Жемістер мен көкөністер

Ұйымдастыру оқу іс - әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Күз сыйы» Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, орамжапырақ, картоп) мен жемістер (алма, алмұрт, жүзім, банан, апельсин) туралы түсініктерін кеңейту. Көкөністер мен жемістерді ажыратуға, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету. Зерттеу жүргізу, іздестіру әрекеттерін орындау қызығушылығына тәрбиелеу. Адам еңбегін бағалауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Жұмбақ ән ойын, Бау - бақша, көкөністер (қияр, қызанақ, аскөк, көк пияз) мен жемістер (алма, мандарин, банан) Азығын тап ойы .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Көңілді спорттық жарыс

Мақсаты: Балаларды ойын түрлерімен таныстыру және дұрыс орындай білуге үйрету.
Балалардың спортқа деген қызығушылығы арттырылады.
Ойын барысында шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиеленеді.
Көрнекі - құралдар: 2 кішкентай доп, 2 үлкен доп, 2 қап, шығыршық, бас орамал, себет.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру.
Түрі: ойын, сайыс.

Барысы
І. Оқушыларды ұйымдастыру.
ІІ. Кіріспе
Құрметті ата - аналар, балалар, қонақтар бүгін мектебімізде үлкен спорт мерекесін тойлағалы отырмыз. Біздің арамызда көңілділер, мықтылар, ептілер, батырлар көп екен, соған байланысты біз даярлық сынып араларында КӨҢІЛДІ СТАРТ атты спорттық жарыс өткіземіз.
Құрметті қонақтар енді ортаға сайыскерлерді шақырамыз!
(Әділ қазылар алқасымен таныстыру) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Бала - біздің бақытымыз

Бала негізгі өнегені ең алдымен отбасында ата - анасынан алады. Әркім өзінің баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді болғанын қалайды әрі еңбексүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді.
Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын – ата - ана. Бала тәрбиесі – бесіктен басталады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.
Баламызды мектеп жанынан ашылған шағын орталық тобына жіберіп, тәрбие, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы шағын орталық тобына берген соң ата - ана тәрбиешімен тығыз байланыста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан - жақты білімді болуына көп байланысты.
Кейбір ата - аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтаулатып, баласының тәрбиесіне 30 минут та көңіл бөлмейді, тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бірде бір әрекетін ата - ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін айтып, түсіндіріп, үйретіп отыруы керек. Сонда ғана көп жетістіктерге қол жеткізеді......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Мақтаншақ қоян ертегісі

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеті: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Мықтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: ой толғаныс, салыстыру, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктер: қояндардың, иттердің, қарғаның бет перделері, іздердің суреттері
Сөздік жұмыс: қорқақ, сұр, қоңыр, ақ.
Билингвальды компонент: қоян - заяц, үй қояны - кролик, қарға - ворона

Барысы:
Шаттық шеңбері:
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да
Шуағын төгіп нұр
Сәлем күн Ана! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық