Биология | Аналық жыныс безі

Аналық жыныс безі (яичник); (лат. ovarium - жүмыртқалық) — аналық жыныс жасушасы ( овоцит ) пісіп жетілетін және аналық жыныс гормондары түзілетін ұрғашы жануарлардың негізгі жыныс безі. Аналық жыныс безі (жұмыртқалық) — жануарлар организмінде құрсақ қуысында орналасады. Ол пішіні сопақ не дөңгелекше келген паренхималы мүше. Жүмыртқалық сыртынан сірлі қабық тың жалғасы — бастама эпителиймен (бір қабатты текше тәрізді эпителий) қапталған. Бастама эпителийдің астында тығыз дәнекер ұлпасынан .....
Рефераттар
Толық

Биология | Анастомоз

Анастомоз (гр. άναστομωσις — анастомоз, жалғама)- адам мен жануарлар организмдері мүшелері мен жүректі тікелей байланыстыратын негізгі (магистральды) қан тамырларының бүйірлік тармақтарының магистральды тамырлардан шеткей жатқан өзара жалгасы. Жалғама — күрылысы мен жалғану сипатына байланысты артерия доғалары, артерия торлары, ғажап торлар, тамырлар тораптары, артериола-венулалық жалғама болып бірнеше түрге бөлінеді. Артерия доғалары — бір мүшені қоректендіретін бірнеше артериолаларды өзара доға тәрізді біріктіреді. Қан тамырлары соңғы .....
Рефераттар
Толық

Биология | Анатомия

Анатомия (гр. ἀνα - үстінен + гр. τέμνω- кесем — бөлшектеу, кесу, іреу) — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зертгеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді: .....
Рефераттар
Толық

Биология | Анафаза

Анафаза (anaphasis; гр. апа — кері, тең; гр. phasis - фаза, кезең) [1] — жасушалардың митозды және мейозды бөлінуі кезінде жұп хромосомалардың жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай ахроматин үршығы жіпшелерінің көмегімен тең екіге бөлініп ажырау кезеңі[2]; хромосом жұрнақтары жасушаның қарама-қарсы полюстеріне ажырайтын ядроның күрделі бөлінуі кариокинездің үшінші кезең.....
Рефераттар
Толық

Биология | Ангион

Ангион (гр. angeion — тамыр) — адам мен жануарлардың тамырлар жүйесіне байланысты (қан тамырлары, лимфа тамырлары) қолданылатын термин .....
Рефераттар
Толық

Биология | Ангстрем

Ангстрем (қысқа таңбасы Å) — микроморфологияда қолданылатын ұзындық өлшемі.
1 Å = 10−10 м = 10−8 см = 0,1 нм.
Бұл өлшемді 1868 жылы А.Й. Ангстрем тым ұсақ құрылымдарды өлшеу үшін енгізген. Бұл термин морфология салаларында (цитологияда, гистологияда) электронды микроскопиялық зерттеулерде қолданылады .....
Рефераттар
Толық

Биология | Андрогамондар

Андрогамондар (андрогамоны); (androgamonum; гр. апеr — еркек; гр. gamonum — гормон тәрізді зат) — ұрықтану процесі кезінде сперматозоидтар бөлетін арнайы зат. Сперматозоидтар екі түрлі андрогамондар бөледі. I андрогамондар сперматозидтардың қимылын тоқтатады, ал II андрогамондарды лизин (еріткіш зат) деп атайды. Лизин табиғаты жағынан гиалуронидаза ферментіне ұқсас , яғни ол жұмыртқа жасушасының сыртқы көпқабатты фолликулалы қабығының фолликулалы жасушалары араларындағы желімдегіш зат — гиалурон .....
Рефераттар
Толық

Биология | Андрогенез

Андрогенез (көне грекше: ἀνδρός — еркек; көне грекше: γένεσις — шығу, шығу тегі) — ұрықтану кезінде жұмыртқа жасушасына ( овоцит ке) сперматозоид енгеннен кейін, ұрықтанған овоцит тің тек сперматозоидтың ядросымен ғана даму процесі . Бүл процесті "еркек партеногенезі" деп те атайды. Андрогенез көбіне ұрықтануға дейін овоцит ядросының кейбір жағдайларға байланысты ыдырап кетуі нәтижесінде, тек сперматозоид ядросының қатысуымен жүретін процесс . Қар. Гиногенез .....
Рефераттар
Толық

Биология | Андрогенетикалық ұрық

Андрогенетикалық ұрық (көне грекше: ἀνήρ — еркек; көне грекше: ἀνδρός — шығу, шығу тегі; көне грекше: zygotos — ұрық) — жұмыртқа жасушасы ядросын өлтіріп, оның орнына салынған сперматозоид ядросының басқа сперматозоид ядросымен қосылуы нәтижесінде ұрықтанған, яғни екі сперматозоид ядроларының қосылуы нәтижесінде пайда болған ұрық. Тәжірибе (Б.А. Астауров, В.П. Острякова-Варшавер, 1957 ж.) жібек көбелегі жыныс жасушаларымен жүргізілген. Тәжірибеде андрогенетикалық ұрық қалыпты дамыған .....
Рефераттар
Толық

Биология | Анеуплоидия

Анеуплоидия (көне грекше: ἀν - жоқ + εὖ — жеткілікті + πλόος — бірнеше есе + εἶδος — түр) — адам мен жануарлар организмдері жасушалары ядроларындағы хромосомалардың қалыпты жиынтығының өзгеруі; соматикалық жасушаларда хромосом саны гаплоидқа тең емес геномдық мутация.[1]
Анеуплоидия кезінде жасуша ядросы хромосомаларының қалыпты жиынтығына көп жағдайда 1 хромосома (моносомия) немесе сирек — 2 хромосома (нуллисомия) жетіспеуі, болмаса бір немесе бірнеше хромосомалар артық болуы мүмкін. Анеуплоидия адам мен жануарлардың бірқатар хромосомалық аурулары нәтижесінде өрбиді.

.....
Рефераттар
Толық