Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары.
Білімділік мақсаты: Қоршаған орта, климаттың өзгеруі, ғаламдық көкейтесті мәселелер, Қазақстанның өзекті экологиялық проблемалары туралы білім беру.
Дамытушылық міндеті: Оқушыларды шығармашылықпен жұмыстана отырып проблемаларды бірлесе шешуге, жаңа экологиялық ойлауға дағдыландыру.
Тәрбиелік міндеті: Экологиялық тәрбие беру, қоршаған ортаны қорғауға аз да болса өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі және ТОҚ: Жер шарының физикалық картасы, экологиялық слайдтар, фотосуреттер, видеороликтер, ватман, маркерлер, т. б.
Сабақтың түрі: жобалау технологиясы
Сабақтың әдісі: жобалау - бағыт, талдау - жинақтау
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
а) Оқушыларды түгелдеу
ә) Сарапшыларды тағайындау
ІІ. Ой қозғау
1. Адам іс - әрекетінің биосфераға әсері қандай?
2.”Көктемелік әсер “ қалай пайда болады?
3. Озон қабаты неліктен бұзылуда?
4. Қышқылдық жауындар қалай пайда болады?
5.“Рим клубы” ұйымы қашан және қандай мақсатта құрылды?
6. Киото хаттамасы қандай құжат?
7. Биологиялық алуан түрлілік туралы Конвенцияның мақсаты?
ІІІ. Шығармашылық жоба қорғау
І топ тақырыбы: Климаттың ғаламдық өзгеруі мен ауа - райының жылынуы мәселесі
Мақсаты:
- Климаттың ғаламдық өзгеру проблемасының себептері және болуы
мүмкін салдарымен танысу;
- Бізді қоршаған табиғи ортаға барлық адамзаттың және әр адамның
Қарым - қатынасын өзгерту.
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Температура жоғарылауының негізгі себептері
2. Әлемдік деңгейдегі жылынудың адамдарға әсері
3. Мәселенің жаңа шешімдері
ІІІ. Қорытынды
Температура жоғарылауының негізгі себептері (коллаж құрастыру)
Электр станцияларынан зиянды газдардың шығарылуы;
Көліктерден шығатын улы газдар;
Азық - түлік тағамдарын өндіргенде пайда болатын көмірқышқылының әсері;
Көмірқышқылын жұтатын ормандарды шабу;
Табиғи апаттар:
Салдары:
Құрғақ аймақтар көбейеді;
Кей жерлер суыта бастайды;
Мұздар қалыңдайды;
Табиғи апаттар жиілейді;
Мұхит ағысы өзгереді;
Теңіз деңгейі көтеріледі;
өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлері жойылады;
экожүйе өзгереді:
Қазіргі кездегі климаттық өзгерулер
Мәселенің жаңа шешімдері (коллажды жинау)
Жел энергиясын пайдалану
Күн энергиясын пайдалану
Судың көтерілуі мен төмендеуінің энергиясын пайдалану;
Эко үйлер:
Ұсыныс
Жаңашыл, “таза” технологияларды тауып қолдану
Күкіртті, көміртегі аз отындарды қолдану
“Лас” өндірістерді ұтымды орналастыру
Аса биік түтін мұржаларын салу
Қоқыс қалдықтарын тиімді пайдалану мәселесін дамыту
Түйін
Бүгінде климаттың өзгеруіне әсер ететін екі күрделі мәселе бар. Олар:
1. Қоршаған ортаға әсер ететін зиянды газдарды атмосфераға шығаратын өндіріспен байланысты антропогендік жағдайлардың өсіп бара жатқандығы
2. Өмір сүруге маңызды компоненттер: орман, тау, теңіз, өзен, көлдер және сирек кездесетін аңдар мен өсімдіктердің жойылып, биологиялық түрліліктің азаюынан табиғи экожүйе байланысының бұзылуы.
Мұның бәрі экожүйе өзгерісін болжау мүмкін еместігіне әкеліп соғады. Қазір шара қолданбасақ бізді болашақта қандай өзгерістер күтіп тұрғаны белгісіз.
ІІ топ тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары
Мақсаты:
Қазіргі таңдағы адамзат баласының алдында тұрған экологиялық проблемалар және Қазақстанның экологиялық апатты аймақтары туралы мағлұмат.
Жоспары:
І. Кіріспе.
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендерінің өзгеруі.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Невада - Семей экологиялық қозғалысы.
2. Арал - Балқаш.
3. Каспий теңізінің экологиялық проблемасы.
4. Ауыз сумен қамтамасыз ету.
ІІІ. Қорытынды.
Семей ядролық полигонының жабылғанына 21 жыл (видеофильм)
Азғыр - Семей полигондарының жағдайы
Арал - Балқаш проблемалары
Арал апатына себеп болған факторлар
- Жергілікті жердің тарихи - табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- Ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау
- Суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
- Жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау, суды үнемді пайдаланбау;
- Судың қорын есепке алмау;
- Табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі:
Ұсыныстар
Суды аз қажет ететін дақылдарды өсіру;
Егістерді суландыруға жұмсалатын суды үнемдеу;
Жергілікті жерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету:
Тұздың ұшуын азайтатын, топырақты бекітетін өсімдіктер егу
Сырдария мен Амудария өзендерінің бойында су тұтынушыларға суды су режимін дұрыс пайдалану заңы енгізілсе:
Балқашты экологиялық апаттан алып шығу жолдары:
- Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.
- Қапшағай су қоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.
- Ақдала және Шар массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.
- Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.
- Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы
Экологиялық мәселелерді шешу жолдары:
- Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану;
- Экологиялық таза өнім алу;
- Жерді қайта түлету, көгерту;
- Қоршаған ортаға жағымсыз әсерді бағалау;
- Экологиялық техниканы пайдалану;
- Экологиялық білім беру:
Сарапшылар пікірлері
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Қазақстан Республикасының Конституциясы
ІІ бөлім: «Адам және азамат» 38 бап (оқушыларды таныстыру)
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті
Ү. Үйге тапсырма:
1. І топ: Ғаламдық жылыну және климат өзгеруі жайында бүктеме дайындау
ІІ топ: Қазақстанның экологиялық жағдайлары туралы кітапша, альбом дайындау; 2.§ 57, 31, 32 Қайталау.
ҮІ. Бағалау

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы,
Б. Бегалиев атындағы орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі
Нсанова Гүлсім меллятқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу