен бірге бірқатар экономикалық ғылымдар - өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылығы, транспорт, статистика және демография. Ғылымның негізін құрайтын көптеген және әр трүлі материалдардың ішінде ең керектілері ғана мектеп географиясының курсына енгізіледі.....
КІРІСПЕ Барлық ғалымдар сияқты лингвистика ғылымының негізін оның ұғымдар жүйесі қалайды. Сондықтан тіл дамыту сол тілдік ұғымдардың қалыптасуына байланысты. Оқыту үрдісіне ұғымдардың пайда болуы мен құрылысы, олардың материалдық дүниесінің заттарымен, құбылыстармен байланыстарын ашу – мұғалімнің бірден-бір міндеті. Тіл білімінигертудің мақсатын оқу бағдарламасында "...тіл ұстарту, тіл дамыту, тіл ширату, логикалық ойды кеңейту, дамыту жұмыстарында тілден алған теориялық материалды дұрыс пайдаланады", - деп атап көрсетеді. Қандай да болмасын білімді игеру, тынымын кеңейту, соның ішінде лингвистикалық білімді игеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастырып, тілін дамыту ойлау амалдары негізінде қалыптасады. Сол себепті тілді оқып үйрену грамматикалық ұғымды қалыптастыру мен оны терең танымдық дәрежеге жеткізуден, тіл заңдарын, анықтама, тұжырым, нормаларды түсініп, дәлелдей білуге үйретуден және оны нақтылы іс-әрекетке, жаттығу, орындауға қолдана білуден тұрады. Оқушы айнала қоршаған шындықты сөз ұғымы арқылы бейнелейді. Ұғымды қалыптастыру арқылы ой әрекетін жүргізеді де, оны тіл арқылы жеткізеді. Олай болса, баланың тілін дамыту үшін, ең алдымен, тілдік ұғымдар қалаптастырылады. Табиғатты кез-келген зат, құбылыс, заңдылық болсын ол оқушыға дұрыс жетуі және түсіндірілуі үшін мұғалімнің өзі олармен жете таныс әрі оның қасиеттерінен жан-жақты хабардар болуы керек. ....
КIРIСПЕ Қазiргi кезенде тәрбиенiң ықпал жасау өрiсi кеңейе түсуде. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтiк өмiрге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық - тарихи тәжiрбенi ңрету процесi. Тәрбие жайында осы уақыта дейiн әр түрлi теориялар мен пiкiрлер айтылып келедi. Тәрбиесiн ересек адамдардың балаларға ықпал жасау деп түсiндiрушiлер де бар. Бұл жағдайда бала пассивтi объект түрiнде қарастырылады. Ол педагогикалық процестiң субъектiсi бола алмайды, яғни, өздiгiнен ойланып, белсендi iс - әрекет жасау рөлiн атқармайды. Тәрбие баланың өздiгiнен табиғи және еркiн дамуы үшiн жасалатын жағдай деп анықтама берушiлер де кездеседi. Кейбiреулер тәрбиенi практикалық тұрғыдан бiр жақты жалаң тәжiрибеге сүйенiп түсiндiредi. Олардың айтуынша тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейiмдейдi, өзiнiң күнiн көруге пайдасы бар бiлiмдi, iскерлiктi және дағдыны меңгеруi қажет дейдi. Тәрбие жайында К.Д. Ушинский: “… мектеп, тәрбиешi және ұстаздар – адамның тiптi жалқыз ғана тәрбиешiлерi емес, оның сонша күштi, ал мүмкiн және әлдеқайда күштi тәрбиешiлерi: табиқат, үйелмен, қоғам, халық … және оның тiлi болады,” - дейдi. “Тәрбие” терминiн әрдайым тар мақанада “тәрбиешi тәрбиелейдi, кең мақынада өмiр тәрбиелейдi” деп қолданады. Тәрбие - көптiң iсi. Сондықтан тәрбие мәселелерiмен кәсiп - одақ ұйымдары, еңбек ұжымдары, әлеуметтiк орта, мектеп пен ата - ана, бүкiл жұртшылық болып айналысады. Тәрбие арқылы және адамның дүниеге ғылыми - материалистiк көзқарасы, мiнез - құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттерi қалыптасады. ....