Бөпем (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай, Бөпем, әсем басып, ахау, бұлаңдаған,
Аққудай көлде жүзіп, ай, сылаңдаған.
Көлбеңдеп көз алдыма, ахау, әй-әй, Бөпем,
Келбетің сәуле шашып, тұрау маған.

А-хоу,
Бөпем, Бөпем,
Жаным еркем,
Жан сәулем,
Дидарыңды-ай
Көрер ме екем-ай?.......
Өлеңдер
Толық

Әсем әнім сырнайдай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көзіңнен айналайын қарақтарым,
Секілді ақ қазина тамақтарың.
Болғанда сіз бір лашын, біз бір сұңқар,
Білмеймін қай жеріне қонақтарын.

Ахау әнім,
Әсем әнім сырнайдай,
Әлем сүйіп тыңдайды-ай.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды-ай.....
Өлеңдер
Толық

Әдемі қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдем-ау, әлегіміз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Өзіңнен әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.

Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың......
Өлеңдер
Толық

Ахау, Семей (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аспанда ай болмаса адасады,
Көңілді көтермесе кір басады.

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.

Кеудесі жақсылардың алтын сандық,
Сандықты кілт болмаса кім ашады!

[Қайырмасы]
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей. .....
Өлеңдер
Толық

Ахау бикем (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қозыбақтың қызы едім, атым Ұмсын,
Серттен тайған жігітті Құдай ұрсын!
Ақбоз үйдің ішінде мен отырсам,
Мені іздеген жігіттер үйге кірсін.

Ахау бикем жар-жар,
Алма мойын ақсұңқар,
Қош есен бол, құрбым-ай,
Құрбылықпен жүрдім жай......
Өлеңдер
Толық

Ай-Ай, бөпем (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ауылым көшіп барады алмалыға,
Кім көнбейді тағдырдың салғанына.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Ата-анамның хабарын алмағалы.

[Қайырмасы]
Әй-әй, бөпем,
Кейін қалған елімді
Көрер ме екем!....
Өлеңдер
Толық

Атамды мақтан етемін

Иә, мен өз атамды мақтан етемін. Жеңістің 71 жылдық мерекесі қарсаңында менің атамның құрметіне арналған оқушылар арасында шығармалар жарысы өткізіліп жатыр. Өзім қатарлы өзге балалар атам жайлы өз ойларын жазып жатқанда менің де жазғаным дұрыс болар. Менің атам-Дүйсенбиев Уәли 1924 жылы 1 қаңтарда Қармақшы ауданының Қызылсая колхозында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген. Жас кезін есіне алғанда, жоқшылықты көп көріп өскендігін айтады.Ұлы Отан соғысы басталған кезде атам небәрі 17 жаста болған екен. Екі жылдан соң , 1943 жылы Қармақшы аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынып, 94-атқыштар дивизиясы құрамында Қиыр Шығыста болыпты. Бір отбасынан соғысқа аттанған Жәли, Әли, Уәли атты үш жігіттің екеуі соғыстан оралмаған. Соғыстан аман қайтқаны атам ғана болады. Бауырларын үнемі айтып , көзіне жас алып отырады. Атамның айтуынша, соғысқа аттанарда әжесі кішкене бойтұмарға туған жердің топырағын салып ,мойнына тағып беріпті. Қайда жүрсе де бойынан тастамапты. Алыста жүріп туған жерді, туған елді, туған-туысқанды сағынғанда , киелі туған жердің кішкене топырағы көңіліне демеу болыпты. 1945 жылы жапон самурайларына қарсы соғысқа қатысыпты. Елден соғысқа бірге аттанған жолдасы Ізбасов Жолаушы екеуі бірге жүріп, бірге соғыстан оралыпты.
Соғыстан оралмай қалғандары қаншама.....
Шығармалар
Толық

Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихындағы алатын орны қандай?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау;
Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау;
Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы XVII ғасырдың 40 жылдары қазақ жерінде болып өткен әйгілі тарихи шайқас Орбұлақ соғысының мазмұнымен танысу және жоңғар басқыншылығына қарсы қазақ сарбаздарының ерліктеріне тағзым ету.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында Ақ Орданың рөлі қандай? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3 А ХІІІ-ХV ғғ. І жартысындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында Ақ Орданың рөлі қандай?
Сабақтың мақсаты: Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихын, қоғамдық құрылысын, шаруашылығын түсінеді
жаңа материал мен картамен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қазақ халқының және хандығының қалыптасуында Ақ Орданың орнын аңықтайды, баға береді.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық