Еркем менің (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ел бесігі Ертіс өзен төсінде,
Мамыражай майда қоңыр кешінде,
Қайық қалқып, көңіл шалқып серуенде,
Еркем менің, ерке әнің есімде.

Сағындым ғой сол әніңді сан сырлы,
Сарғайдым да, тағат шіркін таусылды......
Өлеңдер
Толық

Таң самалы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алтын нұр аймалап алапты,
Алаулап арайлы таң атты.
Таң самалы тербеп, тебіренер кеудем
Сен дағы мені тербе, сәулем.

Қайырмасы:

Өзіңдей нұрлы, арайлы таңым
Қуаныш етіп, қараймын, жаным
Аспаны ашық,.....
Өлеңдер
Толық

Шолпаным (Қазақ ауыз әдебиеті)

Шолпаным, қоштаса алмай мен кетіп ем,
Жүректе жақсы үмітті тербетіп ең.
Бірге ойнап, бала болып жүре бермей,
Дариға-ай, неге бекер ер жетіп ем.

Қайырмасы:

Шолпаным, шалғайда
Мені еске алғай да.
Жақсы сөз, жан сырын
Айтса екен ол қайта.....
Өлеңдер
Толық

Уа, жеңгелер, жеңгелдер (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінезім бар кей уақыт құдай атқан,
Борндатқан, бұрқаған, дауылдатқан.
Сол мінезім жақпай ма құрбыларға,
Кездерім көп қыздардан тауым қайтқан.

Қайырмасы:

Уа, жеңгелер, жеңгелер,
Мінез деген өзгерер.
Маған лайық бір сұлу,
Қайдан кез келер?.....
Өлеңдер
Толық

Тербеледі тың дала (Қазақ ауыз әдебиеті)

Түнгі самал егін басын тербейді,
Алыста қыр қарауытып келбейді.
Айдың нұры баяу ғана дірілдеп,
Тың алқапты көкшіл шұғыла көрнейді.

Айлы дала салқын самал тамаша!
Екі ғашық қол ұстасып келе жатыр оңаша.

Екі ғашық қол ұстасып келеді,
Айтылмақ сөз, ақтармақ сыр көп еді......
Өлеңдер
Толық

Есімде (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алматының бозғылт тұман түнінде,
Кеп тұрып ек жасыл терек түбінде.
Сүйемін деп асылып ең мойныма,
Қайда, қайда сол бір елес бұл күнде. - 2 рет.

Айтшы қалқам,қайда,қайда сол уақыт,
Болған ем ғой тапқандай бір мол бақыт.
Маңдайынды сүйіп, сәулем, төсіме,.....
Өлеңдер
Толық

Жігіт сыры (Қазақ ауыз әдебиеті)

Уәделескен жерге келсе, айнала
Жым-жырт, тыныш.Көкте жүзген ай ғана...
Жігіт састы, жігіт қатты мұңайды,
Айналасы боп көрінді айдала.

Жүрек тулап, ол орнында әлі тұр,
'Не істеу керек,ұйқы келмес бәрібір......
Өлеңдер
Толық

Әйтеуір, сол қыз — бір сұлу (Қазақ ауыз әдебиеті)

Білмеймін, Ақтөбе ме, Ақмола ма,
Бір сұлу маған бір күн тап болама?
Қыз таңдап, ел қыдырып жүргенімде,
Шынымен, маған солай бақ қонама.

Қайырмасы:
Айсұлу әлде Нұрсұлу,
Жансұлу әлде Күнсұлу,
Атым білмей қор болдым,
Әйтеуір, сол қыз - бір сұлу......
Өлеңдер
Толық