Бұл қай маман?


Жұмбақтар Бұл қай маман?

Қызылы бар,
Қарасы бар.
Болса да ащы,
Дәмді етер асты. (Келімдәрі)

Көзін қысты,
Бейнең түсті. (фотоаппарат)

Жер үстінде сабағы,
Жер астында тамағы. (Картоп)

Қайнақ суға бұлғап,
Ішіп алған ұнтақ. (Кофе)

Он екіге тіліп,
Қосып,
Жібереді осып - осып. (Қамшы)

Жоқ аяқ, қол да,
Қай түкпірге жолда.
Адаспайды сонда. (Хат)

Жатса – түсі ақ,
Жазса – ізі ақ. (Бор)

Доп - домалақ тұрқы,
Іші қызыл,
Көкала сырты (Дарбыз)

Талай табақ,
Көтерген сабақ (Күнбағыс)

Шығымына қарап
Бояу деме,
Оны ішкенге ел
Құмар неге? (Шәй)

Аузыңа алма демейсің,
Шайнағанмен жемейсің. (Сағыз)

Ілініп төбеде,
Ұйықтайтын немене? (Жарқанат)


Мамандық туралы жұмбақтар жинағы


Шикідей ішсе де болады,
Қуырып жесе де болады,
Өз қазаны өзінде десе де болады. (Жұмыртқа)

Бір тілім еді туғанда,
Табақтай болды толғанда. (Ай)

Қаптап түсіп,
Қатталып жатыр.
Қатталып жерде,
Тапталып жатыр. (Қар)

Салған жолдан шығуды
Білмейтін көлік. (Трамвай)


Ала таяқ қолында,
Ағайлар тұр жолында. (Автоинспектор)

Ұстап қалақ,
Жүр үй қалап. (Құрылысшы)

Ойыңды бұзсаң, күш қылып,
Тоқтатады ысқырып. (Төреші)

Келіп бағана қасына,
Өрмеледі басына. (Монтер)

Түсті де ағай жер асты,
Бұрғымен кен қазды. (шахтер)
Әлем - жәлем киінген,
Көрерменді күлдірген. (Клоун)

Жұмысты шотпен,
Есептеп өткен. (Бухгалтер)

Астында күлік,
Қолында құрық. (Жылқышы)

Айтар болсаң ол жайлы,
Ауа райын болжайды. (Синоптик)

Күтесің жолын, ол шыным,
Болса егер берері.
Көтеріп ап қоржынын
Күнде үйге келеді. (Хат тасушы)

Қолында екі жалаумен
Белгі беріп алыстан,
Хабарласар талаймен. (кемеде белгі беруші)

«Асығыспын қаншалық,
Күтіп отыр, жол бер» деп,
Келе жатыр жар салып. (жедел жәрдем)

Жолықтырмай - ақ өзін,
Күнде естисің сөзін. (диктор)

Жерде жұмысы жоқ,
Аспанда жүрісі көп. (ұшқыш)

Бір ай бойы шабар,
Он бір ай тыным табар. (Комбайн)

Түтіні жоқ отын,
Не шоғы,
Не күлі жоқ отыр. (Газ)

Қайнатсаң – шығымды,
Ішсең – жұғымды. (Шәй)

Қораптағы жиырма бүтін,
Тысқа шықса – ала түтін. (Сигарет)

Асылмайтын алып қазан,
Іші толған шикі сазан. (Көл)

Ескен Елубаевтың кітабынан алынды


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу