» » » Өлең: Мұхтар Шаханов (Ла Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасы)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Ла Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасы)

Өлең: Мұхтар Шаханов (Ла Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасы) казакша Өлең: Мұхтар Шаханов (Ла Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасы) на казахском языке
Мальта қызы жиырма үшке толғанда
Иек артып арманға,
Жанары жайнап,
Шашына аляндр гүлінен жемелек байлап,
Қоштасып бал дәурен шағымен саялы,
Өртеніп іштен,
Толғанып, алқынып,
Нән үлкен ыдысты
Терезе алдына қояды,
Әбден қызарып піскен
Алма мен бананға толтырып.
Бұл — бойжеттім дегені.
Міне, осылай, сынға түспек сұлу қыздың беделі.
Ал, үміткер жігіт біткен қақпа алдына тұра қап,
Алма-кезек өз бақытын сынамақ.
Кім ұнамақ бұл сайыста, кімнің даңқы құламақ?
Қыз отырар терезенің жабығынан сығалап.
Бірі мұңлы гитар тартып, бірі назды ән салып,
Бірі қыздың сұлулығын жырға қосып тамсанып.
Күн батқанша өз өнерін көрсетеді жан салып,
Жанын салған өнерпазда жігер жатпақ қаншалық.
Егер де қыз терезеден саған күліп қараса,
Той қамына кірісе бер, бағың жанды. Тамаша!
Үйлендің бе, бітті әңгіме, жолың болсын, мархаба!
Ажырасу туралы заң атымен жоқ Мальтада.
- Жарың жайсыз боп жолықса бақыт іздеп жаңадан
Әуреленбе, өліп қана құтыласың сен одан, -
деді Мальта тарихшысы көзбен қарап жұмбақты.
Жанарында сөзбен айтып жеткізе алмас мұң жатты.
Мұңыңды ұғар жан табудан не бар екен қымбатты,
Көк теңізді кешіп барып, алауланып күн батты.
Сары аралдың сәні болған, сары мәрмәр қақпалы
Жымыңдайды Лa Валетта қаласының оттары.
Осы маңның бүкіл тыныс тіршілігін қолға алып,
Арнасына шалқып сыймай теңіз жатты толғанып.
Толғанбаса теңіз теңіз, адам адам бола ма?
Біз бөлініп шетке шықтық, үнсіз тұрдық жағада.
Үнсіз тұрдық,
- Аға, — дедің біраздан соң сен маған, -
Аға,— дедің,— мен бір жанмын, бақ жұлдызы жанбаған.
Сырымды ашсам сенгендігім, бұйырмаңыз айыпқа,
Кейде өзімді ұқсатамын ескегі жоқ қайыққа.
Қандай қорлық, шынымен-ақ ескексіз боп қалдым ба?
Осы ұзақ саяхатқа шығар жолдың алдында
Шорт үзіліп үмітім,
Ойда-жоқта тастап кетті, сенген, сүйген жігітім.
Көкірегімде өшпенділік барда мен де өшпеймін,
Бұл қылығын қашан көзім жұмылғанша, кешпеймін!
- Жоқ, сен оны сүймейсің, сүймегенсің және де
Шын махаббат, қалқам-ау, қара күшке көне ме?
Шын махаббат— қасиеттен құралатын мұнара,
Қасиетке сызат түссе, мұнара аман тұра ма?!
Ғашық адам сүйгеніне өзінің
Жаманшылық ойлай ма екен сірә да?
Тек жүрегін салар жерде білек күшін танытқан,
Білек күшін танытам деп тілек күшін арытқан
Тура сенен айнымаған сұлу қыз
Бір кез маған жолыққан, -
деп едім мен, жалт бұрылдың сен кенет,
Жалт бұрылдың көкірегіңді бір қара күш желкелеп.
"Тоқта, тоқта, қара күштің адымы әр кез келте" деп
Тобығыңнан теңіз суы қағып жатты еркелеп.
Қайрылмадың, жауабымды ауыр алдың көңілге,
Адал, батыл мойындау да түспес, қалқам, жеңілге.
Тек табудан, жоғалтудан, іздеуден
Тұратұғын мына қатал өмірде!

Автор: nurgul95 | 161 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Мұхтар Шаханов (Арыс жағасында)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Арыс жағасында)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Бақытты бол)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Бақытты бол)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Шекарасыз жомарттық немесе Қалекеш Қарақұловты іздеу)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Шекарасыз жомарттық немесе Қалекеш Қарақұловты іздеу)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Алматыдан аттанарда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Алматыдан аттанарда)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Гүлдәурен)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Гүлдәурен)
Өлең: Мұхтар Шаханов (Баба Түркістан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұхтар Шаханов (Баба Түркістан)
Қыздың ары ұлттың ары
Пайдалы кеңес жинағы
Қыздың ары ұлттың ары
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Өмір-өзен)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Өмір-өзен)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Рух пен Тіл)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Рух пен Тіл)
Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Әпкенің тілегі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Әпкенің тілегі)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Тілек)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Тілек)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Шекарасыз жомарттық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Шекарасыз жомарттық)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Түркістандағы тау)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Түркістандағы тау)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Кета балықтың ерлігі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Кета балықтың ерлігі)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Еркектерге көзқарас, әйелге сирек жолығатын бақ)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Еркектерге көзқарас, әйелге сирек жолығатын бақ)
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Бақыт геометриясы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Бақыт геометриясы)

KZ / Өлеңдер жинағы, мұхтар шаханов Ла Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасы өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша, мұхтар шаханов өлеңдері, мухтар шаханов олендери, мухтар шаханов стихи на казахском, Ла Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасы, мұхтар шаханов Ла Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасы өлең стихи на казахском мухтар шаханов олен казакша мұхтар шаханов өлеңдері мухтар шаханов олендери мухтар шаханов стихи на казахском Ла Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасы, Өлең: Мұхтар Шаханов (Ла Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке