Күләш Ахметова (Уақыт)

Барасыңдар қай жаққа кетіп бәрің?
Сырт-сырт етіп тоқтамай өкінтті әр үн.
Бір сөз, бір ой, бір демге ұзарыңдар,
Құдіретті, қуатты секундтарым!
Сағаттардың тілімен құйғып бәрің
Алып қашып өмірдің сыйлықтарын,
Зырлайсыңдар, қуамын күні-түні......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Самайым ерте ағарды)

Самайым неге ағарды білесің бе?
Жүректің тірлік үшін күресінде,
Кем болды қуаныштар үлесімде,
Құлазытқан күндерім жүр есімде.
Шаттығым да санаулы, жеңісім де,
Келе алмадым көбіңмен келісімге.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Жеңеше)

Бар ғой орны тағдырға да өкпенің,
Еркелетер туған ағам жоқ менің.
Көз алдымда жүрмегесін айтамын,
О, жеңеше, айып көріп сөкпегін.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Ақпан айы)

Қалайша іздемейін, жоқтамайын?
Қарасам,
Мұңаяды бақта қайың.
Аппақ қарын төсейді жүрегіме
Ақпан айы —
Өзіңнің кеткен айың.
Сен барда асқақ еді әл-қуатым,
Көңілімнің көгінде Ай туатын.
Мен сияқты іздеумен өтер енді......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Мен туған үй)

Біздің үйден жұрт жаңалық табатын,
Әкем елге хабар беріп жаңа тым,
Әңгіме айтып отыратын, түзетіп
Москваның уақытымен сағатын.
"Соңғы хабар" болып, даусын ашты ма,
Радио тыңдамасаң — бас кінә.......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Аркадийдің фотолары)

Мынау достар!
Жас күніміз бірге өткен.
Аяулы еді, ыстық еді, түу, неткен!
Рахия, Күлтай, Башар, Ізімгүл
Жап-жас болып қарайды ескі суреттен.
Сол бір жылы ыстық жазда, июньде
Түскен едік, басқа — сән де, киім де.
Аркадийдің фотосы ғой,
баяғы......
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Көше)

Көше — толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таныс та, жат дауыс та.
Біреу түсіп келеді "Волгасынан"
Біреу мініп жатқанда автобусқа.
Көше — толқын, жатқандай Арыс тасып.
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Жаңа ғана екі адам айрылысқан......
Өлеңдер
Толық