Сұранысқа ие мамандықтар (8 сынып, II тоқсан )

 Сұранысқа ие мамандықтар  (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
Сабақтың тақырыбы: Сұранысқа ие мамандықтар
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) О1 Тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
• Тұтас емес мәтіндердегі деректерді түсінеді.
• Мәтіндерегі ақпараттарды салыстырады.
Сабақ барысы: Кабинеттің қабырғаларында постерлер ілініп тұрады. 1-постерде «мамандық» сөзі, 2-постерде «мамандықты таңдаудың критерийлері» сөз тіркесі, 3-постерде «Майталман маман болу үшін не істеу қажет?» сұрағы жазылып тұрады.
Оқушыларға осы 3 мәселе бойынша ойлануға уақыт беріледі.
Оқушылар 1-постерге мамандық сөзіне ассоциацияларын, 2-постерге критерийлерді, 3-постерге іс-әрекеттерді жазады.
Оқылым тапсырмасы.
Оқушыларға Қазақстандағы және Ресейдегі сұранысқа ие, жоғары жалақылы мамандықтардың атаулары, жалақы мөлшері көрсетілген 2 кесте беріледі. Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кесте мазмұнымен жұмыс жасаулары қажет, кестелердегі ақпараттарды салыстырулары керек.
Жеке жұмыс. 1-тапсырма.
Кестелерді зерттеңіз. Кесте бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Кестеге қандай атау беруге болады? Неліктен?
2. Кестелерде қандай мемлекеттер туралы ақпарат берілген?
3. Кестелердегі ақпараттың орналасу реті неге негізделген?
4. Кестелердегі мәліметтер кімдерге арналған?
5. Кестелердегі ақпараттарды қайда қолдануға болады?
Дескриптор:
1. Сұрақтарға кесте мазмұны бойынша жауап береді.
2. Жауаптарына кестелерден дәлел келтіреді.
Оқушылар жауаптарын кестеге толтырады. Сағат тілімен жұмысын келесі оқушыға береді, оқушы сыныптасының жауаптарын тексереді.
№ Сұрақ Жауабы Жауабын тексеру (жауабы дұрыс болса ٧ белгісін қойыңыз) Комментарий (оқушыға жауабын түзету үшін не ұсынасыз?)
1 Кестеге қандай атау беруге болады? Неліктен?
2 Кестелерде қандай мемлекеттер туралы ақпарат берілген?
3 Кестелердегі ақпараттың орналасу реті неге негізделген?
4 Кестелердегі мәліметтер кімдерге арналған?
5 Кестелердегі ақпараттарды қайда қолдануға болады?
2-тапсырма. Жұптық жұмыс.
Оқушыларға жоғары жалақыға ие маманық иелері туралы ақпарат беріледі. Оқушылар мәтінді оқып, өзері түсіндірген ақпараттармен салыстырады. Тапсырманы венн диаграммасына орындатуға болады.
• Мәтін мен кестедегі ақпараттарда қандай ұқсастық бар?
• Мәтін мен кестеде қандай айырмашылық бар?
Дескриптор:
1. Кестелердегі ұқсас мәліметті анықтайды.
2. Кестелердегі айырмашылығы бар ақпараттарды табады.
3. Кестелердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтардың орын алу себебін мемлекет экономикасына, саясатына сүйене отырып түсіндіреді.
4. Әр кесте бойынша сол мемлекеттің экономикалық жағдайын сипаттайтын қорытынды тұжырым жасайды.
Оқушылар 2 жұптарға бірігеді. Мәліметтерін тыңдап, бір-бірін бағалайды, кері байланыс береді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 042



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді