Аспаз бойжеткендерге арналған кеңестер

✅ 1. Көптеген тамақ мәзірлерінде «бір шымшым ванилин немесе ас содасын қосыңыз» деп көрсетіледі. Бірақ оларды көп қосып қойғаннан, мөлшерлеп немесе аз салған дұрыс екенін ұмытпаңыз.

✅ 2. «Құмшекерлі» қамырды ұзақ уақыт илей беретін болсаңыз, нан қатты болады.

✅ 3. Бисквит қамырды бірден пісірмесеңіз, құрамына ауа кіріп, дәмін жоғалтады.

✅ 4. Пирогтың піскенін білу үшін арасына ағаш таяқша кіргізіңіз. Егер құрғақ болса, дайын болғаны. ......
Кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Психология | Психодиагностикалық талдау жүргізуге қойылатын талаптар

Психологиялық қызмет көрсетуді теориялық және практикалық жағынан кеңес психологтары (А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.а. Вяткин, Н.Н. Обозов, В.В.Рубцов, Т.И.Шульга және т.б) И.В. Дубровина жетекшілігімен лабораториядағы әріптестері (А.Д.Андреева, Н.И.Гуткина Н.Н. Толстых және т.б.) білім беру мекемесіндегі осы қызметті дамытудың ғылыми өзектілігін және бағытын көрсетті.
Осы мақсатта білім беру жүйесінде практик психологтар қызметінің көрсеткіштері туралы төл тіліміздегі әдебиеттердің жетіспеуі.
Осы кітап психологиялық қызмет көрсетудің алғашқы бағыты - психодиагностикаға арналады. Психодиагностикалық жинаққа Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының Ғ.Мұратбаев мектеп – гимназиясының (психолог Салихова С), Тараз қаласының Жамбыл атындағы №5 мектеп – зертханасы (психолог Мейірқұлова Н), №30 орта мектептің (психолог Берікбаева С.) тәжірибеде қолданылып жүрген психодиагностикалық зерттеулері негізге алынды
Бұл психодиагностикалық жинақ бөлімдері төмендегідей:
1. Мектепке дейінгі кезеңдегі психодиагностика.
2. Кіші сынып жасындағы психодиагностика.
3. Жеткіншек жас кезеңдегі психодиагностика.
4. Жас өспірімдік шаққа психодиагностика.
5. Ата – аналарға арналған психодиагностика.
6. Кәсіби біліктілікке психодиагностика. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Педагогика теориясы мен тарихындағы тәрбиенің мақсаты туралы ойлар

Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды.

Педагогика гректің «пайс»- балалар, «эгейн»-баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу ұғымдарынан шыққан. Ертедегі Грецияда өзінің қожайынының баласынгың қолынан ұстап, жетектеп, мектепке ертіп апаратын құлдарды педагогтар деп атаған.
Қоғамның даму формацияларының әр кезеңінде «педагогика» сөзі (ұғымы) кең, жалпы мағынада қолданыла бастады. Білімнің жетілуіне байланысты балалардың тәрбиесі туралы ғылым пайда болды.
Педагогика оқулықтарында, жекелеген ғылымдардың зерттеу жұмыстарында, сөздіктер мен анықтамаларды педагогика ғылымына берген анықтамалар көп және әртүрлі. Соларды жалпылай келе, қорытындылайтын болсақ, педагогика-тәрбие туралы ғылым болып табылады.
Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайывндағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным- мағлұматтары дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады.Адамзат қоғамының ғылым-білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ойландыратын өмірлік оқиғалар

1. Бүгін бір әріптесім екіншісін мазақ етті. Әлі күнге дейін көлігің жоқ, жұмысқа қоғамдық автобустармен жүресің деп күлді. Сәлден кейін сол әріптесім банктен несиесін шегере тұруын өтініп отырды. Өмір-ай...
2. Бүгін пациентіме баласының сол қолы кеміс болып туатынын айттым. Ал ол болса: «Мен баламның ерекше жаратылыс болатынын білгем» деді!!!
3. Бүгін бір таныс әйел қызы қайтыс болғанда қалай қиналғаны туралы айтып берді. Қайғыдан қан жұтып, есін көпке дейін жинай алмапты. Өмір тоқтап қалғандай. Жоқтау айтып, жылаудан өзін тыя алмаған. Бір күні түс көреді. Түсіне кішкентай қызы кіріпті. Екі үлкен шелекпен су әкеле жатыр екен. Әр қадамын әрең басып, әлгі шелектерді әупірімдеп қиналыспен әкеле жатқаны анық көрінеді. Анасы одан: «Не әкеле жатырсың?» деп сұрайды. Оған қыз «Сіздің көз жасыңыз, анашым» деп жауап беріпті. Сол түсті көрген соң танысым есін жиып, бекер жылауын тыйыпты.......
Кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Медицина | Қыз баланың, бойжеткеннің , әйелдің гигиенасы

Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы.
Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі - тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Жекеленген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы жағдайлары бар.
Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына,қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек.Әдетте, дені сау,шыныққан, спортпен шұғылданатын жақсы тамақтанатын қыз балаларда етеккір жақсы өтеді.
Жалпы сау қыз бала да етеккір келген кезінде жабығу сезуі мүмкін. Алайда бұл сырқат емес,қалыпты жағдай. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ой, физикалық жұмыстардан бас тартпау керек. Алайда ауыр физикалық жұмыстарды азайту керек.
Күнтізбе құрып, оған менструация басталу күнін, сосын ұзақтылығын және шамамен жоғалған қан көлемін ( орташа, көп, аз) жазып отырған жөн.Жоғалған қан мөлшерін салма ылғалдануы дәрежесі және оны алмастыру жиілігімен анықтауға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Қойма қызметкерлеріне арналған АЖО жетілдіру

КІРІСПЕ
Автоматтандырылған жұмыс орны - ол, маманның ақпараттық және есептеуіш қажеттіліктерін жедел қанағаттандыруын қамтамасыз ететін және оның жұмыс орнында орналасқан құрылғылық және программалық құралдар комплексі. Әдетте бұндай құрал дербес компьютер болып табылады. Қажеттігінше басқа да қосымша электрондық құрылғылармен жабдықталған, ал нақты айтқанда: дисктік жинақтауыштармен, баспаға шығаратын құрылғылармен, оптикалық оқығыш құрылғылармен және графика құрылғыларымен, басқа АЖО бір арнада жұмыс істеу құралдарымен, жергілікті есептеуіш тораппен және т.б. АЖО ортасында маманнан қосалқы және жүйелік программалау бойынша арнайы біліімді қажет етпейді. Одан зерттеліп отырған құбылыстың қолданушы аймағында бейімделу қабілетті болуы талап етіледі. Осымен қатар, АЖО негізгі қызметі – жұмыс орындарында ақпаратты орталықтандырылған, автоматтандырылған өңдеу, АЖО және дербес компьютер жергілікті тораптарына, сонымен қатар, ауқымды есептеуіш тораптарға кіру кезінде «өзіміздің» сәйкес мәліметтер базасын қолдану.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау және жетілдіру (АҚ «Казкоммерцбанк» мәліметтері бойынша)

Кіріспе
Қазіргі Респбликасындағы қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде эконмикалық және қаржылық ортларының қалыптасу процесі жалғасу үстінде. Осы жағайда экономикалық агенттердің арасындағы нарықтық қатынастар қалыптасып және экономиканың көптеген аспектіллеріне көзқарастар өзгеріп, олар жаңа тұрғыдан қарауда.
Бүгінгі күндегі қазақстанның экономикалық ғылымы негізінен өтпелі кезеңнің экономикалық мәселелерін зерттеуге жұмылдырып отыр. Соның ішінде, дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес банктік секторды қалыптастыру – ең бір өзекті мәселе болып табылады. Республикадағы банктік құрылымның таза мемлекеттік жүйесін дүниежүзінің көптеген елдерінде қалыптасқан екі деңгейлі жүйесіне өзгерту барысында банктік инфрақұрылымның дамуына сапалық тұрғыдан жаңа жағдайлар жасалуда.....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Қазақтың ұлттық ойыны және дене тәрбиесі

1. Ұлттық ойындардың тарихы мен сипаттамасы
1.1. Ұлттық ойындардың тарихи мағлұматтары мен мазмұны
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспанды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер тутызады.Дәл осындай жағдай қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихына да кятынасы болса керек.Халықтың ұлттық және спорггыкой-ыңдарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптастыру кезеңдері, тәрбиелік маңызы - халыктың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болады. Қазіргі кездегі тарих гылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүтінге дейін бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласынын жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойнап журген ұлт ойындарынын ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, карагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында деректер бар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Қазақтың ұлттық ойыны және дене тәрбиесі сабағында қолдану жолдарын анықтау және талдау жасау

1. Ұлттық ойындардың тарихы мен сипаттамасы
1.1. Ұлттық ойындардың тарихи мағлұматтары мен мазмұны
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспанды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер тутызады.Дәл осындай жағдай қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихына да кятынасы болса керек.Халықтың ұлттық және спорггыкой-ыңдарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптастыру кезеңдері, тәрбиелік маңызы - халыктың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болады. Қазіргі кездегі тарих гылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүтінге дейін бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласынын жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойнап журген ұлт ойындарынын ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, карагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында деректер бар.....
Курстық жұмыстар
Толық