Ойнаймыз!

Ойнаймыз да, күлеміз,
Бар ойынды білеміз.
Күнде де, түнде де,
Ойнап біз жүреміз!!!
Тақпақтар
Толық

Керемет қой аналар

Аналарды теңейміз ғой құндызға,
Күнге де, айға да, жұлдызға.
Өмір бақи анаменен
Бақытты ғой ұл-қыздар!!!
Тақпақтар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Бөкеннің абыройы


Бөкеннің бір мінезі кімнің жанына жақын жүрсем, абыройды көбірек жинаймын, кімнің жанында көбірек сөйлесіп тұрсам, абыройлы көрініп тұрамын, кіммен байланыс орнатсам, абыройым асқақтай түседі деп жүруші еді. Кейде осы адам баласын алалағандай болғаным несі деп Бөкен өз-өзіне іштей ренжісе де, бала кезден қалыптасып кеткен осы әдетін қоя алмады.

Бөкен дәл қазір клубқа концертке келіп тұр. Бірақ концертке кірместен бұрын клубтың есігінен сығалап, кімнің жанында отырсам, абыройды көбірек жинаймын деп ойланып тұр. Көпшілік жинала бастаса да, концерт әлі бастала қоймаған кез. Бөкен сондықтан асықпай ойланып тұр. Көзі алдымен алдыңғы орындықта отырған Нүкеңе түсті. Нүкең - ел ағасы болып жүрген азамат. Нүкеңнің жанында отырғаннан абыройсыз бола қоймас еді. Бірақ Нүкеңнің өзі "әй, Бөкен, бері кел, менің жаныма отыр" деп шақырып жатпағасын, Нүкеңдей адамдардың жанына барып, әй жоқ, шәй жоқ, жайғаса кеткені абырой бола қояр ма екен? Мұндайда Нүкең не ойлайды, қарап отырған сырт жұрт не ойлайды? Жоқ, отыра алмас. Нүкеңдей кісілерге жақындау жүрудің де бір ыңғайы келер. Бөкен осылай ойланып тұрып, көзімен балуан жігіт Сейтекті де, дәрігер жігіт Қапарды да, сатушы кербез келіншек Ақбілекті де, кішілерге үнемі тәлім айтып жүретін құрметті демалыстағы зейнеткер Салиха апайды да, мұғалім жігіт Зейнелді де, өзімен құрдас есепші Халидолланы да бір-бір шолып өтті. Бәрінің де жанында отырғаннан абыройсыз бола қоймас еді.

.....
Әңгімелер
Толық

Ақындығымның арқасында әскерде абыройлы болдым

Киелі Ертіс-Баян өңірінің табиғаты қаншалықты сұлу болса, осы елде өсіп-өнген ақындары да соншалықты сырлы болып келеді. Баянтау баурайындағы қарапайым малшылар отбасында өмірге келіп, туа біткен табиғи талантымен әдебиет әлемінен өзінің орнын тапқан ақын, журналист, сатирик Сүлеймен Баязитовтің есімі жұртшылыққа жақсы таныс. Оның журналистік жолдағы еңбегі алғаш Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінде басталды.

Одан соң облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде қызмет істеп, кейін ұстаздық жолға түскен. «Жасыбай батыр», «Хан ием», «Құдіреті күшті бір Алла» сынды он шақты кітаптың авторы. Сонымен қоса, үстіміздегі жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақмыс» корпорациясының бірлескен жобасы – республикалық «Балауса» жыр мүшәйрасының үшінші орын иегері. Ақын ағамыз биыл асқаралы 70 жасқа толып, ұрпағының қызығын көріп отыр. Осыған орай жерлес жазушымен жүздесіп, сұхбаттасып қайтқан едік.

- Ассалаумағалейкум, Сүлеймен аға! Алдымен балалық шағыңызға бір сәт саяхат жасасақ?

- Мен 1944 жылы Баянауыл ауданына қарасты Ж.Шанин атындағы елді мекенде колхоздың малшысы Баязит ақсақалдың отбасында өмірге келіппін. Мен туғанда қар аралас жаңбыр жауып, тас балағанның төбесінен су ағып тұрыпты. Ол кезде қойшылар қандай жөні дұрыс үйде тұрды дейсің? Әйтеуір баспана деген аты болмаса...

Ал балалық шағың қалай өтті дейтін болсаң, өмірдің соқпағына ерте түстім, кішкентайымнан қара шаруаға жегіліп өстім. Өзім өмірге келген жердегі жеті жылдық мектепті тәмамдадым. Мектеп бітірген соң біраз уақыт қой бағып, сиыр өсіріп, малшыларға көмекші болдым. Бұл сол тұстағы кез келген баланың өмірінен өтетін үлкен сындардың бірі еді. Сол арқылы көндігіп, өмірдің сырын ұқтық, қиындыққа төзуді үйрендік. .....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Ойын баласы

Ер балалар әдетте қыз балалармен қосылып ойнай бермеуші еді. Бұған үлкендердің ер балалар қыз балалардың ойындарын бұзбасын деп, қадағалап, ескерту жасап жүрулері де себепші болса керек. Үлкендердің тарапынан алдымен қыз балалардың сөзі сөйленіп отырады ғой. Сондықтан ер балалар үлкендерден жасқанады. Мұның өзі әу баста ұлттың табиғатында, дәстүрінде бар дүние болса керек.

Қыздар болса, көктем шыға бере, жерге сызып ойнайтын бір ойындарды ойнап жатушы еді. Дегенмен баланың аты бала емес пе, ер балалар кейде қыздардың ойнап жатқан жерлеріне жақындап: "Біз де ойнап көрейікші!" - дейді. "Кетіңдерші, ей, ойнай алмайсыңдар!" - дейді қыздар. "Ойнай аламыз, ей!"

Ер балалар қыздар секілді епті ойнай алмаушы еді. Кейбіреулері аюша қорбаңдап сызықтарды басып кетеді. Сол-ақ екен, қыздар наразылық танытып, шу ете түседі:

- Шығыңдаршы! Сызықтарды өшірдіңдер ғой!

Ер балалардың мысы құрып, қыздардың мына қылығына ызасы келіп-ақ тұрады.

- Қойыңдар бұларды! - дейді ер балалар. - Бұлар ешкі құсап секектегеннен басқа не білуші еді?! Одан да өзіміздің ойынымызды ойнайық.
.....
Әңгімелер
Толық

Ғабиден Қожахмет | Баянда ойналған әуен


Қожабақы ауылы жайлы ертеректе шыққан "Сағындым сені, Арандым" деп аталатын ән бар. Бұл - ауыл жайлы ән.

Аранды - бұлардың ауылының тұсындағы қырдың аты. Аранды қыры ауылдың төлқұжаты секілді. Ауыл сол қырдың етегінде жатыр.
Өзінің де бір өлеңінде жазғаны бар еді:

Аранды қыр - даланың тауы мұнда-ай,
Дарқан мінез даладай қауымыңда-ай.
Биігіңнен көз салсам атырабыңа,
Қожабақы көлбейді бауырыңда-ай.

Аранды жайлы әннің сазгері Досекең мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі болып істеді. Аталмыш әнді шығарған автор. Өлеңін ауылдан шыққан ақын-журналист азамат жазған. Кейіннен аудандық баспасөз саласына ауысып, Қазалы аудандық "Қазалы" газетінде жауапты қызметтер атқарған бұл азамат ол кезде ауылда арнаулы орта білімді дәрігер болып істеген.
.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Өнегелі ойға толы туындылар

Қазақ даласы, оның ішінде Баянауыл өңірі, қашанда біртуар тұлғаларға кенде болған емес. Дегенмен, «жүйрікте де жүйрік бар, әліне қарай жүгірер» демекші, сол сом тұлғалардың арасында тәңірі өлшеусіз өнермен телегей теңіз білімдарлықты қатар сыйлап, ол аз десеңіз тылсым сырлы дүииенің сан қатпарлы құпия сырын көңіліне түйдіріп, ғайыптан болжап сөз айтар әулиелікті қатар сыйлаған санаты саусақпен санарлық дара тұлғалар бар. Олардың халқымыз-дың сан ғасырлық тарихынан алар орны тіптен ерек, тіптен бөлек.

Соның біз білетін бірі де, бірегейі де- Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Оны жұрттың дені ең бірінші кезекте ғайыптан болжап сөз айтқан, сол айтқандары әманда айна қатесіз келгем көріпкел әулие деп біледі. Бұлары заңды да.

Мәшекең көзі тірісінде зират үйін салдыртып, қабырын қаздыртып қойды.

— Мұныңыз қалай, артыңызда Аллаға шүкір ұрпағыңыз, қала берді өзіңізді құрмет тұтқан халқыңыз бар емес пе. Олай-бұлай бола қалсаңыз, ел қатарлы ақ жуып, арулап қоймай ма, -дегендерге: .....
Әңгімелер
Толық

Мұғалім кәсібі туралы ойлар


Мұғалім! Осы сөзді айтқанда, естігенде жүрегіңе жылулық сезімі ұялайды. Иә, мұғалім – мақтан тұтар мамандық. Өмірдегі көп мамадықтардың ішіндегі жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін де осы ұстаздық мамандығы.

«Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі бір пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары, беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның бойындағы білім мен ақылы, ойының қуаты талай «тентекті» жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп , ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді, болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деп Бауыржан Момышұлы айтқан екен. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель», десе, Жамбыл Сүйінбайды, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп шексіз құрметеп өткен. Бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық білім балаға жазу-сызуды, оқуды үйретсе, бүгінгі мұғалім оқушыларына ғылым негізінен мәлімет беріп қана қоймайды, оны дүние жүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейді. Бұл нағыз – ұстаздың ғана қолынан келеді. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Оқшау ойда ой салар тұстар көп

Жүрдек қаламды сергек ойлы журналистер қашанда кез келген газеттің айдынын асырып, абыройын асқақтатқан. Бұл кеше де, бүгін де солай. Солай болып қала да бермек.

Тек кеше газеттегі билік басындағылар қарамағындағы қалам ұстаған жас журналистерге: «Сендер газеттің партиялық орган екенін, цензура барын неге ұмытасыңдар осы»,­ – деп тілші байғұстың айтпақ ойын өзінше шұбарлап, бірін- бірі сәулелендіріп тұрған сөз тіркестерін сызып тастайтын.

Әдеби тіл, көркем ой, олардың бағамдауларынша, сол кездегі «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде ғана орын алуға хақылы болатын. Бұл күнде сол тәртіп келмеске кеткен. Оған біз өзіміздің «Сарыарқа самалы» газетінің әр санында тұрақты берілетін «Оқшау ой» және де басқа да айдарларындағы материалдарды оқу арқылы көз жеткізіп отырмыз. .....
Әңгімелер
Толық