Қайталау – білім анасы

Мақсаты: 1. Жыл бойы өтілетін дыбыстар мен әріптерді қайталау. Буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін бекіту.
2. Ойын элементтері арқылы оқушылардың ой - өрісін, шығармашылығын арттыру, тілін, ойлау, еске сақтау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын кеңейту. Балаларды зейінділікке, өз беттерімен тез ойлауға үйрету.
3. Білім алуға деген құштарлығын, пәнге деген қызығушылығын арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Ойын - сабақ.
Көрнекілік: Қызыл, көк түсті текшелер, магнит тақта, магнитофон, интерактивті тақта, үлестірмелі суреттер, плакаттар.
Әдіс - тәсілдер: Ойын, көрнекілік, сөздік, практикалық......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Құстар біздің досымыз

Білімділігі: Балаларға құстар туралы әңгімелеу. Құстардың көктемгі тіршілігі,
Табиғатқа келтіретін пайдасы туралы кеңінен түсінік беру.
Дамытушылығы: Құстарға қамқорлық жасауға деген көзқарасын кеңейту.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Құстарға қамқорлық жасауға баулу, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, слаидтар көрсету, түсіндіру, ойындар, құстар туралы өлең тақпақтар
Көрнекіліктер: Құстар суреттері, ақкөгершіндер, адам алақаны, ағаштар, инт тақта
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, математика
Сергіту сәті «Торғай, торғай» «Ақ көгершін»

Ұйымдастыру: Қонақтармен амандасу
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанеки бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Достарымен амандасу
Қайырлы таң достым
Ісің сәтке толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын
Ынталандыру сезімдерін ояту
Көңіл күйлеріңіз қалай? Сабаққа дайынсыңдар ма?
Сұрақтар қою
Бір жылда неше мезгіл бар?
Қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай?
Ал табиғатта қандай өзгерістер болды?
Нелер бүршік атып жапырақ жая бастады?
Көп ағаштар қайда өседі?
Ағаштардың адамдар үшін қандай пайдасы бар?
Инт. тақтамен жұмыс .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық