Джек Лондон | Мапуидің үйі

(әңгіме)

«Аораи» атты желкеме қаңқиып зор көрінгенімен қалай бұрса, солай жалтарып, самал желдің екпінімен зырлап келеді. Кеменің капитаны алда көрінген аралға таяна келе соқпа толқындардың жиегіне жетпей салдауыр тастады. Бұл — Хикуэру атолы, су ортасына сақинадай дөп-дөңгелек болып иірілген құм, маржанның үгіндісі, диаметрі жүз ярд, айналасы жиырма миль, биіктігі мұхит суының толқығанда көтерілетін деңгейінен төрт-бес фунттай ғана жоғары. Оның ортасындағы айнадай жарқыраған, суы тұп-тұнық үлкен қойнаудың түбінде меруерт қабыршағы өте көп. Міне қазір де меруерт іздеушілердің суға сүңгіп, жағаға кері жүзіп шығып жатқаны желкеменің палубасынан көрініп тұр. Бірақ атолға өзге түгіл сауда кемесі де кіре алмайды. Оған тек кішкене ескекті катерлер жел оңынан тұрса ғана. ирелеңдеген тар бұғазбен ептеп жүзіп өтеді, ал желкемелер рейдіге тоқтап, жағаға қайық жібереді......
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Абайдың аудармалары


Аудармалық өрнекті Абай тек орыстың классик поэзиясын қотаруға жұмсайды. Байрон, Гете сияқты өзге Европа елдер классиктерінен бірер өленді аударса, оны да Лeрмонтовтың аудармаларынан алып қазақшылайды. Анық орыс классикгерінен Абайдың аудармалары: Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкиннің "Евгений Онегинінен" алып аударған үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалар. Тағы бір жалғыз өленді Буниннен аударған. Ең соңғы зерттеушілердің айтуынша, А. Мицкевичтің кейбір өлеңдеріне үйлес келетін аз аударма да бар делінеді.

Абай жинағында бөлек аттармен әр жылдарға бөлініп бастырылған аудармалардың барлық саны — қырықтың ішінде. Сол қатарда Крыловтың төрт-бес мысалын аударган. Лермонтовтың өз шығармалары мен аудармаларынан алганын қосқанда, отызға жуық өлең аударган.

"Евгений Онегиннен" жасалған аудармалар Абайдың толық жинағында бұрынғы Мұрсейіт қолжазбасында жекеше аталып журген ретпенен жеті бөлек болады.

Міне, қазір біздің жалпы түрде тексеріп өтетініміз — Абайдың осындай мұрасы. Ақындық еңбегінің айрықша тарихтық, мәдениеттік және ағартушылық өзгеше бағасы бар зор еңбектері.

Енді жеке ақындардан жекеше жасаған аудармаларды айрықша талдаудан бұрын, біраз жалпы ойлар айта кету керек. .....
Әңгімелер
Толық

Лев Толстой | Помещиктің сәскесі

I

Князь Нехлюдов жазғы демалысын деревняда жалғыз өткізген бір жылы университеттің үш-ақ курсын бітірген он тоғыз жасар жігіт еді. Күз түсе, жазуға төселмеген шорқақ қолмен нағашы апасы графиня Белорецкаяға сәлем хат жолдады. Әу бастан ол апасын жақын дос, жалғыз жанашыры ретінде әлемдегі ең ақылды әйелдердің санатына қосатын. Француз тілінде жазылған хаттың тәржімесі мынадай:

"Айналайын апатай!

Ендігі өмір - тағдырыма арқау боларлық бір тоқтамға келгендеймін. Мен университетті тастап, қалған ғұмырымды деревняда өткізуге бекіндім, өйткені, әу бастан-ақ сол үшін дүниеге келгенімді енді сезгендеймін. Құдай ақына, жаным апа, маған күле көрмеңіз. Жассың ғой дерсіз, мүмкін, мен әлі бала шығармын, бірақ бүл жайт өз ынта - бейімімді тануыма кедергі болмаса керек, өзгеге жақсылық жасасам деген ықыласымды кемітпесе керек. .....
Әңгімелер
Толық

Астана болашақтың қаласы

Астана – болашақтың қаласы!

«Астана осы сөздің тура мағынасында нағыз астанаға,
тәуелсіз жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының
астанасына айналады» Н.Ә.Назарбаев

1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның Ел ордасы болып жарияланды. Астана бүгін орталық болса, болашақта мәдени-ғылыми орталық болатынына күмән келтіргендер де аз емес еді. Астананың гүлденіп, көркеюі – Қазақстанның дамуының бір белгісі .

Еліміздің ертеңгі болашағы біздер, яғни жастар. Сондықтан әр Қазақстандық еліміздің, жеріміздің өркендеп - өсуіне зор үлесін қосуға міндетті.

Бұл Астана қазақ қазақ болғалы ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен болашағына жол тартатын құтты қонысы болмақ.
Астана жылдан – жылға гүлдеп, жайнап келеді. Сарыарқа төсіне тағылған жақұт алқадай болып жарқырап көрінеді. Астананың тәуелсіз Отанымызбен айбынды Астанамыздың өсіп өркендеуі әрине біздің жастардың қолында. .....
Әңгімелер
Толық

Мұхтар Әуезов | Барымта

Жарық айлы түн еді, Аспан бұлтсыз ашық. Мың сан жұлдыз тұңғиықтанған түн аспанында алыстағы оттай таласып жылтылдап тұр. Июль жұлдызының аяғы болғандықтан, жайлаудағы шеткі қоныстарға өрістеп барған ел енді күзекке.таман қайта көшуге айналып бір-бір қоныс кейін шегініп келіп отырған. Қайтадан елдің бес-алты ауылы Кеңөзекке кешелер қонған болатын. Кеңөзек жайлаудағы шалқар қоныстың бірі еді. Бұның жері биік, кең төскей болатын. Терісаққанның елі жиылып көшкенде, кей кездерде Кеңөзекте он бес-жиырма ауылдай ел сыйып кететін қоныс бар еді. Қойнын ашып, төсін керген жалпақ шалғынды өзектің ортасында Кеңөзектің жіңішке суы ағатын. Бұл қоныстың өзге жайлаулардағы қоныстардың ішінде ең ерекше жері — жаздың қандай ыстық күн болса да, өзге жерден ерекше бір салқыны болатын. Солтүстіктегі биік таулардан асып келіп, үзіліп-үзіліп майысып соғып тұратын қоңыр салқын желі болушы еді. Өзектің айналасындағы төбелер ылғи жасыл шөпке оранып, мәңгі жастық түсінен айрылмайтын сияқтанушы еді. .....
Әңгімелер
Толық

Мира Сембайқызы | Жәрдемақы жыры


Биыл қыс ерте түсіп, қалада жеке жұмыс берушілерде, кімдерге бұйыратыны белгісіз көпқабатты сансыз үйлердің кірпішін қалап, отбасын асырап жүрген Мұқыш жұмыссыз қалды. Ауылдағы бес баласына алатын жәрдемақы, әйелінің айтуынша, бір қап ұн мен бір баллон газ алуға және жарықтың ақшасын төлеуге ептеп-септеп жетеді екен. Бұған да шүкір. Бүгін таңғы ас кезінде әйелі бір әңгіменің шетін шығарды.

— Ана Түкеш бар ғой, соның әйелі «көп балалы» дегеннен өзге тағы да төрт баласына жәрдемақы алады екен.

— Иә, сонымен?

— Мен де құжаттарды жинап, сол жәрдемақыны жасатып көрсем қалай болады? Ең болмаса күн жылынып, сенің жұмысың қайта басталғанша бір себеп болар? — деді күйеуіне сұраулы жүзбен қарап.

— Әй, ол үшін мал басын есептейді деп еді… бізге шыға қояр ма екен? — деп Мұқыш сенімсіздеу жүзбен әйеліне қарады.

— Түкештердің бес сиыр, жиырма шақты қой-ешкісі бар ғой. Сонда да алады. Оларға қарағанда бізде мал басы аз ғой. .....
Әңгімелер
Толық

Cүлеймен Баязитов | Бұлақ


Шың басынан құлдырап,

Құлап аққан тас бұлақ.

Әлденені былдырап,

Айтатындай тұр құлақ.

Әй, балалар, балалар,

Тентекке не шара бар?

Суымды тұнық лайлап,

Мәз боп санын сабалар.

Лақтырып небір қоқысты,

Жағамды сол қоқытты.

Арнама әкеп төгеді,

Күл қоқысты, боқтықты.

Әй, балалар, тентектер,

Басып қансаң шөліңді,

Ластамаңдар төрімді!

Өтінемін сендерден!-

Деп тұрғандай көрінді.



Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық

Рухани жаңғыру


Кез келген адам баласы дүние есігін ашқан соң есейе келе алдына мақсат-міндеттер қояды. Меніңше ең басты өмірлік міндетіміз - рухани жаңғыру.

Рухани жаңғыру адам баласының оның ішкі əлемінің жаңаруы, сана сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы "рухани жаңғыру" дəлел.
Біз рухани жаңғыру барысында, ЖаңаӨзен Политехникалық колледж атынан "жер асты" мешіті "Қараман атаға" барған болатынбыз. Жер асты мешітінің бір ерекшелігі жердің астында орналасқан. Б.з.д жаугершілік заманында "жер асты" мешітін салу арқылы көп отбасыны сақтап қалған екен. Біз жер асты мешітіне барар жолда көптеген əулиелерді көрдік. Оларды шырақшы кім болғанын, неден қайтыс болғанын бірқатар түсіндіріп айта кетті.

"Жер асты" мешітіне жеткеннен соң, "Қараман" ата дау-жанжалды шешіп отырғанын жəне оның қатал адам болғанын да айтты. Шырақшы одан да бөлек тəлім-тəрбие беретін көптеген əңгімелер айтты. Біз рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлерімізбен көзқарасымызды білдірдік. "Екі дəуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру жəне жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша Қазақстандықтар əсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеде деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс - біздің дамуымыздың ең басты қағидасы"

Ендеше, рухани жаңару арқылы əлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туының астында бақытқа бірге жетейік.

Аманқосова Назира

.....
Әңгімелер
Толық

Бауыржан Момышұлы | Хат

Батыста көп шабуылдың бірі.

Аспанды қапылыста қара бұлт қаптап, солтүстіктің сайтаны ұстап, ызғарлы жел долдана соққанда, өңімнен өтіп барады.

Жел кейде айдаһардай ысқырып, ұйтқыта итеріп өте шығады. Кейде аңдай ұлып ышқынып, ішін тартып, үрейлендіре перідей соғып, астымыздағы жануарды тәлтіректетіп, иығынан екпіндей жұлып, бізді ер үстінен ауытқыта жаздайды. Кейде саябырсып, баяулап, сыбырлай жаяу аяңдап, жер бауырлап, орман жапырақтарын сылдырлата желіп, бізді мазақтағандай сылқ-сылқ күліп майда желіске салып, мәймөңкелей жөнеледі.

— Уа, табиғат. Сен де бүгін сағат сайын құбыла құтырып қажыттың - ау, — деді қасымдағы жолдасым қатарласа беріп, — жолдас гвардия полковнигі, алдағы сарайды паналап, біраз тыныс алып, темекі тартсақ қайтеді, — деді.

— Жарайды, — болды менің жауабым. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Шәкен аға

Шәкен аға фильмдерін көрдің бе?

- Көргенмін.

- Соның бірін маған атап бер,- дедім.

- Алдар көсе.

- Дұрыс.

- Бірақ Алдар көсе

Ғасырларда әлденеше

Болған ненің кейіпкері?

- Аңыздың.

Ол аңызда

Алдайтын да,

Арбайтын да.

Тал бойында

Бар өнерін

Арам байға,

Төрелерге

Бүйі дейін тиген елге

Қарсы үнемі

Жұмсағанда,

Шоқтай қарып, от боп жанды.

Аялаған адал жанды,

Аспандаған асқақ әні.

Шәкен ата бейнелеген

Алдар көсе

Тарих болып қалды мәңгі.



.....
Әңгімелер
Толық