Психология | ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР

І. КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Белгілі бір адамған тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасын , тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктері.
Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес , жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиетінің бірі болып табылады.
Темперамент – жас балалардың ойыны үстінде , түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалды.
Темперамент – жүйке-жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардлың эмоциялық қозғалғыштығынан, қимыл-қозғалысынан , жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент-организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен , әсіресе, жоғарғы жүйке қызметінің тума қасиетерімен шарттас.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің темпераментінің дамуын зерттеуді әдістемелерін жинақтау.
Курстық жұмыстың міндеттері.
Темпераментті дамыту жолдарына байланысты теориясын шолу
Темпераментті даму деңгейін анықтап, соларға байланысты амал-тәсілдерді қолдану
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушылар мен жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Темперамент жөнінде түсінік

Темперамент жөнінде түсінік.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Писхология | Қарым – қатынас психологиясы

Қарым – қатынас психологиясы.
Адам қоғамнан тыс өмр сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келсімен екәншә біп адаммен қарым- қатынасқс түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен аралысып, дұрыс қарм-қатынас жасай білу де қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екндігі белгілі. Өзгелеромен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ

1. Психикалық даму шарттары. Даму - баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінің сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген тәжирибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық-тарихи тэжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады. Бұл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады.
Адамның жоғарғы формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін, білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас. ....
Курстық жұмыстар
Толық