Жұмбақтар жауабымен: Ыдыс-аяқтар (қасық, дастархан, сүзгі, үстел, құмыра, ыдыс, термос, кесе, оқтау, пышақ)

Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.
Оқтау

Кесе-кесе мұқалды,
Жони-жони жұқарды.
Пышақ

Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Аузыңа тез асығар.
Қасық
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Есеп және сауда

Арзан ба, әлде қымбат па?
Білесің де бағасын,
Барлық затты бір затқа
Айырбастап аласың.
Ақша

Бір қара дөңгелек,
Арлы-берлі дөңгелеп.
Әр нәрсені тексеріп,
Санағанда тым зерек.
Есепшот
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Алфавит, әріптер

Бір атадан туыпты жиырма тоғыз баласы,
Бірлігінде бұлардың, ешкімнің жоқ таласы,
Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы.
Жиырма тоғыз әріп

Қаздар бар жиырма тоғыз бірге туған,
Әлемнің былық басқан бетін жуған.
Қор болмайды, өмірде кем болмайды,
Туа салып анадан соны қуған.
Жиырма тоғыз әріп

Жансызға жиырма тоғыз* болдым таныс,
Тамаша бір жүйрікпен қылдым жарыс.
Жансыз тұрып, жандының себебімен,
Аяғын басады екен шәркем шалыс.
Жиырма тоғыз әріп

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй және оның жабдықтары

Өзі кірден арылмас,
Ізінен кір табылмас.
Сыпырғыш

Жайсам жамшыдай,
Жисам қамшыдай.
Шымылдық

Керемет бір ит бар,
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Көмейіне тықсаң сөйлейді,
Тілін адам біледі.
Рұқсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді.
Құлып
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Бастауыш сынып | Психологиялық ойындар

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар

1. «Ине мен жіп»
Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір - бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
kz
Толық

Балабақша | Ғарыш әлеміне саяхат

Қарағанды облысы. Сәтбаев қаласы
№5 «Нұрбөбек» балабақша тәрбиешісі КМҚК
І-санатты тәрбиеші Абдрахманова А.Х

Сабақтың тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат
Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті: Сауат ашу
Сабақтың мақсаты: дыбыс пен әріп туралы түсінік беру
Білімділік: сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту.
Ашық сабақтар
Толық

Бастауыш | «Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек

Тақырыбы: «Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек
Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
бірлесіп еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру;
өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттар
Толық

Балабақша | Математика әлеміне саяхат

Қарағанды облысы. Сәтбаев қаласы
№5 «Нұрбөбек» б\б тәрбиешісі КМҚК
І-санатты тәрбиеші Абдрахманова А.Х

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балалардың жылдық білімдерін қорытындылау. Математикалық мазмұндағы дидиактикалық ойындар арқылы білімдерін тексеру. Математикалық амалдарды орындау арқылы логикалық ойлау кабілетін дамыту. Геометриялық пішіндер мен денелерді табуға үлкен, кішіні салыстыруға бейімдеу. Жұмбақтар қисынды есептерді бере отырып ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Сонымен қатар балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлықтарын тексере отырып, білімдерін тиянақтау. Білімділікке бейімдеу бағытында сандардың қатарын ауызша санауға жаттықтыру оңға, солға, 1 таңбалы, 2 таңбалы.....
Ашық сабақтар
Толық

Қанағат қарын тойғызар

Сабақтың тақырыбы: Қанағат қарын тойғызар  Спандияр Ақаев.

Сабақтың мақсаты:

  1. Спандияр Ақаев туралы түсінік бере отырып, оның «Қанағат – қарын тойғызар» мәтінінің мазмұнын толық меңгерту.                          
  2. Оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту, рольдік мақамдап оқу қабілеттерін қаллыптастыру, шығармашылыққа баулу.
  3. Адамгершілікке тәрбиелеу, кішіпейіл,қарапайым, қанағатшыл, шыдамды болуға,  адам бойындағы асыл қасиеттерді айыра білуге, жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге үйрету.
Тәрбие сағаттар
Толық

Қанағат – асыл қасиет

Тақырыбы: Қанағат – асыл қасиет
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды танымдық қабілетін жетілдіре отырып, кейіпкерлерге сын көзбен қарауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушы бойына адамгершілік, қарапайымдылық, қанағаттылық, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.
Дамытушылық: өз ойын мақал - мәтел жүйелілігін пайдалана отырып дәлелдеуін, ізденушілік белсенділігін, қабілетін арттыру, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру; әдеби теориялық ұғымдарын тереңдете меңгерту.
Сабақтың түрі: сабақты қорыту, білімді жүйелеу
Тәрбие сағаттар
Толық