👈 қаріп өлшемі 👉

Шыны таудағы ханша еретгісі


Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті

«Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды

Øûíû òàóäàµû õàíøà

 Ертеде, Норвегияның қиыр солтүстігінде бір шаруа өмір сүріпті. Оның тау бөктерінде жайылымы бар екен. Сол жайылымда пішен сақтайтын қорасы болыпты.

Бірақ соңғы жылдары қораға жинаған пішеннен бе-

ре ке кетеді. Әулие Джон мерекесі қарсаңында белгісіз

2

бір мақұлық пішенді жеп кетіп жүреді. Шаруа пішенінен бір айы- рылады, екі айырылады, ақырында мезі болып, ұрыны ұстаудың амалын ойлай бастайды.

 Жаз бойы маңдай терін төгіп жинаған мал азығын қараптан-қарап отырып ұрлатқанына іші удай ашыған шаруа үш ұлын шақырып алып: «Әулие Джон мерекесі қарсаңында біреуің қораға қоныңдар.

Түнімен көз ілмей, жан-жақты жіті бақылаңдар» деп тапсырады.

3

 Қораны күзетуге тілек білдіріп, шаруаның үлкен ұлы суырылып алға шығады. Іңір түсе бере ол тау жаққа жол тартады. Әйтсе де, қораға жетісімен бірден ұйқыға кетеді. Түн ортасында қорада бірдеңе тарсылдап-гүрсілдеп, белгісіз біреу жиналған шөптің бәрін жеп кетеді. Таңертең оянған жігіт ұрыны іздеп аяғынан таусылады, бірақ таппайды. Сөйтіп, мал сол жылы азықсыз қалады.

4

 Келесі жылы Әулие Джон мерекесінің қарсаңында қораны күзетуге шаруаның ортаншы баласы кетеді. Ол да ағасы сияқты келе сала ұйықтап қалады. Түн ортасында бірдеңе тарсылдап- гүрсілдеп, жер сілкінгендей болады. Ұйқысынан шошып оянған жігіт атып тұрып, алды-артына қарамай, ауылына қарай зыта жөнеледі.

5

 Қораны күзету кезегі кенже ұл – Күлжігітке келіп жетеді. Күлжігіт жолға дайындалып жатқанда екі ағасы оны келемеждеп: «Сен нағыз қора күзетуге жаралған баласың ғой. Күні бойы күл-қоқыстың арасында жүріп, жөні түзу кәсіп те игермеп едің» деп мазақ қылады. Күлжігіт ағаларының сөзін көңіліне алмай, қас қарая бастағанда тау жаққа бет алады.

 Жайылымға жетіп, қораға кіреді. Сол кезде жер қақ жарылып, қо ра- дағы жиналып тұрған пішен шашылып қалады. Тарсыл-гүрсіл басылып,

6

қайтадан тыныштық орнағанда қораның сырты- нан шөп жеп тұрған аттың дыбысы естілгендей болады. Күлжігіт ашық тұрған есіктен сығалай- ды. Қораның алдында ер-тұрманы сай, сарбаз ға

керекті барлық қару-жарақ асынған ақбозат тұр екен. Күлжігіт аттың үстіне қарғып мі ніп,

жануарды жайылымнан жырақ қа апа рып байлап қояды.

7

Үйіне оралғанда ағалары күзеттің қалай өткені жайлы сұрайды.

«Қораны таң атқанша күзеттім, бірақ ештеңе көрмедім, ештеңе естімедім» дейді Күлжігіт. Ағайындылар қораны тексеруге келеді: жиналған пішеннің шашауы шықпай бұрынғы қалпында тұр екен.

8

 Келесі Әулие Джон мерекесінде де қорадағы күзет тура был- тырғыдай өтеді. Төңірек салдыр-күлдір етіп, жер сілкінеді. Бірер сәттен соң жер тағы екі рет сілкінеді. Бірақ бұл жолы былтырғымен салыстырғанда анағұрлым қатты сілкініс болады.

9

 Көп кешікпей айнала тым-ты- рыс бола қалады. Күлжігіт қора маңындағы көгорайға жайылып тұрған атты тағы көреді. Бала атқа қарғып мініп, былтырғы атты қалдырған жерге апарып байлайды да, үйіне қайтады. « Иә, бұл жолы не көріп келдің, бізге жасырмай айтып берерсің» дей-

ді үлкен ағасы. «Жарайды» дейді Күлжігіт. Ағайындылар қораға барса, жиналған пішен мұрты бұ- зылмай бұрынғы қалпында тұр.

Екі жігіт інілерінің бұл ерлігін де елеусіз қалдырып тарқасады.

10

11

 Әулие Джон мерекесі үшінші рет келгенде екі үлкен ұл қораны күзетуге барудан бас тартады. Өйткені олар жүректері шайлығып, қорқып қалған еді. Күлжігіт ештеңеден тайсалмай, «Мен барайын» деп алға шығады.

Бұдан бұрын болған екі жайт тағы қайталанады. Жігіт қораның есігінен сығалап қараса, сарбаздың алтындалған қару-жарағын арқалаған алтын ер-тұрманды әдемі ақбозат көгорайға жайылып тұр екен. Күлжігіт атқа

қарғып мініп, жануарды қорадан әрірек апарып

12

байлап келеді. Үйіне оралғанда ағалары оны тағы мазақ қып, қылжақ тай- ды. «Шөп-шаламды қарауылдауға бүгін түні де бар жаныңды салған бо лар- сың? Көрер таңды көз ілмей қарсы алғаның түріңнен білініп тұр» деп кү- леді олар. Күлжігіт ағаларының сөзін көңіліне алмай, үндемей қоя салады. Тау бөктеріндегі жайылымға барса, жиналған пішен бұрынғы қалпында мұрты бұзылмай тұр екен.

13

 Осы кезде Норвегия патшасының қызы шыны таудың басына шы- ғып отырып алады. Тау өте биік және жалтыраған көк мұздай тайға- нақ екен. Ханша қолына үш алтын алма ұстап отырады. «Кімде-кім осы таудың басына шығып, менің қолымдағы үш алтын алманы алса, мен соған тұрмысқа шығамын және патшалықтың жартысын сол жігітке сыйлаймын» деп жариялайды ханша.

 Шыны тауға шығуға талаптанған жігіттер Норвегияға әлемнің түк- пір-түкпірінен келеді. Олардың бәрі әдемі киімдері күн сәулесіне ша- ғылысқан, кілең ойнақшыған арғымақ пен сәйгүлік мінген жігіттің сұлтандары еді. Бәрі өздерінің шыны тауға шығып, ханшаның қолынан алтын алма алатындарына сенімді.

14

15

 Белгіленген күні шыны тау- дың басында отырған ханшаның жүрегін кім жеңіп алатынын кө- руге халық жан-жақтан ағылып келеді. Үйдің ең лас жұмыстарын атқарып, үнемі күл-қоқыстың ара-

сында жүретін Күлжігіттің үс-

ті-басы кір-қожалақ болған дық- тан, «Сен бізбен бірге бармай-ақ қой, сенің кесіріңнен жұрт біз- ге күліп жүрер» дейді ағалары.

 «Жарайды, олай болса жалғыз өзім барайын» дейді Күлжігіт ішінен.

16

 Ағайынды екі жігіт келгенде ханзадалар мен нояндар тау басына шығуға талаптанып жатыр екен. Аттарының аузы ақ көбіктеніп, өздері қара терге түсуде. Бірақ босқа арамтер болып, ешқайсысы шыға алмайды. Аттар тауға қарай аяқ басуы мұң екен, төмен қарай қайта сырғиды. Ешбір ат екі метрден артық биікке шыға алмайды.

17

 Таудың беткейі әйнектей тегіс, үйдің қабырғасын- дай тік екен. Бағын сынауға келгендер біраз жерге де- йін өрмелеп шығады да, тайғанап құлай береді. Осы

көрі ніс қайта-қайта қайталанады. Ақырында ат- тар дың бәрі қалжырап, ауыздарынан ақ көбік

ағып, қозғалуға шамалары келмей қалады.

Олардың қожайындары да талаптанула рын доғарады.

 Бір кезде, тауға бұрын-соңды ешкім көрмеген әдемі ақбозатқа мінген жез

сауытты сарбаз келеді. Ол тау биік- тігінің үштен бір бөлігіне көтеріледі

18

де, кері бұрылады. Жігіттің сымбат, сал танатына тәнті болған ханша қо- лындағы алманың біреуін жігітке қарай лақ тырып жібереді. Ал-

ма жігіттің еті гінің ішіне топ етіп түседі. Жі гіт сонда

да кері бұрылмай, тау- дан тез түсіп, кетіп қалады.

19

20

 Патша кешке бақ сынауға келген барлық бекзадалар мен сарбаздарды шақырып, келесі күні тағы да шыны тауға шығып көрулерін бұйырады. Ертесіне жігіттердің бәрі тау басына шығуға тағы талаптанады. Әйтсе де ешкім мақса- тына жете алмайды. Аттарын әбден болдыртып, өздері де шаршап, шыны тауға шығудың мүмкін емес екендігіне көздері жетеді.

 Патша жігіттер бақтарын тағы бір сынап көрсін деп, сайыстың үшінші күнге созылуын бұйырады. Оның ойы нан қызы бірінші күні алма лақтырған жез сауытты сарбаз кет- пей қояды. Патшаның жүрегі сол жігітке бұрып, «Уақытты соза түссем, бәлкім, тағы бір рет келіп қалар» деп үміт тенеді. Бірақ жез сауытты сарбаз үшінші күні де қайтып келмейді.

21

 Дегенмен, бұл жолы, кенеттен, алтын сауыт киген ақбозатты сарбаз шауып келеді де, биік шыны тауды бұйым құрлы көрмей, бірден басына шығып кетеді. Ханша «а» деп аузын ашқанша, оның қолындағы алмаларды алады да, шауып төменге түсіп, зым-зия жоқ болады.

22

 Ағайынды екі жігіт үйлеріне келіп, әкелеріне алтын сауыт киген сарбаз туралы айтып береді. «Неткен

 жүректі, көркем сарбаз! Жер бетінде одан сымбатты ешкім жоқ шығар» дейді ағайындылар. «Ол сарбазды мен де көрсем

 ғой!» деп армандайды Күлжігіт. «Ол сен жағатын оттың шоғын дай жайнап тұр. Күлдің арасында жылтылдаған ұшқынды әдемі қы зыл шоқ жатады ғой, тура сол сияқты» дейді ағалары оған.

23

Ертесіне Күлжігіт патша сарайына барады.

Патша оған «Алтын алмаларды көрсет» дейді.

Күлжігіт қалтасынан үш алманы алып шығады.

 «Жа райды, уәдем – уәде, саған қызымды бердім. Жә- не патшалықтың жартысына ие боласың» дейді патша. Көп кешікпей ұлан-асыр той болып, Күлжігіт король- дің қызына үйленеді. Қазына-байлықтың жартысына ие болады. Сөйтіп, еңбекқорлығының арқасында қа- рапайым шаруаның баласы ханзадалық дәрежеге қол жеткізген екен.

24

Шаруаны шінші лы К лжігіт жайылымда жал ыз. О ан ора а баратын жолды табу а көмектес.

25

Жауабы: Көк т сті 5; Жасыл т сті 4; ызыл т сті 6; Алтын т сті 6.

27

Н ктелерді санына арай бір-біріне сызы ар ылы ос. Шы ан суретті боя.

4243

41

40

39

38

44481

45

472

463

4

5

6

7

37

368

359

3410

3311

32

3112

30

13

14

15

29

28

27262524

23

2221

16

191817

20

Әріптерді орнын толтырып, сөз ра.

1.АТН

2.АЛА

3.ХНА

4.АУ

5.КГЛ

6.А

7.ПТ

8.Қ

9.ҚО

10.НО

Ш

ОЗТ

А

ВГЯ

29

Шы арма а атысы жо кейіпкерлерді

30тап. ал аны нешеу?

Әріптерден сөз ра.

1.

2.

3.

4.

5.

6.Н

ЫШЫУТА

7.ОҚАР

8.

9.

10.

31

Сәйкес көле келерді тап.

12345

aəбвг


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:





Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы