» » » Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 7-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 7-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 7-сабақ (8 сынып, IV тоқсан ) казакша Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 7-сабақ (8 сынып, IV тоқсан ) на казахском языке
Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 7-сабақ
Оқу мақсаты: 8.Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Шығарманың жанрлық ерекшелігі мен сюжеттік желісін анықтайды.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
«Оқу атысы» жаттығуы
Сынып оқушыларына алдымен Т.Ахтанов «Күй аңызы»
Интерактивті тақтадан немесе флипчарттан үш түрлі шеңбер суреті көрсетіледі. Бірінші шеңберге сабақтың тақырыбы жазылады. Екінші шеңберге оқушылар «миға шабуыл» өткізу арқылы тақырыптың не туралы болуы мүмкіндігін, үшінші шеңберге қандай жағдайларға байланысты болуын болжайды.

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында тапсырмалар бойынша мақсатты нәтижеге жету үшін бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
• әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін таниды;
• сюжеттік желісін түсінеді. • Шығарманың сюжеттік желісін түсінеді;
• Шығарма құрылымындағы ерекшеліктердің оқырманға әсерін талқылайды.
• Сұрақтарға жауап бере отырып, шығарма прологы мен эпилогын жазады.

2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма
«Дайындал...Назар сал... Оқыңдар!» әдіс –тәсілі арқылы тапсырманы шығарманы сюжеттік желісіне сай талқылайды.
• Оқиғаның басталуы.
• Оқиғаның дамуы.
• Шарықтау шегі.
• Шиеленісуі.
• Оқиғаның шешімі.
1. Оқушылар шығарманың сюжеттік желісі бойынша топтарға бөлінеді: басталу,даму, шиеленісу, шарықтау шегі, шешім. Сюжеттік желі шашырай таратылады. Топтар 1 минут ішінде құрастырып,тез орындарын тауып, отырып үлгерулері керек.
2. Топ мүшелері іштей шығарма үзіндісін бір оқып шығады. Берілген тақырып пен проблеманы талқылап, өз идеяларын келесі топқа айту үшін 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар шығарманы сюжеттік желісіне сай келесі топқа барып мазмұндайды, топтар бір-бірінің идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады.
3. Мағынаны тану
2-тапсырма
«Талдап білу» әдісі
Оқушылар әңгімені топта бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір- бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.
Талқылаушы- мазмұны мен тақырыбын талқылайды.
Белгілеуші- мазмұны бойынша сұрақ дайындайды.
Байланыстырушы- шығарманы аңызбен байланыстырады.
Топ шешені- « Күйші Естеместің “Заманым өткен екен ғой” деп аһ ұруы нені білдіреді?» өз ойын айтады.
Қорытындылаушы - «Жазушы күй туралы,күйші туралы неге тебіреніп жазды деп ойлайсыңдар?» деген сұрақты талдап қорытындылайды.
Қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз эксперт ретінде топ жұмысын бағалайды.
3-тапсырма
«Тренер – ойыншы» әдісі
Оқушылар алдыңғы тапсырмадағы топтары бойынша отырады. Топ мүшелері «тренер» , «ойыншы» рөлдерін бөліп алады. Әрқайсысы шығармаға қатысты 5 сұрақ жазады. Сұрақтар сұрау есімдігінен басталуы тиіс:
«Не, кім, қашан, қайда, неге, қалай, Егер ... болса, не болады?».
Тренер: шығарма үзіндісін дайындайды, артында жазылған сұрақтар болады. Бірінші сұрақ қояды. 2 - оқушы толық жауап бере алмаған жағдайда көмек береді.
Ойыншы : сұраққа шығармадан дәлел келтіре отырып жауап береді. Егер сұрақтың жауабын білмесе тренерден көмек сұрайды.
Қабілеті жоғары оқушыны тренер, қабілеті орта оқушы ойыншы рөлін атқарады.
4. Бекіту
4-тапсырма
« 6 неліктен?» сұрақтарына жауап бере отырып, шығарманың прологы мен эпилогын жазады. Оқушылар жазып отырған кезде күйші Біләл Ысқақовтың орындауындағы Сүгірдің "Бозінген" күйі интерактивті тақтадан көрсетіліп тұрады. (https://www.youtube.com/watch?v=j0pYdlCNKHQ)
• Қыз бала неліктен қаймықпай жолаушылардың аттарын белдеуге байлады?
• Неліктен шал жолаушыларға сусын ұсына алмады?
• Неліктен Естемес күйші Жаңылға көз тастай берді?
• Ақсақал неліктен Естемеске қолқа салды?
• Қыз неліктен нардың емшегін қысып ұстады?
• Естемес күйші неліктен жолын Оразымбетке берді?
Эпилог пен пролог жазуға ұсынылатын тірек сөздер: екі күйші, боз інген, аяқталмай қалған күй, әке шарты, қыз қулығы.
5.Салыстыру
5- тапсырма
«Мәтіндік зерттеу» әдісі
1-қадам. Оқушылар дәптерлеріне шығарманың өздеріне ерекше әсер туғызған бөліктерін іріктеп жазып алады. Жазған бөліктері бойынша жұппен пікір алмасып, ой бөліседі.
2-қадам: Пікір алмасып, талдағаннан кейін кестені толтырып жазады.
Шығармадағы негізгі ойды тап.
Күйші Оразымбет пен Естеместі салыстыр.
Тәрбиелік мәні бар қорытынды жаса.
6.Бағалау
«Үш түрлі күнделікпен» жұмыс
1-қадам. «Күй аңызы» шығармасын жұппен талқылайды.
2-қадам. Жеке күнделік толтырады.
Шығармадағы ерекше әсер еткен жолдар «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астарынан нені аңғаруға болады? Жеке түсінік беру: Әңгіме қандай ой туғызды?
Жұмысты топ спикері бағалайды. Спикерлер тапсырманы бағалауда сабақтың басында өздері бірлесе жасаған бағалау критерийін басшылыққа алады......



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: Анна | 22 |


Загрузка...
Читайте также
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Мұңға батқан Жетімкөл (8 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Мұңға батқан Жетімкөл (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 1-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 1-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 1-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 6-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 6-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» / «Зілді бұйрық» / 1-сабақ   (7 сынып, II тоқсан )
Сабақ жоспары жинағы
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жамбыл Жабаев «Июнь жарлығы» / «Зілді бұйрық» / 1-сабақ (7 сынып, II тоқсан )

KZ / Сабақ жоспары жинағы, сабақ жоспары Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 7-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 7-сабақ, сабақ жоспары Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 7-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 7-са, Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі 7-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )