Педагогика | Жетімдік. Әлеуметтік жетімдік ұғымдарына сипаттама

КІРІСПЕ
«Шымшық балапанына жем тасып, өзі жеуді ұмытып, балапаны ұядан қанаттанып ұшқанда өзі өлетін көрінеді» дегенді оқығаным бар. Естуімше сәбилер үйіне кіргенде көздерінде, «Мені іздеп келмеді ме екен?» деген сұраулы мұң бар, жәудірей қараған бейкүнә сәбилерді көргенде шынашақтай шымшық құрлы бола алмаған олардың тасжүрек «аналарының» таңы қалай атып, кеші қалай батып жүргеніне таң қаламын.
Ет жүрегі – кішкентай сәбиінсіз қалай алаңсыз тамақ ішіп, қалай ұйықтайды екен?! Шырылдатып тастап кеткен періштесінің үні .., бір күнге не бір жылға емес, өмір бақилыққа тастап кеткен бөпесінің, ботасының назы... оның тас жүрегін жібітуге шамасы келмеді ғой.
Ет жүрек елжіреп езілмей, жүйке жұқарып, көңіл босамай тұрар ма. Онсыз да тағдырлары келіспеген бейкүнә бүлдіршендердің өміріне налып, соны білдірмеуге бар мейірім, ықылас, қамқорлығыңды жұмсауға тырысасың-ау. Сөйтсе де туған ананың махаббат мейіріміне жетер ме? Жетпейді ғой, жетпейді....
Курстық жұмыстар
Толық

Жетімдік

Жетім көрсең, жебей жүр,
Жесір көрсең, демей жүр.

Жетім баланың еншісі - қотыр тай.
Жетім баланың еншісі - жоғалған тай.

Жерде жетім жыласа, әуеде періште тітіркенеді.

Жетім бала өз кіндігінен өседі.

Жетімді желе, жесірді еле.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жетім баланың ойы

Ана деген бір керемет жан ғой. Сірә, ана сияқты еш адам саған қамқор бола алмас,- деп Мейірім өз әңгімесін бастады. Менің достарым өте көп. Олардың барлығының да анасы бар. Бірақ, жалғыз мен ғана ана мейірімі не екенін білмей өстім. Мен туған кезде, анам қайтыс болған еді. Солай мен әкем қолында тәрбиеленіп өстім. Әкем өте қатал , бірақ сабырлы жан еді. Алайда бала кезімнен бері, әкеммен сырласып көрген емеспін.

Менің есімім – Мейірім,- деп бар денесімен күрсінді. Мен осы жылғы мектеп түлегімін. Иә, мен болашақ студентпін. Оны мен мақтанышпен айтамын!

Бүгін соңғы қоңырау. Мектеппен қоштасу күні. Менің сыныбымдағы.....
Шығармалар
Толық