Қазақ тілі | Қосарлы дауыссыз дыбыстар және олардың емлесі

Емледегі тілдің емлесі оның басты құрылымының дұшпаны емес, қорығы болуы керек, өкінішке орай, қазақ тілінің атазаңы болып табылатын Үндестік заңдылығын аяққа басуға қазырғы емле қолғабыс болуда: қазыр – қазір, қадыр – қадір. Мұның үстіне тілдің бұл заңын жоққа шығарып, орыс тілінің заңдылығын тықпалап жүрген Ь секілді белгілер бар, мәселен, сингармонизм заңы бойынша қазақ тілінде «дельфин» сөзі жіңішкелік белгісіз жазылуы керек: делфин, өйткені, қазақ тілінің жіңішке е дыбысы «л»-ды жіңішкертіп тұр; ал орыс тіліндегі е дыбысы жуан айтылып, келесі дауыссызға ықпалы болмағандықтан, «л»-ды жіңішкертуге арнайы белгі керек екені рас. Тіпті, екеуі бірдей таңбаланса да, қазақы Е жіңішке, орысша Е дыбысы жуан дыбысталатынын ескермейміз. Осы орайда, әліпбиге терең үңіліп, орыс дыбыстарының ішіндегі ерекше тоқталуды қажет ететіні – «и». Жалпы, қазақ тілінде бір ғана қысқа «и» (й) дыбысы бар, ал ұзақ «и» - қазақ тілін тәуелдендіру саясатының нәтижесі. Әдеттегі қазақ тілі қағидасына енгізілген «дауысты дыбыстан соң қысқа и (й), дауыссыздан соң ұзақ и айтылады» дейтін ереже тіліміздің қасиетін көз бе көз бұрмалау болып отыр. Салыстырайық: сүй - ки, күй – би, түй – ти, үй – ши деген сөздердегі қысқа мен ұзақ «и»-лердің айырмашылығы бар ма? Жоқ! Өйткені, бәрі де қысқаша дыбысталып тұрған «и»-лер, «йй» болып тұрған ешқайсысы жоқ, демек, қазақ әліпбиіндегі ұзақ и - дыбысы артық әуре! Сонымен бірге, и дыбысы «сипат», «жинақ» сөздеріндегі «ый»-ды, «жиі» сөзіндегі ій-ді не үшін алмастырып тұрғаны түсініксіз, әліпбиімізде қысқа й болмаса, бір сәрі! Көрер көзге артық и әріпін ақтау үшін тілдің жазылымын тәлкекке салып отырғанымыздың мысалы осы емес пе?! Бұл мысал «ый» және «ій» дыбыстарын таңбалайтын и әріпінің қазақ тіліндегі екі «жүзділігін» көрсетіп тұр. Масқара болғанда, қазыр біз «музыйка», «румыйнйа» деген сөздерді орысша түрде «музыка», «румыния» деп жазып жүрміз, мұндағы орыстың «ы» әріпінің, «ый» болып дыбысталатынында шаруамыз болмай қалған. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қосылған құн салығының экономикадағы мәні

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн экономикалық жүйелердiң тиiмдi қызмет етуi болып табылады.
Тақырыптың өзектiлiгi бүгiнгi таңда мемлекеттiң негiзi экономика болса, ал экономиканың негiзi қаржы және бюджет болғандықтан, және дамыған мемлекеттердің тәжіриебесі көрсеткендей нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің негізгі қаржы тірегі салықтар болғандықтан, салықтардың ішінде бюджетте маңызды орын алатын қосылған құн салығын қарастыру ерекше өзекті болып саналады.
Жұмыстың зерттеу пәні болып- Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы .
Курстық жұмыстың басты мақсаты - жанама салықтардың ішіндегі негізгі салық болып табылатын, қосылған құн салығының мәні, Қазақстан Республикасындағы қалыптасуы мен қазіргі жағдайы, сонымен бірге алыну мәселелерін талдап, бюджеттегі орнын ашып көрсету және жетілдіру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың әрбір бөліміне сипаттама жасап кететін болсақ, бірінші бөлімде қосылған құн салығының мәні,Қазақстандағы дамуы және қалыптасуы жайлы,
экономикаға тигізетін ықпалы және алыну механизмі жайлы мәселелер талқыланған.
Екінші бөлімде, қосылған құн салығын бюджетпен өзара қатынасы жайлы Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы » Заңындағы өзгерістері айтылған, және ҚҚС есептеген кезде кездесетін кейбір мәселелері туралы баяндалған.
Үшінші бөлімнің мазмұны келесідей: қосылған құн салығының дамыған елдердегі іс-тәжірибесі жайлы баяндалған, қосылған құн салығының салық жүйесіндегі орны жайлы сұрақты талдау негізінде біздің тарапымыздан салық саясатын тұрақтандыруға байланысты ұсыныстар беруге тырыстық. ....
Рефераттар
Толық

Медицина | Қояншық ауруына анықтама

1.1. Анықтама
Қояншық ауруы әдеттегі клиникалық байқау және арнаулы зерттеулермен де анықталатын; әртүрлі себептерден болатын, нерв клеткаларының үлкен төптарандағы тым күшті разрядтардың және тағы да басқа кеселдердің нәтижелерінде пайда болатын қайталанатын ұстамалармен көрініс беретін бас миының созылмалы ауруы.
1.2. Эпилептикалық ұстама: оның себептері, әртүрлі формалары
Ұстамалар, соншамалық, аурудың ең бір анықтамалық белгісі де емес. Қысқаша айтқанда, ми клеткаларының өзара ақпарат алмасуы, осы клеткалар шығаратын өте әлсіз әлектр импульстары арқылы жүзеге асады. Қояншық ауруы кезінде, нерв клеткаларының мүмкін, кейбіреунерінің ғана «Қозуы күшейеді. Нәтижесінде импульстар жиіленеді. Осындай қозғыш клеткалардың мөлшері қанудайда бір» шекті массаға жеткенде , тізбекты реакция немесе резонанс: бір клетканың шектен тыс қозуы басқаларының, ал олар өз кезегінде одан да көп клеткаларды қамтиды және т.б. – пайда болады. Тяжеуші механизмдер жылдап өсіп бара жатқан қозуды тоқтата алмайды да, ол бас миының толық «қанды көбігіне» айналады. Бұл кезде естентану болады. Ұстама бірнеше минутқа жалғасады. Мұндай ұстамадан кейін ауру ұзақуақыт өзіне келеалмайды: ес біртіндеп оралады немесе естен тану ұзақ ұйқыға ауысады. Жанталасу дәрежесі әртүрлі болады. Бір жағдайларда тониқалық жанталасу басым болса ( яғни бұлшық еттердің күшті де ұзақ құрысуы), енді бір жағдайларда – клоникалық жанталасу ( яғни күшті де серпілімді ырықсыз қиқимылдар). Мұндай ұстамалар көпшілікке белгілі, кейбіреулер бұларды Қояншық ауруының жалғызкөрінісі деп санайды, бірақта олардың одан да басқа көп турлері бар.
1.2.1. Үделенген эпилептикалық ұстамалар.
Егер де қозу үделенсе , яғни бас миының қыртысын толық қамтыса, ұстама естен танумен жалғасады, ал ауру адам өзіне не болғанын есінде ұстамауы мүмкін.
1.2.1.1. Үдемелі жанталасу ұстамалары
Ми бөлімінің бұлшық еттерді басқаратын бөлімдеріндегі шеткен тыс қөзу жағдайларында, жанталасуы – бұлшық еттердің өте күшті құрысып, сонын ырғақты жиырлып, дірілдеуі- пайда болады. Бұл кезде ауру құлайды, ауыр жарақаттар алуы да мүмкін, тілін, бетінің іш жағын немесе еріндерін тістеп алады, қан араласқан сілекей шығарады. Кейде ұстамада дене алдығы ақырын, «амандасқан» тәрізді тіледі. Басқа жағдайларда дененің алдыға қозғалуы жылдам, оқыс болады да, құлаументынып әдетте маңдайдың, мұрынның, тізелердің жарақаттарына әкеледі. Ырықсыз қимыл алдыға емес артқада болып, көз ұяларының үстегі «тоңкерілуімен» бас пен қолдардың жоғары көтерілуімен жалғасып шалқая құлаумен тынады. Кіші ұстамалар балалар мен жасоспірімдерде жиі болады. Мұндай ұстамалар өте жиі боліп күніне – ондаған немесе жүздеген рет болуы мүмкін. Олар үнемі көзге ұрмайды, оларды кейде байқасада Қояншық ауруының корінісі деп санамайды....
Рефераттар
Толық

Информатика | ҚР Ақпараттық ресурстарды қорғау туралы заңдары

Осы Заң ақпараттандыру саласындағы қатынастарды, ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді дамыту мен қорғауды реттейді, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік органдардың құдыретін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында пайдалану негізінде ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
2) ақпараттық ресурстар - ақпараттық жүйелерде бар, тиісті бағдарламалық қамтамасыз етумен біріктірілген және ақпаратты пайдаланушылардың мүдделілігін туғызатын электрондық жүйелендірілген ақпарат (ақпараттық деректер базалары);
3) уәкілетті орган - ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор - мемлекет бірден-бір қатысушысы болып табылатын, мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді сүйемелдеуді және оларды қалыптастыруды, дамытуды және сүйемелдеуді ұйымдық-техникалық жағынан қолдауды жүзеге асыратын ұйым;
5) ақпараттық жүйе - ақпараттық процестерді іске асыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желілердің және оларды бағдарламалық-техникалық жағынан қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы;
6) ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау - ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оған тосқауыл қою жөніндегі заңсыз іс-әрекетті қоса алғанда, ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, экономикалық және ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені;
7) ақпараттық процестер - ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты жасау, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, беру, пайдалану және тарату процестері;
8) ақпараттық қызметтер көрсету - пайдаланушыларға олардың сұратуы бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді беру жөніндегі қызмет;
9) ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және ақпараттық қызметтер көрсетуді пайдаланушы - ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен немесе тараптардың келісімі бойынша пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым;
10) ақпараттық жүйелерді иеленуші - ақпараттық жүйелерге меншік құқығын және (немесе) өзге де құқықтарды иеленетін жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым;
11) ақпараттық ресурстарды иеленуші - ақпараттық ресурстарға меншік құқығын және (немесе) өзге де құқықтарды иеленетін жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе ұйым;
12) жасырын мәліметтер - мемлекеттік құпияларды құрамайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына немесе тараптардың келісіміне сәйкес қол жеткізу шектелген ақпарат;
13) құжатталған ақпарат - материалдық жеткізушіде өзін бірдейлендіруге мүмкіндік беретін реквизиттермен қоса тіркелген ақпарат. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік

Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің 2 сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады және сонымен қатар,1 шілдеде 1999 жылы қабылданған Азаматтық кодексті (ерекше бөлімін) атап көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған. Ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзгеде заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан(заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1,2-ші тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларынан тұрады. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе,бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады.Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы азаматтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.
Азаматтық құқық-жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Республикасы құқығының бір саласы. Тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынас тардың азаматтық құқықтың пәні болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | ҚР банк жүйесі

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылымитеориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.
Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000 жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда.
Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс.....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚР Конституциясы құрылымы мен мазмұны

Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ещкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді. (Бақұлов С.)
Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Мемлекет түрлері көп болса да, олардың конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері (унитарлық, федерация немесе конфедерация), мемлекетті басқарудың (монархия әлде республика) формалары анықталады, мемлекеттің жоғары органдарының құрылымы, азаматтардың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады. Өзге нормативтік актілердің бәрі Конституцияның ережелеріне негізделіп қабылданады. Сондықтан оның басқа нормативтік актілерде кездеспейтін өзіне тән белгілері болады.
Конституция (лат. constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы. Конституцияның мәні мемлекеттің негізгі заңдылық мүдделеріне, халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен және құзіреттілігімен айқындалады.
“Конституция” деген сөздің латыннан аудармасы “құрылғы”, “жарғы”, “заң” деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған. Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік кесімдерден мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
• Қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
• Құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
• Ең жоғарғы заңдылық күші бар;
• Оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
• Тұрақтылығы. (Бақұлов С.)....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Конституция - деген сөздің латын тілінен аудармасы құрылғы жарғы заң деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып,осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік келісімдерін мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
-қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
-құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
-ең жоғарғы заңдылық күші бар;
-оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
-тұрақтылығы;
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап,құрамына кірген одақтас республикалар егемен,тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды.Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып,жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады.Оларға жататындар:
1.Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклкрациясы.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3.1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.
Аталған конституциялық келісімдер Қазақстанның тәуелсіздігін,дербестігін жариялап,демократиялық,құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы.Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап,бір арнаға келтірді.
Бұрынғы конституциялар социалистік мемлекеттің негізгі заңдары деп саналса,жаңа Конституция демократиялық мемлекеттің Ата Заңы деп жарияланды.Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзінен-ақ байқалады.
Біз ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құра отырып,өзімізді еркіндік,теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып,қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғарғы жауапкершілігімізді сезіне отырып,өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,осы Конституцияны қабылдаймыз,делінген.Оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады.Республиканың бүкіл аумағына тікелей қолданылады.Бейнелей айтсақ,бұл Конституция –мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін,мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді.Адам және оның өмірін,құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып,мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚР мемлекеті және құқық тарихының қайнар көздері

Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т.б. Бұлардың ішінде мемелекет пен құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді.
Заң ғылымы - қоғам ғылымдарының бір саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнінде заң дүниесін, заң құрамын жете танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, мазмұнын атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесін т.б. мәселелерін зерттеумен шұғылданады.
Мемлекет және құқық пәні – қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.
Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚР-дағы саяси партиялар

ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы.
Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.
2. ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы
Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады ....
Рефераттар
Толық