Асқар Алтай Кентавр

Қара суықты қараша. Жалтаң қырға қара күз келіп, ықтасын тауға қоңыр күз түскен.

Тарбағатайдай тарлан тартқан кәрі керінің адам аяғы жетпес, мал тұяғы тимес бір пұшпағы. Терең шатқалдың жазда жел соқпас, қыста қар алмас күңгей қолтығында жетімсіреп жалғыз үй тұр. Төбесі шатырсыз, қара тастан қаланған еңселі, тоқал там. Маңайында боз талдан тоқылған шарбақты, таспен шегенделген қора-қопсасы бар. Бұл ұры қонысты тап төбесінен түспесең, жабулаған жылқыдай тани да алмайсың, таба да алмайсың.

Тау іші — тымық. Күн көзі — шуақ. Бар дүние балауыздай балбырайды. Биік бауырына бұққан тас үйге Тәңірінің көзі түсіп, күн нұры құйылған.

Тұғырлы келген тас үйде екі жан иесі ғана бебеу қағулы еді. Бірі — құлжадай еркек, бірі — құралайдай әйел.

— ... —

— Иә, Алла! Өзің жар бола гөр! Жанын қалдыра гөр! Жылбысқаны алсаң да, жарымды алма!.. Осы тілегімді бере гөр, Тәңірім! Әумин! .....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Стақан

Қолына қалам алып, жинақтаған ойын қағазға түсіре бергені сол еді, тырс-тырс етіп терезе әйнегі шертілді. Жәнібек еріксіз жоғары қарады. Жертөле — “подвалда” тұратын Жәнібектің жанары кісі бойы биікке салынған жартыкеш терезені шолды. Үйдің тыстағы іргетасының бір бүйірінен жермен-жексен етіп тесе орнатқан терезесымақтан күн сәулесі тура түспесе де, құдайдың жарығы алақандай бөлмеге жарып өтетін. Ал кішкене бала еркін сыйып кетерлік жартыкеш терезе орыстардың әдетімен темір торлы әрі ашылма топсалы еді.

Жәнібек осы терезеге көзі түсіп кетсе, өзін абақтының аядай камерасында отырғандай, бір салқын күй билейтін... Қазір де сол бір сезім тұла бойын жайымен аралап өтті.

Терезе көзінен әлдебіреудің алақаны көрінді де, саусақтары шынысын тағы қақты. Жәнібек еріксіз орнынан тұрды. Қос қабат терезені ашты.

Тыстан көктемнің салқын, дымқыл ауасы лап қойды.

— Амансыз ба, жерлес? — деген орысша дауыс естілді.

Іле-шала жүзін жирен түк басқан бас та көрінді. Сауыс-сауыс сары шашты бас аузынан аңқыған арақ иісі Жәнібектің қолқасын атты. Жәнібек кері шегінді.

.....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Салбурын

Бұйырғынды бел ақбұйраттанып, Арқаның апай-топайы бітеу күртіктеп тастаған қаңтар басы еді. Күңгейдегі қалың шұбардан ығыстап шыққан көк бөрі күйлі болса да кәрі тақыс-ты, бірақ құлан шабысты. Соңынан түсер қуғынды сезген ол қары жұмсақ қараған арасынан сытылып, теріскейге қарай тартқан.

Бел-белегір жоны — жұқа сере. Қозы жонға көтеріле соңына бұрыла қараған. Бірі ат, бірі моторлы шана мінген екеу шұбардың шетіне шығып, әлдеқалай аял құрыпты. Құйрығы қар сызған аң бөрібүлкекке салып, жөней берді. Беті — қиыстағы құла орман иірімі.

Бөрі көп ұзамай, тап маңдай алды — бұлдыраған орман басын шала инеліктей ілмиген пәлекет қылт ете қалғаны. Талайды көрген тақыс тарлан тікұшақтан бірақ ыға қойған жоқ, одан қауіп те күтпеді, төтелей тарта берді. Төбесінен қыранша құлдилай келіп, жел үйіріп өте шыққан немеге ептеп қана езуін ыржитып, бұлдыраған көкжиектегі орманға қарай қиыстай түсті. .....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Салқын ұрған жапырақтар

Ботаға...

Сүттей ақ телефон шылдыр ете түскен. Сол-ақ екен күпті көңілі нілдей бұзылып, не істерін білмей дағдарған. Ақ телефон тағы шырыл қақты. Жәй күнде жанына жағып, құлағына жұғымды естілетін шылдыр абайсызда құйрығын есік қысып қалған мысықтай шар ете түсіп, тарғылдана қалды.

Дәті шыдамаған қол көтерген бойда:

— Әлеу-әлеу, Мәуліқан! — деген әйелдің жіңішке, таныс дауысы анық естілді.

Жігіт жағы қарысқандай үнсіз. Сол қабағы оқыс тартып, демде бұлттай түйілген.

— ... — (!)

— Неге үндемейсің? — Әйел үнінен дегбірсізденгендік білінген.— Мәуліқан, саған не болған? Не қылып хабарласпай кеттің?.. (Жігіттен жауап күткен сыңаймен телефон құлағы бір сәт тына қалды. Жас әйелдің мамықтай жұмсақ, ыстық демін телефон құлағынан-ақ ет жүрекпен сезіп тұрды. Көмейіне қысылтаң түйін байланып, бойын белгісіз бір толқын шарпып өтті...) Бірдеме деші, Мәуліқан? Мені қорқытпашы! Не боп қалды? Қойшы енді, жаным!. Қой, қоя ғой! Қинамашы, қимасым!.. Болды енді, өзің аманбысың!?.

.....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Кержақтың монологы

Ол іштен тынғалы қашан? Ішіне қан қатқалы қашан?!

...Трау–трау... трау–трау... трау...

Таспиықтың тарғыл тасындай тізілген тырналар легі тыраулаған мұңлы үнімен төмендегі тау ішін тербейді. Бірақ тіл-жақсыз тынған кержақ шал селт етпейді. Ат жақты‚ қоңқақ мұрын‚ астау бас‚ дөң қабақ кержақ керең еді... Таскерең тыныштықта өзен иіріміне қармақ салған ол опырылып кетер жар жиегіне жайғасқан. Темекі түтіні ыстағаннан зәрсіңді жаялықтай, жалқаяқ тартқан түкті жүзінен ештеңе аңғарылар емес.

Құлағы көрдей керең тартқан‚ тіл-аузы тас байланған‚ тек көкпеңбек қос шырағы шырадай жанған шалды бүгін де ежелден етене сезім иелеп‚ ауыр ой иектеп алған. Осы бір жұртқа жұмбақ ұры ой‚ жанға жат сұм сезім уысында ұстап‚ сүліктей сорып–ақ келеді. Сыртқа шығаруға тәуекелі жеткен емес. Құдай да қыбын келтіріп‚ тілін тартып‚ құлағын бітеп тастаған. Ал ел білсе — бетіне түкіріп‚ безініп кетері хақ......
Әңгімелер
Толық

Қазақ әдебиеті | Асқар Татанайұлы

Асқар татанайұлы (1906, Шыңжаң өлк., Алтай айм., Бітеуірге а.—1996, Алтай қ.), ақын, ҚХР-дың халық жазушысы (1988). Өлеңді 30 ж. жаза бастайды. "Малбикенің өмірі”, "Ғылымсыз—ғұмыр тұл” дастан-толғауларымен шыңжаң-қазақ әдебиетіне жаңаша леп әкелді. "Талап”, "Қалың мал”, "Құлдықтан құтылғандар” пьесаларын жазып, өлкеде қазақ драматургиясының негізін қалады. Шығармаларының негізгі арқауы—халықты ояту, әлеум. әділетсіздікке қарсы күреске жұмылдыру. Қытайдағы "Мәдениет төңкерісінің” тауқыметін 20 жыл бойы Тарымда (жазалау аймағы) тартқан ақын түрмеде де қаламнан қол үзбей, "Тарихи дерек, келелі кеңес” трилогиясын, "Бір ғасыр” өлең-романын, хикаят түрінде "Қара сеңгір оқиғасын”жазады. "Керейдің билік заңын” әңгімелейді. "Арқалық батыр” қиссасын қайта жазып шығады.
Өзінің саналы ғұмырын қазақ жазба әдебиетінің дамуына арнаған Асқар Татанайұлы, Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. Оннан астам дастан, жиырмаға жуық пьеса, мыңнан астам өлең, көптеген тарихи әңгімелер жазған қаламгер солақай саясаттың салдарынан он сегіз .....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару органдарымен төленетін негізгі әлеуметтік төлемдер түрлері

Мүгедектігіне немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар әр азамат жәрдемақы алу туралы өтінішті зейнетақы төлейтін мемлекеттік орталықтың жергілікті, аудандық (қалалық) бөлімшелеріне, тізімде көрсетілген қажетті құжаттармен бірге тұрғылықты жеріне тапсырылады. Бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқы бар адамдарға өз таңдауы бойынша бір жәрдемақы беріледі.

Мемлекеттік әлеуметтік зейнетақылар мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне енеді. Асыраушысының жоқтығына, жасының ұлғаюына мүгедектігіне байланысты жүйелі түрде мемлекет азаматтарға көмек көрсетеді. Жәрдемақы төлеу мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады......
Рефераттар
Толық

Әке - асқар тау

Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,
Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,
Жанымдасың, қамқорымсың білемін.
Қабыл алғын бала – жүрек тілегін.

Әр отбасында әкенің орны ерекше......
Шығармалар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қалиасқар Жұбанышұлы Тоқышев

Қалиасқар Жұбанышұлы Тоқышев (6.8.1949 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Есберлі ауылы) - әскери қайраткер, генерал-майор (2001). КСРО ҚҚМ эскери-саяси училищесін (Ленинград, 1974), Мәскеудегі әскери - саяси академияны (1983) бітірген. 1968 жылдан қарулы күштер қатарында. Мәскеу облысындағы ерекше міндет жүктелген бригаданың рота, батальон командирінің .....
Рефераттар
Толық