Алтын бала

Барабаншының әйелі шіркеуде болып, әр түрлі сурет және ағаштан жасалған бұйымдармен безендірілген жаңа альтарьға сұқтана, қарады. Олар көздің жауын алардай еді. Басын айналдыра зерлеген кенеп матадағы суреттер де, ағаштан жонылған, сосын боялып, алтын жалатқан бұйымдар да, шынында да, көз қызығарлықтай болатын. Суреттегі адамдардың шаштары күн сәулесімен шағылысып, алтындай сан құбылып, соншалық ғажап болып көрінді. Ал күн сәулесінің сұлулығы одан да ерекше болды......
Ертегілер
Толық

Бағбан мен мырзалар

Астанадан бір мильдей жердегі ескі усадьбаның нақ ортасында шомбал қабырғалы етіп, айшықтандырып салған байдың мұнаралы, сәнді үйі тұрушы еді. Бұл үйде айналаға әйгілі ерлі-зайыпты бай дворян мекен ететін. Расын айтсақ, олар мұнда тек жазда ғана келіп тұратын, бірақ олардың ен бір сүйікті жері болды. Үйдің сыртына іші сай әрі ыңғайлы, әрі жайлы-ақ еді. Оның маңдайшасына үй қожасынын тастан қашап салынған гербі үйдің сәніне сән қоса түскендей. Бұл гербті ғажайып райхан......
Ертегілер
Толық

Бар онда әкел мұнда


Бұрынғы заманда бір патша бар екен, ол патшаның бір жақсы уәзірі болыпты. Сол уәзір тағдыр жетіп өліпті. Өлген уәзірдің бір жақсы баласы қалыпты. Баланы патша шақырып алып:

— Сен маған әкеңнің орнына қызмет қылып, уәзір болуға жараймысың? – депті. Бала тұрып сонда:

— Сіз уәзірлікке ұнатсаңыз, жарар едім, – деп жауап беріпті.

Патша оны қабыл көріп, уәзірлікке алады. Бала патшаға күніне тоқсан үйрек атып беріп қызмет етеді және қандай қызметке бұйырса да әкесінен артығырақ етіп орындап, патшаға жағымды болады.......
Ертегілер
Толық

Қали мен Қази


Бұрынғы заманда Қали мен Қази деген ағайынды екі жігіт болыпты. Екеуі бірнеше жыл жер астында жүріп, өнер үйреніп еліне оралады. Келсе, ел-жұрты бұл екеуін танымайды. Екеуінің де тырнақ, шаштары алынбаған, денелерін түк басып кеткен. Бет-әлпеттері адам шошырлық екен.

Екеуі елге сыя алмаған соң, бір дарияға барып, Қали балық болып жүзіп, Қази құс болып ұшып кетеді.......
Ертегілер
Толық