Ілияс Жансүгіров (Қара теңіз)

Ассалаумағалайкум, Қара теңіз,
Әкелді бізді сізге мінген поезд.
Дүниенің сен бір жатқан ұжмағысың,
Теңізің - меруерт, маржан, тауың - мейіз.
Атақты алып дария шалқып жатқан,
Тұнжырап Азияны салқындатқан.
Тепсініп телегейің қара ала боп,
Жынданып күнің екен толқып жатқан......
Өлеңдер
Толық

Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кешегі Қаражан мен Байғұлағым)

Кешегі Қаражан мен Байғұлағым,
Жобалай, Әділ, Мыңғат, Байұзағым!
Бірадар Рақымберді Ұсабай мен,
Тоғалақ, Тәкей менен болды Ысқағым.
Сәкен, Көжек, Молдабай, Әкежандар –
Қамшы, құрық, жанторсық, саптыаяғым.....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Ла Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасы)

Мальта қызы жиырма үшке толғанда
Иек артып арманға,
Жанары жайнап,
Шашына аляндр гүлінен жемелек байлап,
Қоштасып бал дәурен шағымен саялы,
Өртеніп іштен,
Толғанып, алқынып,
Нән үлкен ыдысты ....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Қасқыр аулаушылар қулығы және саразбан сабағы)

Есугей елесі
Мен әкеңмін. Есугеймін...
Қатал-дүлей тағдырының қасіретіне қамалған.
Мен әкеңмін...
Әлде мүлдем өшірдің бе санаңнан?
Шыңғыс хан ( таңдана)
О, Тәңірім, өңім бе бұл, түсім бе?
Тұрғандаймын қалың тұман ішінде.
Тірлік неткен түсініксіз майдан бұл?....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Шекарасыз жомарттық немесе Қалекеш Қарақұловты іздеу)

Өмір деген ұлы өзенде ғарышқа атқан толқындарын,
Бәрі де есте, алқынғаның, бақыт іздеп шарқ ұрғаның.
Ашық-адал мінезіңді ту ғып ұстап жарқылдадың,
Бірақ неге қайығыңды құзға соғып алдың, жаным?
Кей адамның рухынан бақыт кейін қап жүреді,
Жігіт едің аузын ашса, көрінетін ақ жүрегі......
Өлеңдер
Толық