Сатиралық ертегі: Тазшаның хан болуы

Ерте кезде хан болыпты. Ханның қырық уәзірі болған. Бұл қырық уәзір хан не айтса, соны орындап отыратын еді. Бір күні хан шалқасынан жатып, өзінің ордасында өз-өзінен «тап» деді. Қырық уәзір тегіс жиналған болатын. Бұлар да жаман састы. «Не деп?» сұрай да алмады, ханнан қорыққанынан «қазір, қазір», – дей беріпті.

Хан:

– Егер таппаған күнде жарық көрейін деп, үміт етпеңдер, тез табу жағын көздеңдер, – деп, әмір берді.

Қырық уәзір жиналып: «Қой, қарап өлмейік, іздеп көрейік», – деп, атқа мініп, тұс-тұс жақтан іздеуге әрекетке кірісті. Барлық түсінгені сол – хан шалқасынан жатқанда айтты, ат жетер жерді тегіс аралады, ешбір «білемін» деген адам шықпады. Қырық уәзірдің салы суға кетіп, өлді деген осы ғой деп, еліне қайтқан. Ханның ордасына таянған кезде алдында бір қора қой бар бір қойшы жүр екен.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Хан мен кедей жолаушы

Алыс жерден иесіз даламен Бұхар шаһарына бір кедей жолаушы келіпті. Қалаға келген соң ол тұп-тура барып, ханның үйіне кіріпті. Ханның ауыз үйі салқын болған соң бұл жолаушы киімін шешіп, жайланып, демін алып, азығын жей бастапты. Ханның ауыз үйінде отырған жендеттер жолаушыны көріп, мұның ханның үйіне барып, кіргеніне қайран қалып, сасқанынан не қыларын білмей тұрып, ақырында, жолаушыны қуа бастапты. «Қумаңдар, дем алған соң өзім кетемін», − деп, жолаушы бұларға айтқанда, жендеттер жолаушыға ашу шақырып айтыпты: «Сен бұл арада неғып отырсың?», − деп. Жолаушы айтыпты: «Тамақ жеп алған соң, екі сағаттай дем алып, ұйықтап алып жөнелем», − деп айтыпты.

− Ей, әдепсіз кедей, көрмей тұрсың ба, бұл қонақ үй емес, менің сарайым! – деп, бұған хан айғай салыпты.

− Бұл үй сенің сарайың ба, Бұхардың ханы, айтшы, бұл сарайда бұрын кім тұрды? – деп, асықпай, ханға жолаушы сөз қайтарыпты.

− Менің әкем тұрды, − деп хан айтқанда:

− Бұрын, сенің әкеңнен бұрын кім тұрды? − деп, жолаушы айтыпты.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Әз-Жәнібек, Жиренше, Көсе

Әз-Жәнібек хан Сырдың оң жағында отырады екен, бір күні Сырдың сол жағындағы елге жарлық қылады:

− Байталдарым құлын тастап жатыр, айғырларының даусы маза бермейді, айғырларын қырсын! − дейді. Ел хан жарлығынан қорқып, сасады, жыйылыс қылып, ақылдасады. Жиналған жұрттың ішінен бір көсе шығып:

− Сендер саспаңдар, ханның жауабын мен берейін, маған бір түйе, бір кебеже, шашы қара, сақалы ақ бір шал, сақалы қара, шашы ақ бір шал және бір серке беріңдер! – деді.

Жұрт осы айтқандарын тауып береді. Содан кейін көсе ханға жөнеледі. Ханның ауылының шетіне келіп:

− Ханға жолыққан кісі қалай жолығады? – деп сұрайды. – Мініп келген көлігін кейін тастап, дауыс еститін жерден «сәлеумәлейкім, алдияр!» деп, қол қусырып барады, − дейді. Көсе ол айтқанды істемей, түйесіне мінген бойымен қасындағыларын алып, ханның үйінің тұсына барып, үшке дейін:....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Алдар Көсе мен Алаша хан

Баяғы Алаш алаш болғанда, сол уақыттарда Алаша деген кісі хан болып тұрғанда, Алдар көсе деген адам алдайтын біреу болған екен. Бір күні сол Алдар көсе Алаша ханға келіп айтыпты:

– О, тақсыр, менім бір өнерім бар, сізге айтайын деп келдім, – депті.

Сонда хан:

– Рұқсат, айта бер, қандай өнерің бар? – деді.

Көсе айтады:

– Тақсыр, мен алтынды егіп шығаратын өнерім бар. Егерде бір батпан алтын берсеңіз, мен сол алтынды егіп, сізге бір қызмет қылсам, – деді.

Хан көріп, айтады:....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Байды алдаған шал

Бұрынғы өткен заманда бір шал, кемпір және бір қызы болыпты. Бұлардың мал дегенде бес-алты ешкісі болған. Әр күні шал ешкісін бағып жүріп, ұйықтап қалып, қасқыр шалдың ешкілерін жатақ жеріне қуып кетеді. Шал ұйқыдан тұрып қараса, ешкілері жоқ. Сонан ізіне түсіп отырып, бір інге келеді. Шал қасқырдың інге әкеліп кіргізгенін білетін, қасқырды ұстап алмақшы болып, іннің аузында қапты қолына алып, аңдып тұрады. Біраздан соң қасқыр іннен шыға берген уақытта қасқырды қапқа салып алып, аулына қайтады. Өз үйіне жете алмай, жолда бір байдың үйіне келіп, қонады, үйге кіргеннен арқасындағы қапты керегенің басына ілдіріп қояды. Бір уақыттан кейін бай сұрайды шалдан «қабыңыздағы не?» – деп.
Шал айтады:

– Қаптағы тұқымы асыл бір көк қошқар еді, – дейді.....
Ертегілер
Толық

Мысал ертегі: Қозы мен құлын

Қозы мен құлын жарысатын болып келісіпті. Жарысатын жері ұзақ жер екен, даяшылар оларды бір төбенің басынан тосып алатын болыпты.
Жарыс басталып, а дегенде құлын озып кетеді. Біраз жер жүгірген құлын артына қараса, қозы көрінбей қалған. Сонымен, ол өз-өзіне марсиып, «Маған қозы өлсе де жете алмайды, босқа жүгіргенше дем алайын, қозы осы араға келгеннен кейін жүгірсем де, бәрібір озбаймын ба», – деп қозының келуін тосып жатады....
Ертегілер
Толық

Мысал ертегі: Әркімнің туған жері өзіне жәннат

Өткен заманның заманында торғай мен бұлбұл дос болыпты. Күндердің күнінде бұл екеуі бір-біріне туған мекендерін көрсету үшін қонақ шақырысатын болыпты. Алдыңғы кезекті бұлбұл алып, торғайды әнімен қарық қылып орман-тоғайдың ішімен бір жеміс бағына әкеліпті. Бұл кезде бұлбұлдың жағымды әні онан ары сорғалай түсіпті. Кеудесін қуаныш кернеген бұлбұл қанша сайрағанымен торғай қабағын бір ашпапты. Бұны байқаған бұлбұл:

– Ой, досым, неге қабағыңды ашпайсың? – деп сұрайды. Сонда торғай:....
Ертегілер
Толық

Мысал ертегі: Шымшық пен көгершін

Құламерген айдалада, жапан түзде аң аулап, сейіл құрады екен. Оның баласы Жоямерген әкесінің таяғын ұстап жастай-ақ аңсақ болған екен. Ол түрлі құстарға тор, тұзақ құрып ұстап алады екен. Бір күні құрып қойған торына кішкене шымшық оралып қалыпты. Ол сорлы тордан шыға алмайды, оралып жата береді, бір мезгілде оның қасына көгершін келеді. Бұның торға оралып жатқанын көреді. Ол анадай тұрып шымшыққа ұрсып табалайды:

– Әй, ақымақ, есалаң, қазір күн талтүс емес пе? Түн болса бір шарт. Күндіз торды көрмей оралып екі көзіңді шел қаптады ма? Аяғыңның астына қарап, ана сығырайған көздеріңді ашып жүрсең етті. Енді сен күшікті кім шығарып алады. Бәрібір бүгін мен сені әуреленіп шығарсам да сен есалаң ертең тағы шоқақтап, ебелектеп жүріп торға түсесің ғой.....
Ертегілер
Толық

Мысал ертегі: Пілдің ісі тышқанға түсіпті

Бұрынғы заманда асқар таулы, нулы орманды өңірде піл мен тышқан көрші әрі тату-тәтті дос болып өтіпті. Бірақ достықтары көп ұзамай бұзыла бастапты. Піл өзінің алып тұлғасына қарап, кішкентай тышқанды алымсынбайтын болыпты, тіпті онымен бірге жүруді ар көріпті. Пілдің бұл ниетін білген тышқан «Орайын тауып сазайыңды бір тарттырамын» деп әбден тісін басады. Піл мен тышқан осындай күрең қабақтасып жүргенде арыстан қызын ұзататын болып, пілді тойға шақырыпты. Піл тойға аттанғанда тышқан да ере жүреді. Бойын қызғаныш кернеген піл оған тап-тап беріп қуалайды. Арбаңдап жүрген пілдің абайсыздығында тышқан оның құлаштай ұзын танауына «сып» етіп кіріп, кетеді. Танауға кірген ол тыныш жатсын ба, арлы-берлі жүгіріп оның мазасын әбден алады. «Шық» деп зекиді піл. Тышқан ерегесе түсіп, бұрынғыдан әрмен жыбырлата тырналайды. Ақыры піл:....
Ертегілер
Толық

Мысал ертегі: Көгершін

Ілгері кезде бірнеше көк кептер, ішінде патшасымен бір жерде мекен қылып жатыпты. Күндерде бір күн араларынан бір топ кептерлер бір жаққа жолаушы барып келіп, мұндағы кептерлерге көрісіп, есендік сұрасып болғаннан кейін, барып келген жерлерінен хабар айтып, сөз арасында айтыпты:

– Бір керуен сарай бар екен, сол сарайдағы керуендер көшіп, сарайын қалдырып басқа жаққа кетіпті. Ол сарай иесіз қалыпты. Қанша заманнан бері халық мекен қылған жер сарайларында есепсіз дәндер төгіліп қалыпты. Енді бізге ұқсас құстар мекен қылуға тиісті болыпты, – деп, мұндағы кептерлерге айтып өтініпті. – Көптерің мақұл десеңдер, патшаға айтып, енді сол сарайға көшсек, үш-төрт күнде жетіп барып рахатта болар едік, – дейді. Оған баршасы барғандарын мақұл көріп, патшасына арыз қылыпты: «Сыйлы біздің патшамыз, бізден бірнеше кептерлер жолаушы барып келген еді, сол жолаушылар бір жақсы хош хабар айтып келді. Бір керуен сарай бар екен, сол сарайдың адамдары кетіп, сарайы босқа қалыпты. Қанша төгілген астықтары бар дейді. Мына көп жұртыңыз өтінеді, сізден рұхсат болса, сол сарайға көшіп барып, сол сарайда мекен қылсақ, үш-төрт күндік жол екен деп, сізден тілек қыламыз. Ендігі әмір өзіңізден», – деп сөздерін бітіріпті. Ол кезде патшасы жауап қылады....
Ертегілер
Толық