Экономика | Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесінің дамуы

Несие жүйесінің негізгі буыны – банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс – жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Капиталистік банктердің алғашқы ізашарлары Флоренция мен Венецияда 1587 жылы айырбас ісінің негізінде, яғни әртүрлі елдер мен қалалардың ақшасын айырбастауда пайда болды. Банктердің негізгі операциялары ақшаны сақтауға қабылдау мен ақша есеп айырысуды жүргізу болған. Ақшасыз есеп айырысуды жүргізудің мәні – екі клиенттің қатысуымен банкирдің кітабына бір шоттан екінші шотқа белгілі бір соманы аударып жазу. Кейінірек ол осындай негізде Амстрдамда (1609 жыл) және Гамбургте (1618 жыл) ұйымдастырылды.
Карл Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі...»
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу – сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізіледі.
Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады.
1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны
қарыз капиталына айналдыру.
2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру,
бағалы қағаздармен операция жүргізу.
3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлі шаруашылық
субъектілерінің төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады.
4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиенттің тек
жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерде вексельдерді шығарумен де несиелейді.
5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, ұлттық банк. Әр мемлекеттерде ұлттық банк әртүрлі аталады. Мысалы: бұрынғы КСРО – да ол мемлекеттік деп, ал қазір Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Ұлттық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие – есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің – жоғары деңгейіндегі банк. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары

Шаруашылық – қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын – белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражатын қалыптастырып пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәрбиесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат – міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылады. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындармен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары – материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылғанды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық – қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленетін, сондай – ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп – қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тұтыну қорын жұмсау ауқымы; кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.....
Рефераттар
Толық

Қаржы | Коммерциялық банктің сенімгерлік операциясы

Сенімгерлікпен қызмет көрсету –меншікті, клиентке тиесілі басқа активтерді басқару жөніндегі операция. Бүгінгі таңда сенімгерлік операциясының маңызы жоғары болғандықтан банк нарық пен клиенттің арасында өкілетті делдал ретінде алға шығады және оларды орындаудан өзіне көптеген пайда түсіреді.
Әлемдік банк іс-тәжірибиеде коммерциялық банктердің өз клиенттеріне көрсететін әр алуан комиссиялық делдалдық қызметтердің бір түрі ретінде сенімгерлік операцияның пайда болуын және олардың шапшаң дамуын мынандай бірнеше обьективті себептермен байланыстырып түсіндіруге болады:
-банк өтімділігінің проблемасы, дәстүрлі ссудалық банк операция түрлеріне тәне құбылыстың кемуі, сондай-ақ шешуші міндеттердің бірі болып табылатын өтімділіктің қолайлы деңгейін сақтап отырып, операция табыстылығын арттыруға банктердің ұмытылысы;
-банк клиентурасының, әсіресе, өнеркәсіп кәсіпорындарының банктен қызмет көрсетудің кең ауқымды жиынын пайдалануға өсе түскен ынтасы;
-ссудалық капитал нарығындағы бәсекелестіктің клиент үшін банктердің арасында жүріп жатқан күрестің күшеюі, жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да көрсететін жаңа қызмет түрлерінің пайда болуы мен дамуы;
Банктер үшін қызмет көрсетудің басқа түрлерімен салыстырғанда сенімгерлік операцияның артықшылықтары.
Сонымен бірге спенімгерлік операциясын жүргізу персоналдан көптеген салаларда жоғары біліктілікті талап етеді: заңды білу, инвеститциялық қызметке машықтану, меншікті басқару.
Сенімгерлік тараптардың бір-біріне сенімді болғанын, өзара қарым-қатынасын сенім негізінде құруын ұйғарады.Тараптардың бірі меншікке (мүлікке, ақшалай қаражатқа, құнды қағаздарға, мүліктік және басқадацй құқықтарға) қалай өкімгерлік ететініне жауап беретін болса, екіншісі әлдекімнің пайдасына жауапты болады. ....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | Етістік шақ тұлғаларының қалыптасуытуралы

Сөз таптарының басқа түрлеріне қарағанда етістік жайлы М.Қашқаридың «Диванында» толық айтылады. Осы етістіктің қай категориясы болмасын «Диван» тілінде тек қана көрініс тауып қана қоймай, арнайы түсіндірілген. Сөз болып отырған «Диван» тіліндегі етістік категорияларының ішінде шақ тұлғалары «Диван» тілінде біршама көп вариантты болып табылады. Шақ тұлғаларының мән-мағынасы мен қолданылуы әркелкі болады.
Кәзіргі түркі тілдерінің бәрі қазақ тілінде қолданылатын шақ тұлғаларының грамматикалық мән тұрғысынан да, морфологиялық жағынан да, фонетикалық сипаты жағынан да белгілі дәрежеде «Диван» тіліндегі сондағы тұлғалармен байланысты. Сонымен бірге Махмуд Қашқаридың жеке тұлғалардың қолданылу ерекшелігі мен мән мағыналарын түсіндіруі сол тұлғалардың кәзіргі қазақ тіліндегі ұзақ уақыт бойы ұшыраған өзгерістердің белгілі дәрежеде түсінуге мүмкіндік береді.
«Диван» тілінде ашық райдың өткен шағы етістікке –ды/ -ді,-ты/- ті,-дук/-дүк,-мыш/-міш қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады,-ды қосымшасы қазіргі қазақ тіліндегідей жедел өткен шақтық мән береді. Бұл тұлғаны М.Қашқаридың өзі былай түсіндіреді: «өткен шақ тұлғасы барлық етістіктерден –ды қосымшасы қосылу арқылы жасалады және бұл қағида ешқашан өзгермейді». Мысалы: Ол аны уруб қамтурды- -Ол оны ұрып құлатты. Сөйлемді жақсарту үшін соңғы дыбысы қатаң әріптерге аяқталған негіздерден жасалған өткен шақ етістігінің қосымшасы –ды-ты-ты-ға ауыстырып қолданған дұрыс –дейді М.Қашқари. Алайда М.Қашқаридың «Диванында» қатаң дыбысқа аяқталған түбірге де –ды түрінде жалғану кездеседі. Мысалы: Ерет бічді- ер кісі ет кесті. Құл тәңріге тапды- құл тәңріге табынды.
Бұл мәліметтерге қарағанда ιιι ғасыр тілдерінің кейбір ерекшеліктерінің әлі жайылмағандығын және дауыссыздар үндестігінің әлі толық қалыптаспағандығын байқауға болады. Дегенмен, Қашқари т қатаң дауыссызына аяқталып, -ды қосымшасының басқы дыбысы соның әсерінен т- ға айналуына арнап мысал келтіреді. Тюркологияда жедел өткен шақ тұлғасы ең әуелі д дыбысынан емес, қатаң т дыбысынан басталғандығы жайлы айтылған. Бұл әсіресе Орхон-Енисей жазбаларында –ты вариантының көп қолданылуына негізделген. , жақ жедел өткен шақ құрамындағы –ы дыбысының протезалық қызметімен қоса «Диванда» оның әртүрлі дауыстыларға ауысып айтылуы кездеседі. Бұл жайында Қашқари түсініктемесінде: «Түріктер –д әрпін кәсра қылып бардым» дейді. Бұл қағидаға дұрыс келеді. Ал оғыздар мен кейбір басқа тайпалар –ды-ны фатха қылып «бардам» дейді арғулар мұны дамма қылып «бардум,келдүм» деп айтады. Бұл қағидадан алшақ.Бірақ тайпалар арасындағы айырмашылық осындай,»-дейді.Қашқаридің бұл пікірі зерттеулерде фактілік дәлел тапты. Алтайст Рамстедт алтай тіліндегі бір кезде 111 жақты білдірген жіктеу есімдігі ретінде қарайды. Осы есімдіктің ісі қазіргі Шанчжур тілінде де сақталған.-ды аффиксі езулік дауыстыларды бар буыннан кейін жалғанады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.
Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелері және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
Қолданылып жүрген заңда текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зайыптылар өз қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқығы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте ерінің тегін) таңдайды.
Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ ҚСР-інің неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.
Қызмет пен мамандықты ерікті таңдау құқығы ерлі-зайыптылардың оқу орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған мамандық бойынша жұмыс орынның табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінің шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың екі жақты келісімдері бойынша отбасы мүддессін ойластыра отырып жүзеге асыратын ісі. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Екі жақты жазу тәсілінің Германияда дамуы

«Немістер өз кітаптарын өте әдемі жүргізеді және жазуларын өте ұқыпты жазады. Олар Италяндықтардан үйренді»- деп жазды Ян Импин. [цит: 151, с 83]. Бірақ олар бұның бастысын емдеу жағынан қабылдады. Немістердің идеясы италяндықтар секілді қаржылық әскерелеу есебіне сәйкестендірілген жоқ, керісінше материалды жауапты тұлғалы факторлармен ішкі есептерді ашу болып табылады. 1531 жылы Иоган Готлиб италяндық бугалтерияны немістің факторы мен қолдануға әрекет жасап көрді. Немістік және Италяндық синтездеу идеясын жалғастырушы немістің ірі бухгалтерлері Вольфганг Швайкер (1549ж) және Христоф Хагер (1654 ж) болды.
Есептің мақсаты: В. Швайкер бухгалтерияны табысты есептеудің және анықтаудың есебі ретінде құрастырды.
Әр ұйым және қожайыны үлкен,
Есепшілікті білуге тиіс
Тексергісі келгенде басқаны
Қанша қаражаты білгісі келгенде
Дәл осы жар ойды ол бұдан неғұрлым үлкен жоспарға анықтады: ретсіздікті немесе анығырақ айтқанда ретсіздіктен реттілікті дүниеге әкелді. Біз В. Швайкердің жұмысында біз бухгалтеряны анықтығын таба аламыз, ол сол уақыттың ерекше «іскер адамдардың» типтік есебін көрсетеді: «Бухгалтеря басқа бір есептерге ұқсамайды, ол сауданың және келісімін епті суреттемесіне» немесе жазбасы. Осыған қоса ол үй жұмыстарында, кіріс кезінде, түсім және басқада операциялар кезінде және тауарды жіберу, қабылдап алу, сатып алу, сату т.б. Есепті көріністерде есептің дұрыстығы және епті тәсілмен есептеу қатесіз, тез және қиындықсыз соңғы шешімге келеді.
Қаржылық есептің шапшаң нәтижесі үшін тағы да төрт ой келді. Факторлы бухгалтерияның шеңберінде Х. Хагер ой қозғады: «Бухгалтерлік есеп- ол әдемі, бейнелі, мұхият сараланған, барлық шығыстармен кірістердің құралу және жасалу жолдарын, оған қоса девиторлар мен кредиторлардың есебін әр уақыт, әр мезгіл, әр сағат немесе әр минут істің мән жайын біліп отыру үшін, және олардың (ілгерілік) прогресс жағдайында ма әлде (кері кету) регресс жағдайында ма, қысқаша айтқанда мүлік иесінің ұтылып немесе ұтып жатқанын көрсетеді»- деп жазды Х. Хагер.
Сонымен бухгалтерлік есептің мақсаты- мүлік иесінің ұтылыс жағдайында және ұтыс жағдайында екенін көрсету, шеттен алып шығару, бірақ ол барлық Италяндық неміс бухгалтерлер үшін емес. ....
Рефераттар
Толық

География | ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУ ТЫҒЫЗДЫҒЫ

Адамзат баласы өзінің тарихында жер шарының территориясына бірте-бірте қоныстанды. Дүниежүзінде халықтардың қоныстануы бірқалыпты емес. Кейбір аудандарда халық сирек орналасса, кей аудандарда халық тығыздығы 1 км2-ге 1000 адамнан келеді. Адамдар қоныстанбаған аймақтарға оңтүстіктің поляр белдеуіне жақын орналасқан, яғни күннің ыстықтығы 78°-қа жететін, солтүстікте күннің суықтыш 54°-қа жетегін аймақтар жатады. Теңізден 5000 м. биіктікте орналасқан Тибет және Перу таулы аудандарының кей жерлерінде де адам мүлдем тұрмайды. Сондай-ақ, Орталық және Оңтүстік Батыс Азия және Солтүстік Африканың шөлдерінде адам тұрмайды деуге болады.
Ал Еуропа, Австралия және Мұхит аралдары мемлекеттерінің 10/9 бөлігінде халық орналасқан. Африка мен Оңтүстік Американың хадықтарының көпшілігі теңізден 500-1500 м. биіктікте орналасқан өңірлерде тұрады. 500-1500 м. биікте Африканың 34,6%, Оңтүстік Американың 27,5% жері орналасқан. Халықтың 3/2 бөлігі теңізден 1000 метр биіктікте орналасқан жерге қоныстанған мемлекеттер бар. Олар Боливия (88%), Перу, Мексика, Ауғанстан, Эфиопия елдері. Нидерланды, Польша, франция, Жапония, АҚШ т.б. мемлекеттер тұрғындары теңізден 500 м. биіктікте тұрады. Тіпті Нидерландияның 5/2 бөлігі дамбалармен судан сақтану үшін қоршалған аймақта тұрады. Жер жүзінде құрғақ аймақтарға қарағаңда теңіз жағалауларына орналасқан қалаларда халық тығыздығы басым болады.
Дүниежүзі бойынша 1920 жылы 1 км2 жерге халықтың аздығы орташа есеппен 13 адамды құраған. Ал 1950 жылы 1 км2 жерге 18 адамнан, 1983 ж. 34 адамнан келген. Өнеркәсібі дамыған елдерде елді мекендерде халық сирек орналасады да қала халқы тығыздығы басым болады. Халық өте тығыз орналасқан Үндістан мен Бангладеш мемлекетінде де урбанизация өте төмен қарқынмен жүреді.
Халықтың тығыздау орналасқан мемлекеттер қатарына егіншілік дамыған Ніл өзені бойындағы Африка мемлекеті, Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс, Шығыс Азия мемлекеттері жатады. Дүниежүзі бойынша халық ең тығыз қоныстанған жер Сижаггурда - 6742; ең сирек қоныстанған жер Батыс Сахарада - 0,9, Моңғолияда - 1,7 адамнан келеді.
Рссейде 1 км2-ге 8,5 адамнан келсе, Орта Азия мемлекеттерінде қоныстану тығыздығы әркелкі. Өзбекстанда 1 км:-ге - 57,1 адам. Қазақстан Республикасының жер көлемі 2.727 9 км2 Қазақстанда халық тығыздығы 1 км2-ге 5 – 5.5 адам болып саналады.
Еуропада халық тығыздығы санаулы ғана мемлекеттерден көрінеді. Нидерландияда 1 км2-ге - 352, Бельгияда - 336,9 Ұлыбританияда - 244,3 адамнан келеді- Жерортатеңізі жағалауы мемлекеттерінде де халық тығыз орналасқан. Халықтың сирек орналасуы Еуропаның таулы аудандарына және Финляндия, Исландия, Скандинавия т.б. елдерге тән. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның тікелей оқытушылық қызметпен айналысқанын көрсететін бірнеше нақты мәліметтер бар.
Әлкей 1915 жылы Баянауылдағы үш кластық орыс мектебіне оқуға түсіп, орыс тілін үйреніп, әдебиет, есеп, тарих, жағрапия пәндерінен білім алып, мектепті 1918 жылу бітіріп шығады. Мектепте жақсы тәлім-тәрбие алған Әлкейдің өнер-білімге құштарлығы артып, үлкен қалаларға барып оқуды арман етеді.
1919-1920 жылдары Павлодар қаласындағы мұғалімдік курста оқып, мұғалім мамандығын алады да, содан соң 1920-1921 жылдары Баянауыл аудандық 1-ші дәрежелі екінші Далба мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. 16 жастағы ауыл мұғалімі білімінің жеткіліксіздігін, толыспағынан сезіп, 1921 жылы Семей педагогикалық техникумына түседі. Оған сол оқу орнына түсуге себепші болған академик Қаныш Сәтбаевтың ағасы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев болғаны туралы мынадай мәлімет бар:
«1920 жылы Баянауыл ауданының Далба деген жеріндегі мектепте сабақ беріп жүрген Әлкейге Әбікей Зейінұлы Сәтбаев көңіл аударып, оған өзі ректор болып істейтін Семей техникумына келіп түсуі жөнінде ұсыныс жасайды. Әлекең бұл ұсынысты куанышпен қабылдайда да, 1921 жылы сол оқу орнына барып түседі. О заманда дала өлкесіндегі ең қадырменді болып саналатын осы техникумды 1925 жылы табысты түрде аяқтайды. Мұнда техникум қабырғасында сол 1921 жылы Әлекең әдебиет пәнінен сабақ беретін Мұқтар Әуезовпен танысады. Мұқаңның өзі айтқанындай, Әлкей оған білмекке құмарлығымен, жастығына қарамастан гуманитарлық мәселедегі ой-өрісінің кеңдігімен қатты ұнайда да, оған бірден көңіл бөліп, қамқорлығына алады, біраз уақыттан кейін оны пәтеріне өзімен бірге тұруға шақырады /1, 32 бет/.
М.Әуезов Әлкейге техникумды бітірісімен оқуын жалғастырып, жоғары білім алуы керек екенін, Ленинградта оқуы керек екенін қайта-қайта айтады, оған Герцен атындағы пединститутке жолдама алып береді. Әлкей Мұқаңның айтқанын шын жүрегімен қуана қабылдап, 1925 жылы онымен бірге Ленинградқа аттанады да, Шығыс институтының түркология факультетіне түседі, мұнда оқумен бірге зерттеу жұмысымен де шұғылданады, шығармашылық үйірмелерге белсене қатысады. Әлкей бұл жерде де көзге түседі, көп үміт күттіретін жас ғалым ретінде, оған профессорлар назар аудара бастайды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Валюталық саясаттың түсінігі және түрлері

Валюта дегеніміз - бұл айырбасқа түсетін әркімге ортақ эквивалент болып табылады. Валютаның бірнеше мағынасы бар, бұл біріншіден, бір елдің ақша бірлігі; екіншіден, шет ел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу және төлем құралдары. Әр елдің өзіне тән ортақ валютасы бар, валютаның көтерілуі немесе төмендеуі мемлекеттің күрделі проблемаларына әкеліп соғады. Осыған орай валюта мемлекетте үлкен роль атқарады. Мысалы, біздің валютамыз – тенге болып табылады, яғни, ол мемлекет үшін теңгенің көбеюі ақшаның құнсыздануын көрсетеді.
Ақшаның құнсыздануы деген, инфляцияға әкеліп соғады. Жоғары да айтып кеткендей валютаның екінші түрі шет ел мемлекеттерінің ақша бірлігі, егер біздің елдің валютасы әлемдік нарықта белгілі бір рөлі болу, маңызды роль атқарады. Қысқаша, валюталық бағамы болу керек. Ал үшіншіден кез-келген елде оңай айырбасқа түсе алу керек. Менің ойымша, егер дүниежүзінде ортақ валюта болса оңайға түсер еді. Өйткені ешқандай айырбастыңда,қиындықта болмас еді. Әр мемлекет бір-біріне қолындағы валютасымен еркін түрде кіріп, шыға алар еді. Әрине, бірақ бұның да көптеген дұрыста, бұрыс жақтары бар. Дегенмен де әр елдің валютасы өзіне ыңғайлы сондықтан, әр бір елдің валютасы өз бетінше дамып, дүниежүзілік нарықта танымал болып, статусы жоғарлай берсін. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Ас бұршақтың халық шаруашылығындағы маңызы

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту Қазақстанның экономикалық саясатының бірден-бір маңызды басымдығы болып табылады. Агроөнеркәсіп кешені – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және Республикамыздың тұрғындарының жартсына жуығының тұрмыс жағдайына тікелей әсері бар экономикамыздың аса маңызды салаларының бірінен саналады. Қазақстан халқының 47%-ы ауылдық жерлерде өмір сүреді. Еліміздің экономикалық белсенді тұрғындарының 1/3-і аграрлық салада еңбек етеді. Мемлекетіміздің жалпы өнімінің 5,3%-ы аграрлық сектордың үлесіне тиесілі.
Соңғы бес жыл ішінді ауыл шаруашылығы саласында өнім өндіру көлемінің өсімі орта есеппен жыл сайын 4%-ды құрап отырды. 2009 жылы ауыл шаруашылығы өндірген жалпы өнім көлемі 1трлн. теңгеден асып, 1386,9 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде егіншілік саласында өнім көлемі 829,3 млрд. теңге, мал шаруашылығында 557,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі тиісінше 113,2 және 102,6%-ға тең болды. 2009 жылдың қорытындысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,6 трлн. теңгеден асты.
Қазір еліміздің астық өндірушілері өнімдерін сақтау мен өткізуде күрделі қиындықтарға тап болып отыр. Міне, осы проблемаларды шешу мақсатында еліміздің агроөнеркәсіп кешенін 2010-2014 жылдар аралығында дамытудың стратегиялық жоспарында кешенді шаралар қарастырылған.
Агроөнеркәсіп кешенінің 2010-2014 жылдарға арналған даму бағдарламасында белгіленген кешенді шараларды іс жүзіне асыру аграрлық саланы әртараптандыру үрдісін қорытындылап, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа сапалық деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді. Оның бүгінгі жаппай жаһандану дәуіріндегі бәсекелестікке қабілетін шыңдап, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ішкі азық-түлік рыногындағы тұрақтылықты нығайтып, еліміздің экспорттық әлеуметін арттырады.
Ал, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында (6-ақпан, 2008 жыл) дамудың жаңа кезеңі, ол агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр.
... Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға өсу үстінде жіне тұсатай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан біз оған ақша салуымыз қажет. Ауылдың бұған екпінді еңбегімен және жоғары қайтарымымен жауап беретініне сенімдімін.
… елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту керек…
… Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қабылдауды тапсырамын. Шикізат өңдеуге айрықша назар аудару қажет…» деп атап өтті. ....
Рефераттар
Толық