Информатика пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары 9 - 11 сынып
"№4 Абай атындағы жалпы орта мектебі мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Информатика пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
9 - 11 сынып
Дайындаған: Бекахметова М.С
Ә.Б жетекшісі:Сарыбаева А.С
Информатика пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
І нұсқа
І. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшіріңіз
1) 1011112 →А82) 12510 → А2
ІІ. Шеңбер. Шеңберде бір-бірінен бірдей қашықтықта N нүктелер белгіленген, олар сағат тіліне қарсы 1-ден N-ге дейінгі бүтін сандармен нөмірленген. Сендерге осы шеңберден бірнеше қос хордалар берілген, ал берілген нүктелер олардың ұштары болып табылады. Әрбір қос хордалар үшін олардың қиылысатындығын немесе қиылыспайтындығын анықтаңдар (түйісуді қиылысқан деп санау қажет).
Енгізу файлының аты: А.in Шығару файлының аты: А.out Уақыт шектеу: 2 секунд Жадыға шектеу: 64 мегабайт
Мәліметтерді енгізу форматы
Кіріс файлының бірінші жолында екі бүтін сан N және K (1<=N>=109, 1<=K<=100) орналасқан. Келесі К жолда 4 бүтін саннан орналасқан: А1, В1, А2, В2 - бірінші хорда (А1, В1) және екінші хорда (А2, В2) ұштарының нөмірлері. Жолдағы сандар бос орын арқылы ажыратылған.
Мәліметтерді шығару форматы
Шығыс файлына әрбір қос хорда үшін бір жолдан шығару - Yes тіркесінен тұратын, егер хордалар қиылысқан немесе NO тіркесінен тұрса хордалар қиылыспайды.
Мысалы:
a.in | a.out |
4 3 1 3 2 4 2 3 4 1 2 3 2 | YES NO YES |
ІІІ. Алгоритм блоктары мен олардың негізгі әрекеттеріне анықтама беріңіз.
Информатика пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
ІІ нұсқа
І. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшіріңіз
1) 10101112 →А82) 12510 → А8
ІІ. Бөлгіштер. А оң сан В санының бөлгіші деп аталады, егер В саны А санына өалдықсыз бөлінсе. Мысалы, 15 санында 4 бөлгіш бар: 1, 3, 5, 15. Сендер әрбір берілген сандар үшін, оның бөлгіштерінің саны жұп немесе тақ екендігін анықтауларың қажет.
Мәліметтерді енгізу форматы
Кіріс файлының бірінші жолында бүтін N (1<N<=105) саны жазылған. Келесі жолында N X1 (1<=Xi<=1018) сандары жазылған. Жолдағы сандар бос орын арқылы ажыратылған.
Мәліметтерді шығару форматы
Шығыс файлына аралары бос орын арқылы ажыратылған N сан жазылуы керек. і-ші сан 0 болуы керек, егер Хі бөлгіштерінің саны жұп болса 1, егер Хі бөлгіштерінің саны тақ болса 0.
Мысалы:
В.in | В.out |
2 4 5 | 1 0 |
ІІІ. Алгоритм блоктары мен олардың негізгі әрекеттеріне анықтама беріңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру