Баяндама: Оқытудағы жаңа көзқарас

Баяндама: Оқытудағы жаңа көзқарас казакша Баяндама: Оқытудағы жаңа көзқарас на казахском языке


Атырау қаласы
Жалпы білім беретін №6 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Кабасова Алия Булатовна

Ұстаздық... Бұл мәңгі көнермейтін,қандай кезең болса да,қайтатүлейтін қуатқа ие,ғұмыр бойы ізденуді,мазасыз толғанысты,өзін-өзі үнемі шығармашылық тұрғыдан дамытып отыратын, шәкірт алдындажауапкершілігі ұшан – теіңз мамандық.
Ұстаз – қашанда ұлы,тұғырлы тұлға.Ақын – жазушы,ғалым,мейлі президент болсын,бәрі де ұстаз алдында кішік. Ұстаз-мектептіңжүрегі.Сондықтан ұстаздарға қойылатын талапта жоғары.Ең біріншіөзіңнің таңдаған мамандығыңды сүйу,екінші өзіңнен білім мен тәрбиеалатын оқушыны сыйлау.
Ұлы Абай өзінің отыз екінші қара сөзінде: Адамның көңілі шынмейірленсе білім,ғылымның өзі де адамға мейірленіп,тезірек қолға түседі.
Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу
деген сөз - деп жазған екен.Демек,мұғалім жан-жақты болмай,оқушыбілімді болмайды. Бүгінгі күні ұстаздардың алдында тұрған негізгі еңбасты мақсат – білімі биік,рухани ойлау қабілеті жоғары,парасатты,іскер,бойында адамгершілік асыл-қасиеттер мол қалыптасқан, жан-жақтыжетілген ұрпақты оқытып тәрбиелеу.Бұлмақсатта өз ісінің шебері,өз кәсібін шын жүрегінен таңдаған адам ғана жете алады.
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндербүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан
сол деңгейде болады. Сондықтан мұғалімге жүктелер міндет ауыр»деген болатын.
Ал қазіргі заман мұғалімі қандай болуы керек?
Әрине,өз ісінің майталманы осы мақсатқа өзінің рухани күш – жігерін,парасат қуатын аямайтын,әр оқушының жан – дүниесін танып-
білуші,оны жеке тұлға етіп,қалыптастырушы экономикалық,ақпараттық сауаттылығы мол болуы керек.Мектептегі ұстаз-оқушының екінші ата- анасы,болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы.Сондықтан әрбір шәкіртөзіне үлгі өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.Егер әршәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып,ұстазынан озып түсіп жатсаадал еңбегің мен төккен теріңнің ақталғаны емеспе?!
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған 3 айлық курс жөнінде өзойымды айтатын болсам,бұл курстың бір өзгешелігі бұрыңғы біздің дәстүрлі сабағымызбен салыстырғанда мүлдем басқа.Курстың негізгі мақсаты оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларынқалыптастыру,түрлі адамдармен диалог жүргізе алатын,қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын,сандық техгологияларда құзырлылық танытатын белсендіазамат,болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қаматамасыз ету болып табылады.«Бетпе-бет»оқудың бірінші кезеңі бойынша тәлім алдым. Жаңа әдістер,қызықты тренингтер,оқытуда жеті модуль бойынша оқыту арқылы баланың жүрегіне жол тауып,тиімді қолдана білу керек екенінұғындым.Сол алған жаңаша әдістерді өз мектебіме тәжірибемен ұштастырдым.
4-сыныппен жұмыла жұмыс бастаған кезде балалардың бұрынғы сабаққақарағанда басқаша екенін балалар да, мен де ұққандай болдым. 4 сабақ беру кезінде баларды топпен де,жұппен де жұмыс жасауда тез үйренісіп кетті. Балаларсабаққа қызығушылық танытып,өздерін еркін ұстап, бір-бірімен ұйымдасып, сабаққа деген ынта жігерлері артып,өзін-өзі реттеп,белсенді қатысабілді.Мектептегі әріптестерім де бұл курстың жаңалыққа толы екенін ұққандайболды және басқаша көзқараспен қарады.Жалпы бұл оқудың мұғалімдерге деген көптеген көмегі тиетінін түсіндім.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Сабақ жоспары » Баяндамалар жинағы, Оқытудағы жаңа көзқарас баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама Оқытудағы жаңа көзқарас, қазақша баяндама Оқытудағы жаңа көзқарас, Оқытудағы жаңа көзқарас, Оқытудағы жаңа көзқарас баяндама қазақша, баяндамалар қазақша, баяндама на казахском языке, баяндама казакша, баяндама қазақ тілі мен әдебиеті, баяндама Оқытудағы жаңа көзқарас, қазақша баяндама Оқытудағы жаңа көзқарас, Оқытудағы жаңа көзқарас, Баяндама: Оқытудағы жаңа көзқарас