Ұлыбритания қазақстандық бизнесмендерге виза беруді жеңілдетті
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Ұлыбританияға бизнес-виза алу процедурасы жеңілдетілді.
![]() |
Фото: newskaz.ru |
ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының хабарлауынша, бұл жайында Ұлыбритания Премьер-Министрінің сауда елшісі Чарльз Хэндри қазақстандық-британдық сауда-өнеркәсіптік кеңестің 17 отырысында мәлім еткен.
"Біз енді ілкі негізде виза берудің арнайы бағдарламасын жүргіземіз. Оның аясында Қазақстан азаматтарына бизнес-виза беруге бар-жоғы 2-3 күн қажет болады", - деді Чарльз Хэндри.
Бүгінде 16 қазақстандық компания осы бағдарлама бойынша визаға құжаттарын тапсырып, олардың 10-ы визаларын алған.
"Бұл бағдарламаны әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз, мерзімдер шектелмеген. Менің білуімше, осы бағдарлама бойынша 150-ге жуық виза берілген. Тағы бір жағымды жаңалық - қазан айынан бастап Астана мен Лондон арасында тікелей әуе рейстері ашылады, оны Air Astana компаниясы жүзеге асырады. Көптеген бағыттар бойынша өрлеу жүріп жатқанын көріп отырмыз", - деді британдық Үкімет басшысының өкілі.
Бастауыш сынып | Дос және достық
Тәрбие сағат тақырыбы: Дос және достық
Тәрбие сағат мақсаты: Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сезім қалыптастыру.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Маркер, сұраунама қиықшалары, сызбалар, түрлі түсті қағаз, қайшы.
Іс-шараның ұраны: “Дос көңілі – шарайна, сындырып алма, абайла”
I.Ұйымдастыру
1) Амандасу
2) Оқушылардың психологиялық дайындығына көңіл бөлу.
Халықаралық отбасы күні (МЕН және МЕНІҢ ОТБАСЫМ)
Безендірілуі: кітап көрмесі жасалып, отбасы мүшелері туралы нақыл сөздер, гүл, шар, суреттер т.б. ілінген.
(Ақырын ғана «Балбырауын» күйі ойналады, ортаға жүргізуші шығады).
25 Қазан - Республика күні (Қазақстан еліне саяхат)
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.
Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Қанатты сөздер ілу. Ту, Елтаңба, ұлы тұлғалардың суреттерін ілу.
Ақұштап Бақтыгереева (1944)
Әбділда Тәжібаев (1909-1998)
Әбділда Тәжібаев - осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев - поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар....
Қажым Жұмалиев (1907-1968)
Қажым Жұмалиев (1907-1968) 28 желтоқсанда қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында туған. Филология ғылымының докторы (1947), профессор (1950), 1946 жылдан Қазақ КСР ҒА-ның корреспондентмүшесі, 1967 жылдан академик. 1925-1932 жж. Орынбор мектебінде, Шымкент ауылшаруашылық техникумында оқыған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1932).1932-1937 жж. осы университетте қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Алматы жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар ұстаз болған.
«Ерғожа мен Егізбай» (1929), «Шабуыл» (1933), «Қанды асу» (1934), «Өмір жыры» (1938). «Қырдағы күрес» (1957) атты өлең-поэмалар кітаптары жарық көрген.
Исатай-Махамбет көтерілісінің.....
Махамбет Өтемісұлы (Шонты биге)
Домбыра тартсам, келер күй.
Шын ажалың жетпесе,
Ажалдан бұрын....
Қазақ тілі | Қазақстандық патриотизм
Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері.
