Химия | Парафинизация процессі

Мұнайдың пайдалы қазба екендігі бұрыннан белгілі. Археологтардың мәліметі бойынша мұнайды 5-6 мың бұрын ашып, пайдалана бастады. Ең ерте мәліметтер Евфрата жағалауларындан, Керчиден, Сырчань, Қытай провинциясынан табылған. «Нефть» сөзі яғни «мұнай» сөзі «нафта» сөзінен шыққан. Кіші Азия халқының «просачивать» деген сөзінің мағынасын білдіреді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 16 ірі мұнай бассейндері бар екені белгілі - Каспий маңы, Үстірт – Базаның, Маңғыстау, Арал, Сырдария, Оңтүстік Торғай, Солтүстік Торғай, Солтүстік Қазақстан, Теңіз, Шу-Сарысу, Батыс Іле, Шығыс Іле, Балхаш, Алакөл, Зайсан, Іртіш маңы.
Қазақстандағы ең алғашқы мұнай өндірісіне Орал – Каспий мұнай қауымдастығының (ОКМҚ) 1911 ж. Доссор ауданындағы өндірісін жатқызуға болады. Пеине, Макат, Бурен маңында, Доссор ауданындағы №3 скважиналарда 1911 ж. 29 сәуірде 225-226 м тереңдіктен өте күшті мұнай фонтаны шықты, ол 30 сағат бойы ағып, соңында мұнайды жандырудан басқа амал болмады. Өрт бірнеше күннен кейін құм кептелген соң тоқтады. Фонтан арқылы 17 мың тонна жеңіл мұнай алынды.
1915 ж. 31 мамырда Доссордан кейін екінші мұнай орны – макат ашылды. Революция алды кезеңіне дейін макаттағы мұнай өңдеу ісін негізінен «ОКМҚ» мен «колхида» қауымдастығы жжүргізді.
1911 – 1917 жж. Аралығында Доссорда 11 мұнай фонтаны болды. Революцияға дейінгі кезеңде Доссорда 19891 метраждық 100 экплуатациялық скважина болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | Дәрілік өсімдіктер

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі.Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді.
Халықтың денсаулығын сақтауға, ұзақ жыл өмір сүруге деген талпыныстары әрқашан да белсенді болған. Осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазір қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Ал дәрілік өсімдіктерді зерттеу әдісі XVIII – XIX ғасырларда қолға алынып, 1878 жылы Н. И. Анненков «Ботаникалық сөздік » атты кітап құрастырды. Белгілі орыс агрономы А. Т. Болотов « Экономикалық дүкен » атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар жариялады. 1912 жылы профессор В. К. Варлихтың « Орыстың дәрілік өсімдіктері » атты еңбегі жарық көрді. Кейінірек С. П. Боткин, Ф. И. Иноземцов сияқты көрнекті ғалымдар қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылып жүрген жалынгүл және меруертгүл тәрізді тамаша өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізді.
Дегенмен патшалық Россияда дәрілік өсімдіктерді пайдалану ісі ойдағыдай болған емес. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана біздің елімізде шипалы шөптерді зерттеу ісі кең қанат жайып, мемлекеттік маңызға ие болды. 1921 жылы РСФСР Халық Комиссарлары Советі дәрілік өсімдіктерді жинау туралы декрет қабылдады. Ал 1925 жылы дәрілік өсімдіктер жөнінде тұңғыш рет Бүкілодақтық кеңес болып өтті. Міне, содан бері бұл салада біздің елімізде біршама жұмыстар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктерді зерттеумен алуан түрлі мамандық иелері – ботаниктер мен фармацевтер, фармакологтар мен әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер шұғылдануда. Бүкілодақтық дәрілік және хош иісті өсімдіктер институты (ВИЛАР), Бүкілодақтық химия-фармацевтика ғылыми-зерттеу институты (ВНИХФИ), РСФСР Денсаулық сақтау министрлігінің аптека ғылыми-зерттеу институты (ЦАНИИ) сияқты көптеген ғылыми-зерттеу институттары жемісті жұмыстар жүргізуде ....
Курстық жұмыстар
Толық

Химия | Импульсті гидрожетек

Соққы әсерлі механизмдерді қолдану машина жасауда ХІХ-ғасырдың соңын ала басталған, бірақ кең қолдануға ХХ- ғасырдан бастау алады, ол тау жыныстарын бұзудың үнемді тәсілдерін іздеуге байланысты орын алды. Алдымен ол пневматикалық механизмдер, ал 50-жылдардан бастай – электрлік гидравликалық. Соңғылары белгілі артықшылықтарына байланысты кең тарады. 70- жылдардан бастай бұл механизмдер машинаның негізгі бөлігіне аз реакцияда нысанға жоғары салмақ түсіру керек жағдайларда, өндірістің барлық салаларында пайдаланылады. Ол – гидробалғалар гидротерфораторлар, буто бойлар, қойсытқыштар,т.б.
Пайдалы жұмысты атқарудың соққылық тәсілі аса болашақты болып табылады. Бірақ импульсті энергия түрлендірудің күрделілігі мен ішкі динамика мәселелері импульсті жетектің тек ХХ-ғасырда пайда болуына себеп болды.
Қазіргі кезде импульстік варианттар жетектердің барлық түрлерінде белгілі.
ТМД – елдеріндегі соның ішінде Қазақстандағы ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыстардың жоғары деңгейде екендігіне қарамастан, мұндай конструкциялардың дамыту көбіне шетел фирмаларының үлесінде: Финляндия, Швеция, Англия, Жапония және т.б. елдер. Дегенмен де импорт алмастырудың экономикалық ұтымдылығы, отандық конструкциялар әзірлеуді талап етеді. Ол конструкциялар әрі арзан, әрі технологиялы болуға тиісті. ТМД елдеріндегі ғылыми орталар әзірлеген теориялық және тәжірибелік зерттеулер (Қ Р Ғ А, қырғыз ҒА, Кар МТУ, А.А.Сокощинскй, ТКИ, т.б.), аса жетілген елдердегі бұл сұрақтың бүгінгі таңдағы күйлеріне сай келеді, бірақ оларды технологиялық игеру және жобалау мен пайдаланушы мамандар дайындау мәселелері әлі бар.
Бұл курста ТМД елдері ғалымдарының соңғы жылдарда жарияланған «Импульсты гидрожетек» саласындағы еңбектерімен танысамыз.
Сондықтанда бұл пәннің «гидравликалық машинар, гидрожетектер және гидропневмоавтоматика» мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер үшін маңызы зор. Бұл пән студенттерді импульстік гидрожетектердің теориялық негіздерімен және оларды есептеу принциптерімен таныстырады.
1. Импульсті гидрожетектердің (ИГЖ) құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері.
Өңдеу нысанын импульстік салмақпен қамтамасыз ететін гидрожетектер - импульстік гидрожетектер (ИГЖ) – деген ортақ аталыспен белгілі. Олардың құрылымы көлемдік немесе гидродинамикалық машиналарға негізделуі және кинематикалық тұйықта энергия түрлендірудің аралық буыны болып табылатын - соққыштың (бос) болуымен немесе болмауымен сипатталуы мүмкін. Осылайша, гидрожетектер варианттарын келесідей бөлген ұтымды: ....
Курстық жұмыстар
Толық