Тәуелсіздік – асқақ армандар мен қайсар рухтың жемісі

Тәуелсіздік – филосифиялық, психологиялық, саяси мәні зор, қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - сананы жетілдіріп, ұлттық болмысты сақтап қала алатын басты қайнар.
Тәуелсіздік - бізге бостандық, азаттық, бейбітшілік, яғни бақыт силады. Тәуелсіздік бақытқа деген тура, ең жақын жол. Бізге тәуелсіздік оңай келген жоқ. Біздің ата-әкелеріміз, апаларымыз бостандықты қанмен, термен алған. Сондықтан 2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Қазақстан. Осы бір сөзді естісек жүрегіміз лүпілдеп, сонау қиын- қыстау кезеңдерді басынан өткерген еліміз, оқ пен оттың арасында қасықтай қаны қалғанша айқасып, қыршыннан кеткен жастарымыз, тәуелсіз жолында құрбан болған асыл азаматтарымыз еріксіз есімізге түседі. Екі жүз жылдай патшалы Ресейдің отары, жетпіс жылдан астам уақыт Кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан бүгінде егеменді ел болды. Тәуелсіздік біздің елімізге оңайлықпен келген жоқ. Осы жолда біздің халқымыз батырлық пен батылдық, қайраттылық пен ержүректілік таныта білді. Өздерінің туған елі үшін жанын пида қылды.
Ұлт маңдайының бағына біткен Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандар алмағайып заманда әділдік пен еркіндіктің туын ұстаса, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қара қылды қақ жаратын шешен билер, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар сияқты жезтаңдай жыраулар ел намысын биікке көтеріп, Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай сияқты ержүрек батырлар да қажыр- қайратын қазақ халқының елдік мұратына сарқа жұмсады.
Талай адамның жүрек жарасын тырнап өткен Ұлы Отан соғысы да есімізде. Жұдырықтай жүректері елім деп елжіреген талай батырлар жауға қарсы шықты. Ерліктің қос шынарына айналған Әлия мен Мәншүк сынды қазақ қыздары, Бауыржан, Талғат, Мәлік, Баубек сияқты асыл азаматтар өшпес ерлік танытты. Өмірдің әр мезеті қымбат тұста жауға Отан үшін, ел үшін ұмтылды. Ұлы Отан соғысы біздің елімізге түскен ауыртпалық болды. Осы сыннан да халқымыз мүдірмей өтті.....
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік – неткен керемет ұғым!

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Талай-талай қас батырлар жанын қыйып, қорғап қалған, талай арулардың махаббаты құрбан болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз - Қазақстан.
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басына азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңмен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Тәуелсіздік- ұлттық тілдің , дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік- арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген эканомикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген мемлекеттен әлде қайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазқстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарыға жетті......
Шығармалар
Толық

Егемен ел тірегі-тәуелсіздік!

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік.
Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз,
қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын,
елтанбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.
Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы
Н.Ә.Назарбаев
Туған жерім, ардақты мекенім, Қазақстаным! Осынау шексіз қиыры жоқ ұлан- байтақ далаң, шалқар көлдерің мен көк майса әсем табиғатың кімге өмір, бақыт, махаббат сыйламады десеңші... Саған қанша үңілсем де, әлі күнге сырыңды ұғына алмай келем. Сенің далаңда өзімді бақытты сезініп, Отанымның ұланы болғаныма қуанамын. Отанның ыстық ықыласы деген осы шығар... Қазақ даласына қарасаң, көзің жетпейді, кереметтей сәулетіне, жасыл-желекке оранған әсем табиғатына қарасаң көзің тоймайды, ерекше бір сезім сені жетелеп, өзіне ынтықтыра түседі. Тереңге бойлаған сан ғасырлық тарихына көз жүгіртсем, ел тарихы егемен елді әлі де алға жетелеп келеді, тарих беттеріндегі небір оқиғалар елдің жігерін жанып, алдағы күндерін айқындайды. Халқымыз тарихын сараптау арқылы тағылымды жақтарын серік ете отырып, елдің даму жолына мақсаттар қояды, болашаққа жоспарлар даярлайды. Ал елімізді осындай күнге жеткізген не, қандай күш? Бұлтәуелсіздік, азаттықтың сара жолын салудағы талпыныс, қайыспас қайсар күш. Кемелді Қазақстанның толағай табыстарының бірі- оның тәуелсіздігі.Тәуелсіздік! Дархан даламның толассыз табыстары осы ұғыммен ұштасып жатыр......
Шығармалар
Толық

Еркем менің (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ел бесігі Ертіс өзен төсінде,
Мамыражай майда қоңыр кешінде,
Қайық қалқып, көңіл шалқып серуенде,
Еркем менің, ерке әнің есімде.

Сағындым ғой сол әніңді сан сырлы,
Сарғайдым да, тағат шіркін таусылды......
Өлеңдер
Толық

Ақмарал сұлу еркем (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кеткенде сенен алыс жерге шалғай,
Жүрермін сені қалай есіме алмай.
Өзімнің тыңдап тапқан бақытымсың,
Бейнең тұр көз алдымда атқан таңдай.

Қайырмасы:
Ақ жүзің айдай еркем,
Арманым сені көрсем.
Алыстан аңсап келемін,
Ақмарал сұлу еркем......
Өлеңдер
Толық

Сәулем-ай /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айдап салдым жылқымды ақ қауданға,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, сәулем-ай.
Қуанғаннан жүрегім от боп жанар,
Ақ білегің сыбанып қой сауғанға, сәулем-ай.

Екі ғана жирен-ай,
Өңшең манат кигені-ай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ғашық жардың сүйгені-ай......
Өлеңдер
Толық

Көкем-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Шынында өскен асқардың сен бір шынар,
Бір өзіңе, қалқатай, болдым құмар.

Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.

Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,
Құмарланған көңілім қашан тынар......
Өлеңдер
Толық

Еркем-ай /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Біздің ауыл Ақсайдың қақпасында, жан сәулем.
Күміс жеген жарқылдар ат басында, еркем-ай.

Шыныменен көңілің болса бізде,
Шапан-ішік жымылып жат қасымда, еркем-ай.

Ай қараңғы, кеш жарық,
Ебін тауып келсеңші-ай......
Өлеңдер
Толық

Еркем-ай /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айт дегенде өлеңді аңырмаймын,
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын.

Еркем-ай,
Бүгін болған мерекең
Болсын тағы ертең-ай.

Қайда жүрсем жақсының жанындамын,
Іздегенмен жаманға табылмаймын......
Өлеңдер
Толық