Фариза Оңғарсынова (Жақсылар жаман болып шықты бүгін)

Жақсылар жаман болып шықты бүгін.
Тұнжырап тұрып алды бұлтты күнім.
Әулие дегендерім арамза екен,
салды ма біздің елге жұт құрығын?
Айналды жын-ойнаққа құт тұғырым,
менің де жалған екен мықтылығым.....
Өлеңдер
Толық

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н.Назарбаев).

Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар.....

Шығармалар
Толық

Экономика | Бүгінгі экономикадағы шағын орта және ірі бизнес және олардың байланысы

Монополды мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік құқық қызметі тек мемлекетке ғана жатады. Рыноктық экономика кәсіпкерлік қызметпен айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорынмен индивидке де мүмкіндіктер жасалады. Бұл рыноктық экономиканы тап-тұйнақтай етіп, ҒТП талаптарына сай болуға және тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі – кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде майда, орташа және ірі кәсіпкерлікке бөлеміз. Кәсіпкерлік субъекті бойынша да бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке қатысатындар, жеке индивидтер (жеке тұлға) және жалпы экономикалық мүдделер мен келісім-шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы жатады. Ал ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік қоғам, холдингтер және мемлекеттік кәсіпкерлікті айта аламыз.
Неміс ғалымы әрі экономисі Иозеф Алоиз Шумпетердің ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ өндіріске жаңа тәсілді ендіруге, затты өткізетін жаңа нарықты игеруге, жаңа шикізат пен жартылай фабрикаттар көзін табуға өндірісті талапқа сай, басқаша құруға күш салады.
Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Кәсіпкерлікті құрудың діңгекті нәрсесі – мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтық экономикада бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай, нарықтық экономиканың басты қасиеті – «өндіріс пен кәсіпкерліктің еркіндігі». А. Маршалл бойынша, кәсіпкер – экономикалық процесті жеделдетуші.....
Рефераттар
Толық

Ұлы түркі елінің қара шаңырағы – бүгінгі ұрпақ қолында

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!» - деп дана халқымыз айтқандай, керегесі кең, шаңырағы көк күмбезді аспанмен жарасқан, келешегі кемел ел болу үшін, алдымен, тәрбие керек. Ел болдық, бірақ бесігімізді әлі де түзей алмай жүргеніміз ащы да болса шындық. Тал бесіктен басталатын тәрбиенің бұлағынан сусындаған әр жеткіншек ұлтжандылық деген ұғымды бойына сіңіріп өсуі қажет. Ұлттық құндылықтарды құрметтеп, елінің ертеңіне алаңдап, өркендеуіне үлес қосатын азаматты ұлтжанды азамат деу орынды. Бірақ Абайлар мен Мағжандардың толқынынан туған толқындар саусақпен санарлық. Бүгін біз кез келген келеңсіз жайттарға «Е-е, заман солай болғасын...» немесе «Бұған біз емес , заман кінәлы» деген сияқты сөздермен өзімізді жұбататын болдық. Ал шын мәнісінде бұған кінәлы заман емес, адам. Өйткені заманды адам құрайды.......
Шығармалар
Толық

Егемен Қазақстан: өткенге көз тастау және бүгінгі күн.

Өр Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елінің талай күрделі тарихи кезеңдерді басынан кешкені баршамызға белгілі. Темірдей төзімді, рухы биік халық жоңғарлардың қалың қолының шабуылына төтеп берген. Қалың елмен бірігіп, бір жеңнен қол шығара білген қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңсе, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастаған. Қазақ жерін отарлап, бірте-бірте өз мақсатын орындап келе жатқан орыс патшалығы мен қарны жуан билерге қарсы шыға білген нағыз ерлік көрсеткен «Тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанған» да өр рухты, қайратты қазақ батырлары.......
Шығармалар
Толық

Ұлттық тәрбие- бүгіні мен болашақ негізі

Ұлт боламын десең бесігіңді түзе... Иә , расында бұл сөздің астында қаншама мән-мағына жатыр десеңші. Елім деп өткен қаншама ерлеріміз қазақ елі үшін жанын аямай, қасық қаны қалғанша елі үшін күресті. Мұндағы ерлігіне қарап тұрсаңыз, жүрегінде еліне деген, қазақ ұлтына деген патриоттық сезімнің шоқтығы биік екендігін аңғарасыз. Ал,и қазір жастардың сана сезімінің жоғары бола тұра әлсіреп бара жатқандығын байқаймын.......
Шығармалар
Толық