Бар мен жоқ

Бармын деп аспа,
Жоқпын деп саспа.

Барым әзір, жоғым жай.

Жоқтан бары артық.

Бар – балпаң,
Жоқ – жалтаң.

Базар барға – балдай,
Жоққа – зәрдей.

Бар болса, көре алмас,
Жоқ болса, бере алмас.
Мақал-мәтелдер
Толық

Адам, кісі, халық, жұрт

Адам деген ардақты ат.

Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.

Еңбек – адамның көркі,
Адам заманның көркі.

Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.

Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.

Адамның күні адаммен.

Адам бір-біріне қонақ.

Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта.

Адам қайғысы – заман қайғысы.

Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.
Мақал-мәтелдер
Толық

Адам, жан, кісі, көп, көпшілік

Адам бір-біріне қонақ.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ас адамның арқауы.

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Мақал-мәтелдер
Толық

Қарттық, кәрілік

Өмір қартайса да,
Көңіл қартаймайды.

Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай,
Жаман адам қартайса,
Бықсып жанған оттай.

Есік алдында төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.

Асарын асаған,
Жасарын жасаған.

Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жын ұрғанда оқылатын дұға

Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!
Афаһасибтум аннама халақнакум әъбасан уә аннакум иләйна лә туржаъун. Фат-таъла аллаһул машкул һаққа лә иләһа иллаллаһу раббил аршил карим. Уаман йадъу маъаллаһи илаһам ахара.....
Дұғалар
Толық

Атақ, даңқ

Ізгілікпен атыңды мәңгілік қыл.

Тірі өледі, жер қойыны – жатағы,
Ізі қалар болса жақсы атағы.

Атақ – қабілеттің көлеңкесі.

Жауды қара қашырды,
Батыр атақ Барақта қалды.

Атақтының ұяты –
Кедей өлімінің бір аты.

Дұшпанды біреу шабады,
Атақты сәду алады.

Жаман атағың шыққанша,
Жаның шықсын.

Аттанды басқа салды,
Атағы Манасқа қалды.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жаңбыр сұрау кезінде оқылатын дұға

Ең алдымен дәрет алып, Аллаһтан пайдалы нөсер, зиянсыз, қауіпсіз жаңбыр тілейміз. Бұл дұға тасаддық жасағанда оқылады. Тасаддық-садақа, қайыр деген түсінікті білдіреді.
Дұғасы міне: «Аллаһумма әскйнә ғайсән муғий-сән мәриъан нәфиъан ғайра дарйн, ъажилән ғайра ъажилин».

Дұғалар
Толық

Жүрек ауруына қарсы оқылатын дұға

Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим!
Иә мән (сүф, сүф, сүф!) халақани уә сауани. Иә мән (сүф, сүф, сүф!) қарабали уә әднани. Иә мән (сүф, сүф, сүф!) ъазәмәни уә кәфәни. Иә мән (сүф, сүф, сүф!) афазани уә нәжәни. Иә мән (сүф, сүф, сүф!) уә фахани уә һарани.....
Дұғалар
Толық

Қабірді зиярат еткенде оқылатын дұғалар

Қабірлерді зиярат жасау дініміздегі ең жақсы амалдардың бірі. Біз қабірстанға барғанда ең әуелі мына дұғаны оқимыз:
«Әс-сәләму ъаләйкум әһләд-дйәри, минәл мумйнйинәуәл-муслймйинә уә иннә иншааллаһу бикум лә хикуунә (уә йархамул-лаһул-мустәкадй-мийнә миннә уәл-мустәхирийнә).
Дұғалар
Толық

Азаннан кейін оқылатын дұға

Азан айтылып біткеннен соң, мына дұға оқылады: «Аллаһумма Рабба хазихид-даъуатйт-таммати уәссалатил қоймати атй Мухаммаданил уәсйиләтә уәл фәзиләтә уад-даражатар рафиъата уабъасһу макамам мақмуданил-ләзйи уәъадтах уәрзуқнә шафаатаху йаумал кийамах Иннәкә ләә тухлифул мийъад».....
Дұғалар
Толық