Саясаттану | Мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.
Саясаттанудың қалыптасуы эволюциясы саяси-ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген: философиялық, эмпирикалық және эмпирикалық көзқарастарды сынау кезеңі немесе қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретінде қалыптасу кезеңі.
1. Философиялық кезең жуықтап айтқанда Аристотельден бастап, Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең (1861-1865)
2. Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын қамтиды.
3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзем.
Шамамен алғанда 19-ғасырдың екінші жартысынан бастап саясаттану дербес ғылым ретінде, академиялық пән ретінде қалыптаса бастады.
1857 жылы АҚШ-тағы Колумбия колледжінде Фрэнсис Либер тарих және саяси ғылым кафедрасын ашады. 1880 жылы осы колледжде алғашқы саяси ғылым мектебі ұйымдастырылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақ диаспорасының мәселелері

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы ТМД шеңберіндегі қазақ диаспорасының мәселелері мен Қазақстанның көзқарасы (1991-2006жж) тақырыбын зерттеуге арналған. Жұмыста қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесіндегі жаһандану, аймақтану, кірігу үрдістерінде - тәуелсіздікке қол жеткізген жас мемлекеттердің ішіндегі Қазақстанның тарихи жағдай тәлкегімен тағдырдың айдауымен жат жерлерге қоныс аударып кеткен алаштың мыңдаған ұрпақтарының тарихи отанымызда бас қосуы, атамекеніне қайта оралуы, қандастарымен кеңінен қарым-қатынас орната бастауы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Ғылыми жұмыста Қазақстан мен ТМД елдерінің арасындағы екі және көпжақты саяси, мәдени қарым-қатынастардың қалыптасуы, дамуы және болашағы жан-жақты қарастырылады.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда әлемдік мәдени ынтымақтастық үрдісінің күрделене түсуі халықаралық қатынастар жүйесінің дамуына елеулі ықпал жасауда. Алыс және жақын шетелдердегі қазақ диаспорасы қазақ ұлтының үштен бірі немесе 4,3 миллион адамды құрайды. Олардың көпшілік бөлігі Кеңестік кезеңдегі революцияның және азамат соғыстары, зорлап ұйымдастыру, ашаршылық, жаппай қуғын-сүргін салдарынан өздерінің тарихи отандарынан кетуге мәжбүр болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық