Өлмейді ісі мәңгілік

Ұқсаттым өршіл тұлғаңды
Ақша қар жапқан шыңдарға.
Жүректен туған жырларды
Асқар тау-ата тыңдар ма.
Ә. Ысқақ
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында елімізде соғыс ардагерлерінің ерлігін паш етіп, Отан үшін, келешек ұрпағы үшін, жан аямай майдан кешкен майдангерлер үшін Елбасының қолдауымен жасалып жатқан игі істер баршылық. Солардың арқасында бейбіт өмір сүріп отырған ұрпаққа майдангерлерге осындай құрмет көрсету парыз деп ойлаймын. Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады... Ол туралы үлкендерден, көнекөз қариялардан естіп жүреміз. Кинолардан, деректі фильмдерден көреміз.
Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Жан алысып, жан берісер майдан шебінде қасық қаны қалғанша жау оғына қасқая қараған аталарымыз да ұрпақ жүрегінен ұмытылмақ емес.....
Шығармалар
Толық

Ұрпақтардың қадірін білейік

1941-1945 жылдaр. Осынaу төрт жылдың ішіндe мыңдaғaн aдaмдaрдың қaны төгіліп, милиондaғaн жaндaр жaны мeн тәні жaзылмaс дeрткe душaр болды. Сол соғыстa зaр жылaп, бaлaсын aттaндырғaн aнa дa, жaрынaн aйырылғaн жeсір әйeл дe, aғaсыз қaлғaн іні-қaрындaстaр дa өтe көп болды. Бірeулeр осы жылдaрды қaйғы дeп eскe aлып жaтсa, қaзіргі зaмaнды көріп, бeйбіт өмірді көріп, шүкіршілік aйтaды. Хaлық бaсынa төнгeн бұл aуыр күндeр мeнің отбaсымды дa aйнaлып өтпeді. Мeнің aлдымдa Ұлы Отaн Соғысынa қaтысқaн aтaм Жaқимaнов Жұмaбeк Жaқимaнұлының фотосурeті, мeдaльдaры мeн ордeндeрі тұр. Мeн aтaм жaйлы көп нәрсeні білмeймін. Бірaқ ол мaғaн жaқын. Біздің үйдің төріндe aтaмыздың портрeті тұр. Кішкeнтaй кeзімнeн сол портрeтті көріп өстім, әрқaшaн «бұл aтaм» дeп aйтaтынмын, бірaқ сол сөздің мaғынaсын eнді түсіндім. Aтaм жaйлы мaғaн мeнің әжeм көп aйтaды. Aтaмның тaғдыры дa, өмірі дe бaсқaлaрғa ұқсaмaйды. Мінe, биыл мeнің әкeм 60 жaсқa толды. Aуылдaн әжeм дe кeлді. Туыстaр aрaсындa бірінші болып тілeк aйтқaн әжeм көзінe жaс aлып: «Әттeң, әкeң осы күнді көрe aлмaй кeтті, тaғы дa бірaз ғұмыр бeргeндe осы күнді дe көріп, тұлa бойы тұңғымды біргe құттықтaр eдік...», - дeді.
Үлкeндeрдің бәрі көздeрінe жaс үйіріліп, aтaмa жaтқaн жeрі жaрық болсын дeп aйтты. Осыдaн кeйін мeнің aтaм турaлы білгім кeлді. Әжeмнeн білгeнімді жaзып aлдым. Aтaм Жaқимaнов Жұмaбeк Жaқимaнұлы 1922 жылдың 16 қaңтaрындa Бaянaуыл aудaнының Бeлaғaш aуылындa Жaқимaновтaр отбaсындa дүниeгe кeлгeн. Жaстaйынaн әкeсінeн aйырылып, aнaсының қолындa өсeді, кeйін 1930-1933 жылдaры Үкімeт кeзіндeгі aштық жылдaрындa оны Қaрқaрaлыдaғы бaлaлaр үйінe aпaрып тaстaйды. Сондa тәрбиeлeніп, өмірдің қиындығын көрeді. 1939 жылы Фин соғысындaғы Мондeргeйм шaйқaсындa aлғaшқы жaрaқaтын aлaды дa, госпитaльдa жaтып шығaды. Ұлы Отaнымыздың бaсынa күн туғaндa ол он тоғыз жaстa eді.....
Шығармалар
Толық

Бағалай білейік Жеңісті!

Біздің жүрегіміз темір емес.
Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады.
Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол - Отанға деген сүйіспеншілік
Бауыржан Момышұлы
Бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңісімізге 71 жыл толып отыр. Арада көп уақыт өткенмен, соғысқа қатысқан ата-бабаларымыз есімізден кеткен емес. Оларды үйлерінен айырып соғысқа алып кеткенде, қаншама жас төгілді. Жүрегінде “елім, жерім” деген ұраны бар миллиондаған адамдар сол соғыста көз жұмды. Олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Ата-бабаларымыз елі мен жері үшін, елінің азаттығы үшін өмірлерін сарп еткен. Жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атының туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, дұшпанның туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Ұлы Жеңіс күні туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді барлығымыз еске аламыз.....
Шығармалар
Толық

Бейбіт өмірге 75 жыл!

Бүгінгі ұрпақ Ұлы Жеңісті алып берген аға буын алдында әрқашан қарыздар
Н.Ә.Назарбаев.
Көшсе де жерден жасыл шатырлары,
Ізі мен оғы жатыр тақырда әлі.
Уақыттың дауылында ұрпағына,
Елдіктің жолын сілтеп жатыр бәрі – Қазақтың батырлары! - деп қазақтың ақиық ақын қызы Фариза Оңғарсынова апамыз жырлағандай, сайын сахараны дүбірлетіп өткен батыр бабалардың ұрпағы, 1941-1945 жылдардағы 1418 күнге созылған қан майданда мұз жастанып, қар кешкен, нәзіктігіне қарамай алыптың ісін жасаған, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмір жолы, ерлік өнегесі – мәңгілік таусылмайтын әңгіме, айнымас шындық. Елі үшін жанын пида етуге даяр, зиялы, мәдениетті ата-ананың тәлімтәрбиесі Мәншүкті биік мұраттарға жетелеген. Жастайынан әкесіне еліктеп өскен, балалық арманынан ажырамаған Мәншүк оны іс жүзінде дәлелдейді. Әсіресе «Шығыс Шолпаны» атты деректі фильмінде «Егер менің әкемдей адал жан халық жауы болса, кім халық жауы емес?»- деп Сталинге дейін арыз жазып, майданға аттанған сәтінен әке алдындағы парызына деген адалдықты, өжеттікті көруге болады. Бүгінгі бейбіт заманда өмір сыйлаған ең қымбатты ата-анасын қараусыз тастап, қарттар үйіне өткізіп, өмірінің жалғасы – ұрпағын сәбилер үйінде қалдырып жатқан жастар еріксіз есіңе түседі, олардың іс-әрекеттерінен қынжыласың, қорқасың, келешек жастар осындай жат қылықтан аулақ болса деп тәңірден де тілейсің.....
Шығармалар
Толық

Жетпіс жылдан кейін табылған сурет

Дана халқымыз «Қарты бардың қазынасы бар» деген сөзді бекер айтпаған. Шежірешіл,батагөй қарттар қай жерде де елдің берекесін кіргізеді,өмірдің ыстық-суығын бастан өткізген аталардың кейінгіге айтары да көп болады. Оның үстіне ағайынның бірлігін, ауылдағылардың ынтымағын сақтайтын ардагер ағаларымыз қашан да ел арасында құрметке бөленіп жүреді. Міне, Ұлы Жеңістің де 70 жылдық мерекесі келіп қалды. Осыған орай, баспасөз беттерінде жарияланған әрбір мақалаларды оқи отырып өз атамды еске аламын. Атам туралы шығарма жазсам деп, ойланып жүргенімде, біз күтпеген үлкен жаңалық болды. Ақтөбе қаласының тұрғыны осы суретті біздерге тапсыруды аманат етіп, Мәдениет ауылының тұрғыны Болат ағайдан беріп жіберіпті. «Өлшенген өмір бар»,-деп Майлықожа ақын айтқандай, менің атам жетпіс алты жасында 2001 жылы өмірден өтті.
Атам 1925жылы қазіргі «Таң» шаруашылығын қамтитын ауқымдағы елді мекенде туып , 1943 жылы Қармақшы аудандық комиссариаты арқылы әскерге алыныпты. Соғысқа аттанғанда он сегіз жаста болыпты. Қиыр Шығыстағы әскери бөлімдердің құрамындағы 9-атқыштар полкінде болған. Жапонияға қарсы соғысып жатқанда жараланып, госпитальға түскен. 1950 жылы елге оралып, Қызылорда медучилищесіне оқуға түсіп, оны 1953 жылы бітіріпті. Оқу орнын бітіре салысымен ауданымызда денсаулық сақтау саласы бойынша қызмет етіп, 1985 жылға дейін осы салада жұмыс атқарған кісі......
Шығармалар
Толық

Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін
анықтау
Сабақтың мақсаты: XIXғ Ұлы жүз аймағы үшін Ресей империясы мен Орта Азия мемлекеттерінің арасында болған соғыс қимылдары мен оның нәтижесі туралы түсінеді....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерінанықтау
Сабақтың мақсаты: XIXғ Ұлы жүз аймағы үшін Ресей империясы мен Орта Азия мемлекеттерінің арасында болған соғыс қимылдары мен оның нәтижесін түсіндіру...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін
анықтау
Сабақтың мақсаты: Ұлы жүз аймағының Ресей империясының құрамына еніп, Қазақстанның отар елге айналғандығы туралы түсінеді....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерінанықтау
Сабақтың мақсаты: XIX ғ Ұлы жүзде қалыптасқан саяси жағдайды анықтап, аймақтың Ресей құрамына ену ерекшеліктерін зерттеу...
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық