Ата_ана_мен_бала_арасындағы_қарым_қатынас_дөңгелек_үстел
Алтынай тәрбие саласы құжаттары
ТАҚЫРЫБЫ:
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас
Дөңгелек үстел
2022-2023 оқу жылы
Сәлеметсіз бе! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Кіріспе сөз: Мектеп өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін жұмыстардың бірі – ата – аналар жиналысы. Жиналысты қалай қызықты, әрі пайдалы өткізуге болады?
Бүгін біз ата – аналар жиналысына кішігірім тренинг ұйымдастырғалы отырмыз. Бәріміз бірге атсалыса отырып, қызықты өткіземіз деген ойдамын.
тақырыбы: Ата – аналар мен бала арасындағы мәдениетті қарым – қатынас.
Мақсаты:Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Әдісі: сұрақ –жауап, топпен жұмыс, илюстративті, тест, баяндау,
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, шам, А4, түрлі-түсті қарандаштар, жапсырмалар.
Дөңгелек үстел бағдарламасы:
1. Кіріспе.
2. Біздің эмоциямыз бен көңіл-күйіміз.
3. «Өз отбасыңыздың» суретін табыңыз.
4. «Өтінемін!» ойыны.
5. «Біздің отбасымыздың суреті».
6.Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы.
7. «Тілек шамы».
8. Біздің эмоциямыз бен көңіл-күйіміз.
9. Ой толғаныс: «Бақытты отбасы».
10. Қорытынды.
- Кіріспе.
- «Біздің эмоциямыз бен көңіл – күйіміз».
Құрметті оқушылар және ата – аналар мына түстердің біреуін таңдаңыз және есте сақтаңыз. Түстер сырын тренинг соңында білетін боласыз.
- «Өз отбасыңыздың» суретін табыңыз.
Құрметті ата – аналар алдыңғы сабақта оқушылар отбасы суретін салған болатын, енді осы алдарыңдағы суреттер арсынан өз балаңыздыңсалған, суретін табуыңыз сұралады.
- Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
- Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
- Суреттерден өз отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
- «Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты жақсарту, бір – біріне көңіл бөлу, бір – бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
- Құрметті ата – аналар, студенттер! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіңдер?
- Рахмет, өтінемін, т.б
- Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
- Секіріңдер
- Оң аяқтарыңды көтеріңдер
- Өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
- Өтінемін, бір – біріңді құшақтаңдар
- Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар
- «Біздің отбасымыздың суреті».
Суретті бір – бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастыру және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.
Талдау:
- Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
- Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
- Бір – біріңізді қалай түсіндіңіз?
- Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.
- Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы
Мақсаты:Ата-ананың қарым-қатынасының тест-сауалнамасы – бұл психодиагностикалық құрал, ол балаларды тәрбиелеу және олармен қатынасу сұрақтарымен психологиялық көмек сұрап келген адамдардың ата-аналық қарым-қатынасын айқындауға арналған.
Ата-аналық қарым-қатынас дегеніміз, балаға қатысты түрлі сезімдердің, іс-әрекет стереотиптерінің, баланы түсіну және қабылдау ерекшеліктері.
- «Тілек шамы»
Мақсаты: ата аналар туралы пікірлерін ортаға салу.
Құрметті ата – аналар.Біз сіздермен жанұядағы ата – ан мен балалар арасындағы қарым – қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан – жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екнін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір – бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір – бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.
- «Біздің эмоциямыз бен көңіл – күйіміз»
Құрметті оқушылар және ата – аналар қазір мына түстерден біреуін таңдаңыз және тренинг басында қандай түс таңдағаныңызды есіңізге түсіріңіз. Тренинг басында қандай түс болды, енді қандай түс? Түстер өзгерді ме? Жауабын білгенде қандай сезімде болдыңыз?
- Ой – толғаныс: «Бақытты отбасы»
Алдарыңдағы түрлі жапсырмалар бар. Осы белгілер бойынша ата –анаға, оқушыларға, оқытушыға өз ұсынысыңызды немесе ой – пікіріңізді жазуыңызға болады. Жағзан пікірлеріңізді оқи отырып, «Бақытты отбасы» бейнесін шығарамыз.
- Қорытынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?