Тіл – құрал (қазақ тілінің сарфы). 1-жылдық. Орынбор 1914 - Ахмет Байтұрсынұлы
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
ТІЛ - ҚҰРАЛ (қазақ тілінің сарфы)
Бірінші жылдық
Орынбор – 1914
СӨЗ БАСЫ
Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниядағы адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді. Осы күнгі адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды: жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек. Халық өмірі бір жылдап, он жылдап, хәттә1 жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып тізілетін дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады, һәр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай басқалық болады. Біздің жасынан орысша я ноғайша оқыған ба-уырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды я жазса да қиындықпен жазады. Себебі жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық. Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Ноғайша оқығандар ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс я ноғай сөзінің жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін һәр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, бала-лар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс. Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар, қазақ тілінің наху, сарфы да үйретілерге керек. Үш жылдық бастауыш
1 «Хәттә» (арабша) – ىتح тіпті деген мағынаны білдіреді.
3
мектептегі оқуға шамалап қазақ тілінің наху, сарфын бөліп, балаларға оқытуға ыңғайлы түрмен осы – «Тіл – құрал» деген кітапшаларды шығарудамыз.
«Тіл – құрал» деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, үйткені бұл – қазақта бұрын болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жаңа шыққан кезінде жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң жатырқау қалатын. Арабша һәм орысша наху, сарф үйренгендерге жат көрінгенмен, түсініксіз болмас. Араб һәм орыс наху, сарф-ларында оқылатын заттар мұнда да оқылады. Айырмасы сол ғана: онда арабша я орысша айтылған есімдер мұнда қазақша айтылады. Олай болғанда оқылатын заты бір, аты ғана басқа.
«Тіл – құрал» 3 жылға бөлінгенде бірінші жылда оқытуға ұйғарғанымыз: Сөйлеу мен сөйлемді айыру, сөз бен сөздің буынын айыру, буын мен буындағы дыбысты айыру, қазақ тіліндегі дыбыстар һәм оларға арналған харіфтер; Қазақ сөзіне жазылатын харіфтер турасындағы ережелер, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалары. Бірінші жылда үйретуге осы жеткілікті болар, үйткені «Тіл – құралдағы» заттар қазақша һәм арабша алифбалардағы харіфтерді балалар үйреніп болғаннан кейін үйретіледі. Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал. Әсіресе, бірінші жыл оқылатын «Тіл – құралы» тіл білімінің негізі болғандықтан нық үйретілерге керек.
Қазақ тілі – түркі тілінің бір тарауы. Дүниядағы жұрттың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) Түбіршік тіл. 2) Жалғамалы тіл. 3) Қопармалы тіл. Түбіршік тіл түпкі қалпынан өзгерілмей жұмсалады, мәселен, қытай һәм иапон тілдері. Жалғамалы тіл – сөздің аяғына жалғау қосылып өзгерілетін тіл, мәселен, түрік, фин тілдері. Қопармалы тіл – сөз түбірімен қопарылып өзгерілетін тіл, мәселен, орыс тілі, араб тілі. Біздің қазақ тілі түркі тілдің бір тарауы болғандықтан жалғамалы. Қазақ сөзінің түбірі өзгерілмей аяғына жалғау2 қосылып өзгеріледі. Жалғау екі түрлі: бірі сөздің тұлғасын өзгертсе де, ішкі мағынасын
2 Жалғау – бұл жерде «қосымша» деп ұққан жөн, себебі жұрнақ пен жалғау екі түрлі екендігі бізге мәлім (Құрастырушы).
4
өзгертпейді, екіншісі сөздің тұлғасын да, мағынасын да өзгер-теді. Сондықтан бастапқысы тысқарғы, соңғысы ішкергі жалғау деп аталады. «Құлақ» деген сөзге «-тың» деген жалғау қоссақ «құлақтың» болады. Тұлғасы өзгерді, мағынасы өзгерген жоқ. «Құлақтың» дегенде бастың мүшесінің атын көрсетеді. Егерде «құлақ» деген сөзге «-шын» деген жалғау қоссақ «құлақшын» болады. Мұнда тұлғасы да, мағынасы да өзгерді. «Құлақ» бастың мүшесін көрсетуші еді, «құлақшын» болған соң, басқа киетін киімнің атын көрсетіп тұр. Міне, сондықтан «-тың» тысқарғы, «-шын» ішкергі жалғау3 болады.
Екі түрлі жалғаудың тысқарғысы – сөйлегенде, жазғанда сөздерді біріне-бірін қиындастырып тізу үшін қажет, ішкерігісі – бір мағыналы сөзден екінші мағыналы сөз шығарып, сөзден сөз туғызып, көбейтіп тілді байыту үшін қажет. Ішкергі жалғаудың бірсыпырасы осы бірінші жылдық «Тіл – құралда» сөз тұлғасын сөйлеген орындарда көрсетілді. Тысқарғы жалғау туралы екінші жылдық «Тіл – құралда» айтылмақшы. Сөзді дұрыс тізіп сөйлеу, әсіресе дұрыс тізіп жазу туралы үшінші жылдық «Тіл – құралда» айтылмақшы.
«Тіл – құралда» дағдыландыру, сынау деген сөздер ұшырай-ды. «Тіл – құралымен» балаларды оқытқанда һәр қағида я ережені оқытқаннан кейін, балалар әбден түсіну үшін сөйлем, сөздерді, мақалдарды үлгіге алып, олардың ішінен қағида я ережеге келетін жерлерін балаларға таптыртып, басқалардан айыртып үйрету. Солай бірнеше ірет істеп көрсеткеннен кейін балалар керек сөздерді өздері тауып, өздері айыруға дағдыланады. Сонан соң балалар дағдыланып, үйреніп болды ғой дегенде, нық біліп болған-болмағанын байқау керек, сы-нау керек. Сынағанда үйренген қағида я ережелерді орнына келтіріп жаза ала ма? Жаза алмай ма? Соны сына, сондықтан мұғалім балалардың үйренген қағидасы, ережесі келетін сөздер-ді, ауыздан жаздыру тиіс. Яки кітапшадағы жорта қате жазып қойған сөздерді дұрыстап жаздыру тиіс. Бір қағида я ережені балалар әбден үйреніп, тиісті орнында жұмсай білгеннен кейін ғана келесі қағида я ережені үйрету.
А.Б.
3 Ішкергі жалғау – «жұрнақ» деген атауға ие (Құрастырушы).
5
СӨЗ МҮШЕЛЕРІ
СӨЙЛЕУ ҺӘМ СӨЙЛЕМ
1. Жер жұтуға тоймайды; От отынға тоймайды; Құлақ естуге тоймайды; Кісі ойға тоймайды; Бөрі қойға тоймай-ды.
Бұл сөйлеуде бес сөйлем сөз бар.
2). Еділ бойы тоғай бар, тоғай толган ноғай бар; Бурыл атта бұғау бар, оны да кесер егеу бар, сом темірге, балға бар, сомсынғанға Алла бар.
Бұл сөйлеуде алты сөйлем сөз бар.
Жоғарыда жазылған екі сөйлеуден көрінеді: бір сөйлеудің ішінде бірнеше сөйлем болатындығы. Алайық тағы да басқа бір сөйлеу, мәселен, «Аш бала тоқ баладай ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» деген мақалды.
Бұл сөйлеудің ішінде екі сөйлем сөз бар. Оның бірі: «Аш бала тоқ баладай ойнамайды». Екіншісі: «Тоқ бала аш болам деп ойламайды».
Дағдыландыру. Төмендегі жазылған сөйлеулердің һәр қайсысының ішінде неше сөйлемнен барын айыртып, балалар-ды дағдыландыру керек.
Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады. Жоқтық ұят емес, байлық мұрат емес. Мал – жаным садағасы, жан – арым садағасы. Жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз жігіт би бол-мас. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Сай сайға құяды, бай байға құяды, өзен өзенге құяды. Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ. Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос. Сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа. Шалқайғанға шалқай Пайғамбардың ұлы емес, еңкейгенге еңкей атаңнан қалған құл емес. Атаң жаман кісі еді: ат бергеннің құлы еді, енең жаман кісі еді: Мәскеудің қара күңі еді. Іш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ, қоян қолтық алысып, жығылсаң да арман жоқ.
6
СӨЙЛЕМ ҺӘМ СӨЗ
Бір сөйлемнің ішінде бірнеше сөз болады. Мәселен, «Аш бала тоқ баладай ойнамайды» деген сөйлемнің ішінде бес сөз бар: 1) аш, 2) бала, 3) тоқ, 4) баладай, 5) ойнамайды.
Алайық, «Тоқ бала аш болам деп ойламайды» деген сөйлем-ді. Мұның ішінде алты сөз бар: 1) тоқ, 2) бала, 3) аш, 4) болам, 5) деп, 6) ойламайды.
Дағдыландыру. Төмендегі жазылған сөйлемдердің һәр бірінің ішінде неше сөзден барын айырту.
Үлкен бастар, кіші қостар. Қоянды қамыс өлтірер, ерді на-мыс өлтірер. Орақшының жаманы орақ таңдайды. Хас жорға-дан жортақ туар, хас батырдан қорқақ туар, хас шеберден шорқақ туар. Өз ақылын шамалаған қор болмас. Өзі білмес, өзгенің тілін алмас. Тентектің ақылы түстен кейін енеді. Ата-дан бала туса игі, ата жолын қуса игі, бетіне келер ұятын өзі біліп жуса игі. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Көп баланың ішіндегі қарт бала болар, көп қарттың ішіндегі бала – дана болар. Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады. Жібекті сақтай білмеген жүн етеді, қызды сақтай білмеген күң етеді.
Сынау. Төмендегі сөйлемдер ішінде неше сөзден бар екенін айырып, һәр сөйлемнің ішіндегі сөздерді бастан-аяқ нөмірлеп, жақша4 ішіне нөмірлерін қойып жазыңдар.
Үлгі: «Балалы үй базар» жазу керек: 1) балалы, 2) үй, 3) базар.
Өлген келмес, өшкен жанбас. Берген алар, еккен орар. Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Шам жарығы түбіне түспес. Аузы жаман елді былғар, аяғы жаман төрді былғар. Білегі толық бірді жығар, білімі толық мыңды жығар. Екі қатын алғанның дауы үйіңде, жаман қатын алғанның жауы үйінде. Қайтып кірер есікті қатты серіппе. Төс табаны жайылған атан жүрер жол екен, төсегінен айырылған адам жүрер жол екен.
4 Жақша деп мынаны – ( ) айтады.
7
СӨЗ ҺӘМ БУЫНДАР
Бір сөздің ішінде бірнеше буын болады. Мәселен, aт деген сөзде бір-ақ буын бар. А-тa дегенде екі буын, а-та-лар дегенде үш буын; а-та-лар-ға дегенде төрт буын; а-та-ла-ры-ма деген-де бес буын. Сөз буын санына қарай бір буынды, екі буынды, үш буынды, төрт буынды, онан көбі көп буынды сөз деп ата-лады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің буындарын айырту. Бал, бала, балалар, сау, саулық, саусақ, сауда, саудагер, тай,
тайау, тайғақ, тайлақ, тайғанақ, тайсалу, тайпалу, тайану, аш, ашық, ашқыш, ашқан, ашқарақ, ашқылтым, жан, дене, самай, сақал, мойын, кеуде, алақан, шеміршек, апа, қарындас, немере, нағашы, құдаша, қаз, қарға, қарағұс, қарлығаш, жапалақ, балық-шы, жағалтай, күйкентай, безгелдек, қызғаншақ, қарғануға, сақтануға, аударуға, құлатуға, сескенуге, өстіруге, солқылдауға, сандырақтауға, шашыратуға, аударыстыруға, ұшыратуға.
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліндер. Буындар ара-сына сызықша (-) қойыңдар.
Үлгі: сау-да, са-йақ, а-сық, тұш-қыл-тым, са-рым- сақ, мақ-та-ну-ға, жал-пыл-дау-ға, а-тыс-ты-ру-ға.
Ел құлағы елу. Бұлт ала, жер шола. Дауыл болмай, жау-ын болмас, ит баласы сауын болмас. Жақсы келсе құт, жаман келсе жұт. Тисе терекке, тимесе бұтаққа. Ер туған жеріне, ит тойған жеріне. Көп қорқытады, терең батырады. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алар. Арзанның сорпасы татымас. Бақыр қазан піскені баршамызға пайдалы. Көшсе, көш қасындамыз, отырса от басындамыз. Үйге келгенде, үйдей өкпеңді айтпа. Ac қадірін білмесең ашаршылық берер сазаңды, ат қадірін білмесең жайаушылық берер сазаңды. Шақырғандарға бар, шаққандардан қаш. Шақырғандарды шақырармын, шақырма-ғандарға қақырармын.
8
БУЬІН ҺӘМ ДЫБЫС
Бір буынның ішінде бірнеше дыбыс болады. Мәселен, «не?» «же!», «мә!», «ат», «аш» деген сөздердің ішінде бір-бір буын-нан бар. Мұндағы һәр буында екі-екі дыбыстан бар. «Н-е?» (бірінші дыбыс «н», екінші дыбыс «е»); «ж-е!» (бірінші дыбыс «ж», екінші дыбыс «е»); «м-ә!» (бірінші дыбыс «м», екінші дыбыс «ә»); «а-т» (бірінші дыбыс «а», екінші дыбыс «т»); «а-ш» (бірінші дыбыс «а», екінші дыбыс «ш»).
Қап, бас, жел, күл, мес, бай, жау деген сөздер бір буынды, бірақ бұлардың һәр буынында екіден емес, үш-үштен дыбыс бар: қ-а-п, б-а-с, ж-е-л, к-ү-л, м-е-с, с-о-р, б-а-й, ж-а-у.
Бір дыбысты буындар да болады. Мәселен, а-ра, а-та, а-ғу, а-су, а-зу, а-сы деген сөздердің бірінші буындарында бір-бір дыбыстан, екінші буындарында екі-екі дыбыстан бар.
Дыбыс таңбасын харіф деп атаймыз, сондықтан жазған сөз ішінде пәлен харіф бар дейміз; айтқан сөз ішінде пәлен дыбыс бар дейміз. Дыбыс һәм харіф – екеуі екі басқа нәрсе. Біріне-бірін қатыстырып шатастырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін, көрінбейтін нәрсе, харіф көрінетін, естілмейтін нәрсе.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің буындарында неше харіфтен бар екенін айырту.
Ақ, тоқ, саз, бет, құн, ай, бай, сай, тау, бау, ана, ара, жала, шана, азы, аты, асы, жасы, саны, жаны, аран, ажар, сараң, салақ, сарай, солай, бұлай, асау, жалау, тонау, ұзау, бұрау, арзан, шортан, бұршақ, қармақ, салмақ, алмалы, салмағы, тармағы, шарбағы, атпаған, жатпаған, қалмаған.
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөлу һәр буындағы харіфдің санын буын үстіне сипырмен қою керек.
Жарлы болсаң, арлы болма. Бар болсаң таспа, жоқ болсаң саспа. Барымен базар, жоқты қайдан табар. Пайдасыз болса, байдан без, панасыз болса, сайдан без. Бар мақтанса табы-лар, жоқ мақтанса шабылар. Талтаңдасаң, талтаңда, ақшаң болса қалтаңда! Күлме досыңа, келер басыңа. Досқа күлкі, дұшпанға таба болма. Ақшаны жолда тапсаң да санап ал. Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер. Ақыл жас ұланнан, жүйрік тай құнаннан. Сыйыр сыйпағанды білмес, жаман сыйлағанды білмес. Көше білмес жамандар, көшсе көлік өлтірер, сөйлей білмес жамандар, сөзді өзіне келтірер.
9
ҚАЗАҚ СӨЗІНДЕГІ ДЫБЫСТАР ҺӘМ ОЛАРДЫҢ ХАРІФТЕРІ
Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Олардың харіфтері мынау:
(а) ا , (б) ب , (п) پ , (т) ت, (ж) ج, (ш) چ , (д) د , (р) ر, (з) ز, (с) س, (ғ) غ, (қ) ق, (к) ك, (г) گ, (ң) ڭ, (л) ل, (м) م, (н) ن, (о) و, (ү) ؤ, (и) يـ, (е) هـ, (ы) ى.
Дыбыстар дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты5∗болады. Соған қарай харіфтер де дауысты, дауыссыз һәм жарты дауы-сты болып бөлінеді.
Дауысты харіфтер: ا a, و о, ؤ ұ, ى ы -и, هـ يـ (е).
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі да-уысты харіфтердің астын сызып көрсетіңдер.
Басқа келген бәледен бастан құлақ садаға. Соқыр көргенінен жазбас. Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе. Бір аштың бір тоқтығы бар. Не ексең, соны орарсың. Таспен ұрғанды аспен ұр. Құлақ естігенді көз көрер. Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек. Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың. Берген жомарт емес, алған жомарт. Ат ерін-ді келер, ер мұрынды келер. Өгізді өрге салма қанатың талар, жаманға жүзің салма сағың сынар. Адасқанның артындағысы білер, жаңылғанның жанындағысы білер.
Дауысты дыбыстар сөз басында келсе, олардың харіфтері-нің алдына сүйеу таяқ қойылып жазылады.
Дауыссыз харіфтер: (б) ب, (п) پ, (т) ت , (ж) ،ج, (ш) چ, (д) د, (р) ر, (з) ز, (с) س, (ғ) غ, (қ) ق, (к) ك, (г) ـك, (ң) ڭ, (л) ل, (м) م, (н) ن.
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі дауыссыз харіфтердің астын сызып көрсетіңдер.
Басқа келген бәледен бастан құлақ садаға. Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе. Бір аштың бір тоқтығы бар. Не ексең, соны орарсың. Таспен ұрғанды аспен ұр. Құлақ естігенді көз көрер. Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек. Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсың. Берген жомарт емес, алған жомарт. Ат ерінді келер, ер мұрынды келер. Өгізді өрге салма, қанатың талар, жаманға жүзің салма, сағың сы-нар. Адасқанның артындағысы білер, жаңылғанның жанында-ғысы білер.
5 Жарты дауысты дыбыс орта дыбыс деп те аталады.
10
Жарты дауысты яки орта дыбыстардың өз алдына оңаша харіфтері жоқ. Олардың орнына бүтін дауысты «у» һәм «й» харіфтері жүреді. Жарты дауысты дыбыстардың харіфтері екендігі дауысты дыбыстардың соңында я алдында «у» я «й» тұрса, ол жарты дауысты харіфтер болады, мәселен: «ау» де-ген сөзде «у» дауысты харіфтің соңында тұр. Мұнда «у» бүтін емес, жарты дауысты харіф. «Ай» деген сөзде «й» дауысты харіфтің соңында тұр. Мұнда «й» бүтін емес, жарты дауысты харіф, «у» һәм «й» харіфтері дауысты дыбыстарға да, жарты дауысты дыбыстарға да ортақ харіфтер болғандықтан, «тел» харіфтер деп аталады. Жарты дауысты харіфтер шолақ «у», шолақ «й» деп те аталады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі жарты дауы-сты «у» һәм «й»-лерді айырту.
Бай – байға құяр, сай – сайға құяр. Өзі тойса да көзі тоймай-ды. Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек? Ауру қалса да әдет қалмайды. Денсаулық – зор байлық. Айналдырған ауру ал-май қоймас. Сарт байыса там салар, қазақ байыса қатын алар. Тойға барсаң тойып бар, жұмысыңды қойып бар. Ат аяғын тай басар. Айудан қорыққан тоғайға бармас. Жер таусыз болмай-ды, ел даусыз болмайды. Тай тулап үйірінен шықпас. Ішің удай ашыйды, һеш амал жоқ етерге.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі жарты дауысты харіфтердің астын сызып көрсетіңдер.
Той – тондынікі, ас – аттынікі. Бәрің бірдей тойшы болсаң қу боларсың, бәрің бірдей қойшы болсаң, құл боларсың. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. Май сасыса тұз себер, тұз сасы-са не себер. Түйенің үлкені көпірде тайақ жейді. Бір байдың жұртына екі тышқан таласыпты. Ат аунаған жерде түк қалады. Атты қамшымен айдама, жеммен айда. Қойшы көп болса, қой арам өлер. Атпен ойнасаң күйерсің, баламен ойнасаң шаршарсың. Соңғы түйенің жүгі ауыр. Тай тулап, үйірден шықпас. Шірікке шыбын айналар. Жыртық үйге тамшы үйір, арық атқа қамшы үйір. Байтал шауып бәйге алмас. Екі кеме құйрығын, ұста, жетсін бұйрығын.
Дауыссыз дыбыстардың кейі қатаң, кейі ұяң болады. Соған қарай харіфтері де қатаң һәм ұяң деп аталады. Қатаң харіфтер: б, п, т, д, ш, с, ғ, қ, к, г.
11
Дағдыландыру.Төмендегісөздердіңішіндегіқатаң харіфтерді айырту. Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе. Берсең аларсың, ексең орарсың. Ат ерінді ке-лер, ер мұрынды келер. Базарға бар да, бағың сына. Ұлың өссе ұлықтымен ауыл бол, қызың өссе қылықтымен ауыл бол. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Бүркіт қартайса, тышқан аулар. Ит жеңгенін талайды. Қуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі қатаң харіфтердің астын сызып көрсетіңдер.
Өлген келмес, өшкен жанбас. Жақсы келсе құт, жаман кел-се жұт. Тисе терекке, тимесе бұтаққа. Жемісті ағаштың басы төмен. Көп тілегі көл. Ел құлағы елу. Жеті рет піш, бір рет кес. Көз қорқақ, қол батыр. Жер анасы, мал баласы. Күлме досыңа, келер басыңа. Тамыр тартқан тарықпас. Сақтықта қорлық жоқ. Шөп біткен жерге бітер. Аспанға қарай оқ атпа, өзіңнің түсер басыңа. Аш тамағым, тыныш құлағым. Тез қасында қисық ағаш жатпас. Шам жарығы түбіне түспес. Қойшы көп болса, қой арам өлер. Ит семірсе, иесін қабар. Ат аунаған жерінде түк қалады. Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл шашым.
Ұяң харіфтер: ж, р, з, л, м, н, ң.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі ұяң харіфтерді айырту. Талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болса қалтаңда. Берсең аларсың, ексең орарсың. Базар бар да бағың сына. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы. Асың барда ел таны, атың барда жер таны.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі ұяң харіфтердің астын сызып көрсетіңдер.
Жақсыдан жаман туады, жүйріктен шабан туады. Тон жаға-сыз болмас, ел ағасыз болмас. Батыр ортақ, ай ортақ, төресі әділ би ортақ. Ханның басын хан жұтар, қардың басын қар жұтар. Сенікі, менікі деген – көңіл тарлығы, әрі жат, бері жат – төсек тарлығы. Тау мен тасты су бұзар, кісі арасын сөз бұзар. Кімнің жерін жерлесең соның жырын жырларсың. Берген жо-март емес, алған жомарт.
12
Ұяң харіфтер өзара екіге бөлінеді: 1) Ымыралы харіфтер. 2) Ымырасыз харіфтер.
Ымыралы харіфтер: ж, р, з, л. Ымырасыз харіфтер: м, н, ң. Дағдыландыру. Төмендегі сөздерді көшіріп, ымыралы
харіфтердің астын бір сызып, ымырасыз харіфтердің астын екі сызып көрсетіңдер.
Сан тимеске сан тиді, табақ-табақ нан тиді. Саңырауға сәлем берсең, атаңның басы дер. Көне садақты деме, атқанын көрерсің, көне етікті деме, атасын білерсің. Жорға мінген жолдасынан айрылады, көп жасаған құрдасынан айрылады. Жығылған күреске тоймас. Саяқ жүрсең, таяқ жерсің. Тың-дамасқа сөйлеген есіл сөзім, жыламасқа жылаған екі көзім. Аузы күйген үріп ішер. Жеген білмес, тураған білер. Бұйдалаған тайлақтай, жетелеген мойнақтай. Көңіл кірі айтса кетер, көйлек кірі жуса кетер. Шын жомарт жоқтығын елемес, шын жүйрік тоқтығын елемес. Түлен түртпесе, түнде қайда барасың?
(ЖАЗУ) ҚАҒИДАЛАРЫ
1-інші ереже.
«А» дыбысының харфі сөз басында (ا) мен жазылады, басқа орында (أ)6 жазылады. Мәселен: تا (ат), قاروق (құрақ), ارىج (жыра).
Сынау. Төмендегі сөздердің (ء) жазылатындарына оны қойып, қойылмайтындарына қоймай жаздырту.
Ауру* астан, дау қарындастан. Отпен ойнама күйерсің, баламен ойнама шаршарсың. Ұлың өссе, ұлықтымен ауыл бол, қызың өссе, қылықтымен ауыл бол. Ел ерге қарайды, ер жерге қарайды. Аузың қисық болса, айнаға өкпе жоқ. Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста. Ер қапталы батқанын иесі білмес, ат білер, ағайынның азғанын ағайын білмес, жат білер. Арпа-бидай ас болар, алтын-күміс тас болар. Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала.
Ескерту**. Сөз басында «أ» дыбысы жоқ жерде ا харфі тұрса, ол басқа дауысты дыбысқа сүйеу үшін қойылған таяқ есебінде қойылса да айтылмайды.
6 Жақша ішінде таңба үстіндегі кішкене ирек сызық көрсетілген. * Бұлар жорта қате жазылған, түзетіп жаздыру керек.
** Жоғарыдағы ескертулер төте жазудың ерекшеліктеріне орай айтылған (Құраст.)
13
2-нші ереже.
«О» дыбысы сөздің бас буынында ғана естіледі. Басқа бу-ындарында һәм дауысты дыбыстардан соң қазақ сөзінде һеш орында естілмейді, сондықтан бас буыннан басқа орында яки дауысты дыбыстан соң و (о) жазылса, ؤ (ұ) қылып оқу тиіс.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіртіп, و (о) келетін жеріне و (о) қойдырып, ؤ (ұ) келетін жеріне ؤ қойдырып жаздырту.
Күресін қар көбейтер, қара қарын дау көбейтер. Бәрің бірдей қойшы болсаң, құл боларсың, бәрің бірдей тойшы болсаң қу боларсың. Ауыл қонағы айда-жылда бір қонар. Құтты қонақ келсе, қой егіз табар, құтсыз қонақ келсе, қойға қасқыр шабар. Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман. Ac – адамның арқауы. Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл шашым. Дертің тұмау болсын, қысың тұман болсын. Татулық – байлық. Төртеу түгел болса, төбедегіні алады, алтау ала болса, ауылдағы кетеді. Бай бір жұттық, батыр бір оқтық. Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылған. Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай жүгірер.
3-нші ереже.
«У» қысқа айтылатын дыбыс, «у» ұзын естілсе, ол жерде екі «у» болғандықтан, оның алдыңғысы бүтін «у», соңғысы жар-ты «у», шолақ «у», «у» ұзын естілетін жерге екі «у» жазу тиіс.
Мысал: тұмсық, тұра, тұура, сұлұу, сұу.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіртіп, бір «у» жазатын жерге бір «у», екі «у» жазатын жерге екі «у» жаздыру.
Сұрап бергенше, соғып бер. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың. От пен су – тілсіз жау. Ер туған жеріне. Сиыр судан жерір, су сиырдан жерір. Егіз қозыдай тату бол. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Хакім тура болмаса, жұрт бұзылар, сауда таза болмаса, нарық бұзылар. Қуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ. Шешінген судан тайынбас. Ұялған тек тұрмас. Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу. Рудан аз – адасқан қаз. Татуда бота тату. Сүмбіле туса, су суыр. Ашу келсе ақыл кетер, ашудан ақыл көп болса, ашу не етер. Қуыс үйден құр шықпас.
Қарны ашқан ханға қарайды, суыққа тоңған күнге қарайды. Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады (жорта қаталы).
14
4-нші ереже.
Шолақ و (у) дауысты дыбыстардан соң ғана естіледі, сон-дықтан дауысты харіфтерден соң жазылған «у» шолақ бола-ды. Бүтін «у» һеш орында дауысты харіфтен соң жазылмайды. Мәселен, тay, туу, кеуде деген сөздерде ірі жазылған харіфтер шолақ «у», «у» дыбысы ұзын естілетін орындарға екі «уу» жа-зылады. Тіпті ұзын естілетін орындарға үш ууу жазылады. Да-уыссыз дыбыс соңында бас буыннан басқа орында яки дауыс-ты дыбыс соңында, қай буында болса да, «у» үтірсіз жазылса да қате болмайды.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі шолақ «у»-лардың астын сызып көрсетіңдер. Сөз сөзден тұуады7 сөйлемесе неден тұуады?
Жақсы болсаң, жердей бол, бәрін шыдап көтерген, таза болсаң сұудай бол, бәрін жұуып көтерген. Жақсыдан жаман тұуады, жүйріктен шабан тұуады. Ерден тұуған қырымға қарайды, иттен тұуған жырымға қарайды. Қатты жерге су төксең, сұуыққа тайғақ болар, жаманға сырынды айтсаң, таршылықта айғақ болар. Аяғы жаман төрді былғар, ауызы жа-ман елді былғар. Көсеу ұзын болса, қол күймес. Жел аударған қаңбақтай, сұу аударған діңгектей. Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық. Дауыл болмай, жауын болмас; шұуақ болмай, қауын болмас; ит баласы сауын болмас; дау аяғы ауыл болмас, ауыл болса да, тәуір болмас. Дауды азсынба: көздей іс көлдей болұуы оңай, қол сұуалмағы қиын. Тарыдай іс таудай болұуы оңай, тау таусылмағы қиын.
5-нші ереже.
«Ы» харфі бас буында һәм барша бітеу* буында жазыл-майды. Ашық** буында қалмай жазылды. Мәселен: «мысық» жазылады «ы»-сыз قسم болып «Мысығына» деген сөзде «ы» қалмай «мысығына» болып жазылады. Үйткені: «мы-сық» деген сөзде екі буын, бір буын «мы», екінші буын «сық», «мы» буынға -«ы» жазбаймыз бас буын болғандықтан, «сық» буынға «ы» жазбаймыз бітеу буын болғандықтан, сүйткен соң «мысық» قسىم болып жазылмай, «мсқ» قسم ғана болып жазы-
7 Бұл мәтінде ұу, уу әріптер тіркесі әдейі жазылды (Құраст.)
* Бітеу буын деген бас харфі де аяқ харфі де дауыссыз, яки жарты дауысты буын. ** Ашық буын: бас харфі, я аяқ харфі дауысты буын.
15
лады «мысығына» деген сөзді буынға бөліп, харіфтерін түгел жазсақ, мәселен, «мы-сы-ғы-на» деп төрт буын болады. Бас буынға «ың» жазбаймыз: басқа «сы», «ғы» буындарға жаза-мыз, үйткені бұлар ашық буындар8.
Сынау. Төмендегі создерді көшіріп, «ы» жазылатын буын-дарына «ы» жазыңдар.
Алтын алма алғыс ал, алғыс алтын емес пе? Асың-асың асына, береке берсін басыңа. Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі. Жақын жолдың алысы жаман. Құлды құл десең өлгісі келер, биді құл десең күлкісі келер. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Дәм-тұзым тат, расыңды айт. Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салады. Арамзаның құйрығы тұтам. Жарлының байлығы – денінің саулығы. Ерте тұрғанның ырысы артық. Төсегіңе қарап, аяғыңды көсіл. Жарлылықтан жақсы жоқ: жатып ішер ас болса. Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғызын сойғызар. Барлық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді. Шөбі жоқ деп жерден түңілме, малы жоқ деп ерден түңілме.
6-ншы ереже.
Шолақ «й» дауысты дыбыстардың ғана соңында я алдында естіледі, сондықтан дауысты дыбыстардан соң жазылған «и» бүтін «и» емес, шолақ «й» болады. Мәселен, тай, қой-лар, құй-мақ, кій деген сөздердегі «й»-лер бұл ережеге теріс сияқты көрінер «и» жазылмайтын бас буындар. Мәселен, «қыйсық» деген сөзде шолақ «и» дауыссыз «қ»-ның соңынан келіп тұр. Олай болғаны бас буында бүтін «и» жазылмағандықтан.
Бас буыннан басқа орындарда «и» ұзын естілген жерлерге екі «и» жазылады, тіпті ұзын естілген орындарға үш «и» жа-зылады.
Сынау.Төмендегі сөздерді көшіріп, шолақ «й»-лердің астын сызып көрсетіңдер.
8 «ы» бас буыннан басқа жерде шолақ «й»-дің алдында бір буынның ішінде келсе, бітеу болса да, қалмай жазылады.
16
Бай байға құяр, сай сайға құяр. Ауызы қыйсық болса да, байдың ұлы сөйлесін. Ақшалының қолы ойнар, ақшасыздың көзі ойнар. Байғұстың ауызы асқа тисе, мұрны қанайды. Кедейдің бір асағаны – шала байығаны. Тату болсаң балдай бол, араз болсаң тұздай бол. Айырылайын деген тамыр ердің артқы қасын сұрайды. Көз ауырса, қолың тый. Ит жүйрігін түлкі сүймес. Айналдырған ауру алмай қоймас. Ұры байымас, сұқ семірмес. Жаманменен кеңессең, алдайды дер, жаман ат-пен су кешсең, жалдайды дер. Күңге күле сөйлесең, көйлегіне жамау сұрар. Аталы сөзді арсыз қайырар, жүйелі сөзді жөнсіз қайырар.
7-нші ереже.
А, о, ы дыбыстары жіңішке естілетін сөздердің алдына дәйекші (ء)қойылады. Бұл дыбыстар жіңішке естілсе де, дәйек-ші қойылмайтын сөздер: к, г, е кіріскен сөздер.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп «ء» қоярлық сөздердің алдына дәйекші қойыңдар.
Өзіміздікі дегенде өгіз қара күшім бар, кісінікі дегенде қол тимейтін ісім бар. Иесі семіз, аты арық түз жұтынан сақтасын; қатыны семіз, ері арық үй жұтынан сақтасын. Баланың сөзі батпандай, келіннің сөзі кетпендей. Ағаны көріп іні өсер, апа-ны көріп сіңлі өсер. Атасы басқа аттан түс, аталасым атқа мін. Түбі бірге түтпейді. Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз. Өзі білмес, білгеннің тілін алмас. Бір көрген біліс, екі көрген таныс. Түсі қара болса да, іші сара. Ит жеңгенін талай-ды. Шортанның өзі өлсе де, тісі өлмес; адамның өзі өлсе де, ісі өлмес. Білімсізбен алыспа, текке өмір тауыспа. Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ. Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы. Жібек асырай алмаса жүн болады, қыз асырай алмаса күң бо-лады. Бала, баланың ісі шала. Інісі бардың тынысы бар. Сенікі, менікі деген көңіл тарлығы, әрі жат, бері жат деген төсек тарлығы (бұлар дәйекшісіз жорта қате жазылған).
8-нші ереже.
«ـي» сөздің бас буынында ғана жазылады. Басқа буындарда «هـ» жазылады. Мәселен: ерке, кереге, терезе,келеке.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, (*) қойылған жерлерге тиісіне қарай ـي ،هـ ،ه харіфтерін қойыңдар.
17
Өсекке9 кірмесе, есепке кірмес. Сүтпен кірген мінез сүй-екпен бірге кетер. Ер басына күн түссе, етігімен су кешер. Берсең – аларсың, ексең – орарсың. Еңкейгенге еңкей басың жерге жеткенше. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз, батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз. Көп жүрген білмес, көп көрген білер. Өнерді үйрен де жирен. Өнерлі өрге жүзер. Білмегенді үйрету – жерге соқа сүйрету. Келбеті келгеннен кеңес сұра. Көше білмес жамандар көшсе көлік өлтірер, сөйлей білмес жа-мандар сөзді өзіне келтірер. Я еріншек өлер, я көңілшек өлер. Өткен іске өкінбе. Бекерден Тәңірім безер. Төртеу түгел болса төбедегіні алады, алтау ала болса ауыздағы кетеді. Ер шекіспей бекіспес. Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек? Есітпеген елде көп, есек мінген сартта көп. Көк ит жеңбес, көп ит жеңер. Көрмес түйені де көрмес. Ел жоқта құрбақа көл менікі дер, ер жоқта жамандар ел менікі дер.
Қ һәм Һ дыбыстары
Кей орында «қ» дыбысы «ғ» болып өзгереді. Ондай орында айтылуынша «ғ» харфін жазу тиіс. Ақ-ағы, бақ - бағы, сақ -сағы.
Істің ағы білмес, жігіттің бағы білер. Иттің сағы жақсы. Аяқ – аяғынан, таяқ – таяғынан. Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан.
Кей орында «к» дыбысы «г» болып кетеді Ондай орында естілуінше «г» харфін жазу тиіс. Етік – етігі; Етігі жаман төрге шықпас. Еңбек – еңбегі, өнбек – өнбегі. Еңбегі молдың өнбегі де мол.
«Қ» һәм «һ» дыбыстар һеш уақытта жіңішкермейді яғни жіңішке айтылмайды.
«К» һәм «г» дыбыстар һеш уақытта жуандамайды яғни жуан айтылмайды, сондықтан бұл дыбыстар тон дыбыстар деп аталады.
9 Қазіргі жазуға көшірілгенде (*) қойылған жоқ, е әрпі өз орнында жазылды. Ал түпнұсқада е әрпі келген жерлерде арабша үш түрлі таңбаның қайсысын жазу керектігін сынау үшін «*» таңбасы қойылған (Құраст.).
18
Сөз тұлғалары
Сөздер тұлғасына қарай беске бөлінеді. 1) Түбір сөз; 2) Туынды сөз; 3) Қос сөз; 4) Қосалқы сөз; 5) Қосымшалар.
1. Түбір сөз дегеніміз – бастапқы мағынасындағы, бастапқы тұлғасындағы сөз, мәселен: бас, тac, шаш, қол.
2. Туынды сөз дегеніміз – бастапқы тұлғасы да, мағынасы да өзгерген сөз, мәселен: бастық, тастақ, шашақ, қолтық.
3. Қос сөздегеніміз – қосарынан айтылатын сөздер, мәселен: аяқ-табақ, киім-кешек, төсек-орын, жүн-жұрқа, бақа-шаян, құрт-құмырсқа, түйе-мүйе.
4. Қосалқы сөз дегеніміз – өз алдына мағынасы кем басқа сөздің маңайында тұрғанда мағына шығатын сөз, мәселен: да, ғой, ғана (мал да, жан да, солай ғой, осы ғана).
5. Қосымшалардегеніміз – сөз емес, сөзге жалғанатын буын-дар; бұларда өз алдына мағына да жоқ, басқа сөзге жалғанбай бөлек айтылмайды да. Сондықтан бұлар қосымшалар деп аталады. Қосымшалар екі түрлі: біреулері жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді; екіншілері жалғанған сөзінің тұлғасын да, ішкі мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқы қосымшалар тысқарғы жалғаулар я тікелей жалғау деп аталады; екінші қосымшалар ішкергі жал-ғаулар я тікелей жұрнақ деп аталады.
Түсінікті болу үшін мысал келтірейік. Алалық, «жылқы» деген сөзді һәм «-шы», «-ның» қосымшаларды. «Жылқы» де-ген сөзге «-шы» қосымшаны да, «-ның» қосымшаны да қосып байқайық: қайсысы жалғау, қайсысы жұрнақ болып шығар екен. Жылқы-жылқы-шы, жылқы-жылқының, «жылқышы» дегенде сөздің бастапқы тұлғасы да, мағынасы да өзгерілді яғни «жыл- қышы» деген сөз енді малдың есімін көрсетпейді, адамның есімін көрсетеді. «Жылқының» дегенде, сөздің тұлғасы өзгерілді, мағынасы, өзгерген жоқ яғни «жылқының» деген сөз бәрібір малдың есімін көрсетіп тұр. Бұл айтылғаннан мәлім енді болды: «-шы» қосымша жұрнақ екендігі, «-ның» қосымша жалғау екендігі.
Жалғау аз, жұрнақ көп. Жалғау түбір сөзде де, туынды сөзде де болады. Жұрнақ түбір сөзде жоқ, туынды сөздерде ғана болады.
19
Сөз жазуының жалпы ережесі
һәр түбір сөз һәм туынды сөз жұрнақтарымен, жалғаулары-мен бірге, тұтас жазылады, бірақ үзетін харіфтер келген жерде үзіледі (үзетін харіфтер: а, д, з, р, о, ұ, е).
2. Қос сөздердің арасы сызықша (–)-мен айырылып жазыла-ды (аяқ-табақ, киім-кешек).
3. Қосалқы сөз бөлек жазылады.
4. Жұрнақтар барша сөзге қосылып жазылады. Жұрнақ ішіндегі дүдәмал естілетін дыбыстар естілген қалыпша жазы-лады.
5. Жалғаулар. Түбір сөзге де, туынды сөзге де қосылып жа-зылады. Жалғауда «т» мен «д» дыбыстары дүдәмал болса, «т» жазылмай, «д» жазылады.
Жұрнақтар түбір сөздің, жалғаулар түбір һәм туынды сөздің аяқ дыбысының түріне қарай өзгеріліңкіреп жалғасады.
Жұрнақтар
1. Жұрнақ «-лық». Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты я жарты дауысты дыбыс болса яки «р» болса осы «-лық» күйінде жалғанады. Мәселен: бала-балалық, жay-жаулық, қу-қулық, жабы-жабылық, бай-байлық.
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, жұрнақ -лық өзгеріліп, -дық болып жалғасады, мәселен: қымыз-қымыздық, хаж-хаждық, сал-салдық, қом-қомдық, хан-хандық, аң-аңдық.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, -лық, жұрнағы -тық болып жалғасады. Мәселен: қап-қаптық, жұрт-жұрттық, аш-аштық, жас-жастық, сақ-сақтық.
Жіңішке сөздерде «-лық» орнына «-лік», «-дық» орнына «-дік», «-тық» орнына «-тік» болып жалғасады. Мәселен: ер-ерлік, ел-елдік, тең-теңдік, ерке-еркелік, кедей-кедейлік, көп-көптік.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздерге «-лық» жұрнағын жалғатып туынды сөз еткізу.
Бас, қас, мұрын, ауыз, ерін, тіл, қабырға, арқа, тері, өкпе, бел, тамыр, сан, тізе, балтыр, өкше, ұлтан, ата, ұл, аға, іні, апа, жиен, күйеу, бажа, құда, жігіт, қарт, шал, ас, су, шөп, от, ине, ат, жорға, айғыр, бұқа, қошқар, ит, қасқыр, түлкі, маймыл, ай, күн,
20
жарық, қар, құйын, жыл, шілде, күз, түс, түн, күміс, төс, ала, сау, батыр, қу, жақын, зор, игі, жаман, тірі, нашар, қатты, семіз, жауыз, рас, ірі, қисық, сұлу, көркем, әдемі, мықты, жуас, ұяң, әңгі, монтаны, қиын, паң, аңқау, нас, салақ, шапшаң, таз, бос, дұрыс, тура, соқыр, сараң, тоқ, мас, сұм.
2. Жұрнақ «-шы».Бұл жұрнақ жуан-жіңішке сөздерге бірдей жалғанып, бірдей жазылады, бірақ жуан сөзде жуан айтыла-ды, жіңішке сөзде жіңішке айтылады. Мәселен: мал-малшы, ел-елші, жылқы-жылқышы, түйе-түйеші, алау-алаушы, егін-егінші.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-шы» жұрнағын қостырып, туынды сөз еткізу.
Аң, өлең, нан, үй, пеш, аяқ, қазан, темір, көмір, қырман, орақ, ат, бие, сиыр, балық, ойын, жыр, домбыра, қобыз, сыр-най, арба, қарауыл, отын, шалшық, алтын, күміс, сыр, балта, бата, ара, етік, тігін, ой, той, төсек, өтірік, қала, базар, бас.
3. Жұрнақ «-шыл». Бұл жұрнақ та жуан-жіңішке сөздерге бірдей жалғанып, бірдей жазылады, жуан сөздерде жуан бо-лып айтылады, жіңішке сөздерде жіңішке айтылады. Мәселен: қазақ-қазақшыл, жетек-жетекшіл, қара-қарашыл, күн-күн-шіл, қайғы-қайғышыл.
Дағдыландыру. Төмендегітүбір сөздерге «-шыл» жұрнағын қостырып, туынды сөз істету.
Тер, кір, жер, қайың, төл, кек, есеп, ауыл, су, қымыз, жұрт, соқа, аян, өсек, жетек, уайым, тәуекел, ырым, амал, қызыл, өзім, өзге, ойын, шын, басқа, ертең, бүгін, еркін, тор, көп, тәсіл, әдіс.
4. Жұрнақ «-лас». Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты я жарты дауысты дыбыс болса яки «р» болса, осы «-лас» күйінде жалғасады. Мәселен: қора-қоралас, ау-аулас, ай-айлас, ақы-ақылас, сыр-сырлас.
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса «-лас» орнына «-дас» болып жалғасады. Мәселен: жол-жолдас, мұң-мұңдас, қан-қандас, ым-ымдас, тұз-тұздас.
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-лас» орнына «-тас» болып жалғасады. Мәселен: от-оттас, тап-таптас, ошақ-ошақтас, қос-қостас, борыш-борыштас.
21
Түбір сөз жіңішке болса, «-лас» орнына «-лес», «-дас» ор-нына «-дес», «-тас» орнына «-тес» болып жалғасады. Мәселен: төбе-төбелес, көл-көлдес, жер-жерлес, тілек-тілектес, шек-шектес, шөп-шөптес.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-лас», «-лес», «-дас», «-дес», «-тас», «-тес» жұрнақтарын жалғатып туынды сөз еткізу.
Бас, бауыр, бу, тізе, өкше, ата, қайын, құда, тоғай, сабақ, табақ, су, егін, туыс, заман, әріп, қарын, тұқым, қара, әлек, одақ, ақыл, пайда, жарна, қырман, соқа, үн, жайлау, суат, көңіл, бата, аяқ, отан, ру, енші, ен, таңба, ірге, сыбай, ұл, өріс, құдық, тек, дәм, олжа, аман, тілеу, от, шабын, қоныс, бөлік, сыбаға, кіндік. 5. Жұрнақ «-лы» – түбір сөздің аяғы дауысты я жарты дауы-сты дыбыс болса яки «рң болса, осы «-лы» күйінде жалғасады.
Мәселен: бала-балалы, тay- таулы, тай-тайлы, қар-қарлы. Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-лы» орнына «-ды» бо-
лып жалғасады. Мәселен: мал-малды, саз-сазды, мұң-мұңды, сан-санды.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-лы» орнына «-ты» болып жалғасады. Мәселен: caп-сапты, ат-атты, тac-тасты, құлақ-құлақты, бұрыш-бұрышты.
Түбір сөз жіңішке болса, жұрнақтар да жіңішке болып жалғасады. Мәселен: шеге-шегелі, түйе-түйелі, тіреу-тіреулі, кегей-кегейлі, үрей-үрейлі, тек-текті, жел-желді, жер-жерлі, күш-күшті, ес-есті.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-лы» жұрнағын қостырып, туынды сөз еткізу. Кісі, адам, дене, бас, шаш, сақал, самай, иек, мұрт, маңдай, кеуде, жүрек, бүйір, қарын, тамыр, тізе, табан, тобық, ата, ана, аға, іні, күйеу, жаға, етек, тон, мақта, ет, қымыз, айран, су, шөп, тары, сұлы, жуа, ағаш, мойыл, үй, томар, жылқы, жорға, құлын, бота, шағала, аң, аю, қасқыр, балық, ақша, бүйі, май, сүмбе, құндақ, алтын, күміс, ақыл, ес, үміт, сана, саңылау, қайғы, ашу, құла, күрең.
6. Жұрнақ «-лау» – түбір сөздің аяғы дауысты я жарты дауы-сты дыбыс болса яки «р» болса, осы «-лау» күйінде жалғасады. Мәселен: бала-балалау, қара-қаралау, may-таулау, сұлу-сұлу-лау, тар-тарлау, жар-жарлау.
22
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-лау» орнына «-дау» болып жалғасады. Мәселен: шал-шалдау, паң-паңдау, аз-аздау, шын-шыңдау.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-лау» орнына «-тау» болып жалғасады. Мәселен: ақ-ақтау, жас-жастау, аш-аштау. Түбір сөз жіңішке болса, жұрнақ да жіңішкереді: «-лау» орнына «-леу», «-дау» орнына «-деу», «-тау» орнына «-теу» болып жалғасады. Мәселен: көне-көнелеу, ірі-ірілеу, кір-кірлеу, семіз-семіздеу, кең-кеңдеу, кем-кемдеу, төмен-төмендеу, көк-көктеу, сирек-сиректеу.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-лау» жұрнағын қостырып, туынды сөз еткізу.
Жаман, меңіреу, батыр, ер, қу, сұр, сары, кедей, жақын, жуық, үлкен, зор, өткір, биік, ескі, қызық, сасық, бүкір, қалың, жұқа, ыссы, суық, керең, терең, жылтыр, тегіс, жақсы, қымбат, алыс, ұзын, арзан, нашар, сұйық, ащы, жауыз, ерке, бұзық, тіке, қысқа, шолақ, көркем, жуас, ұяң, жеңіл, оңай, ылас, ылай, жас, ұсақ, аласа, салақ, нас, сақау.
7.Жұрнақ «-сыз».Бұл жұрнақ түбір сөзге һәман осы күйінде қосылады. Жуан сөзге қосылса, жуан болып айтылады, жіңішке сөзге қосылса, жіңішке айтылады. Мәселен: құлақ-құлақсыз, иек-иексіз.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-сыз» жұрнағын қостырып, туынды сөз еткізу.
Бас, аяқ, қол, жол, пұл, жем, жең, тек, тең, ем, жел, көл, бет, еп, ат, қой, түйе, мал, ет, сүт, сорпа, нан, жан, ел, күн, бала, жала, қала, қора, албар, ау, тау, бота, жота, күй, ін, ой, от, құт, бақ, жақ, оқ, серік, ар, жар, түр, төл, түп, тол, түк, жіп, мұң, сан, тон, дақ, дәт, дәм, дәме, мін.
8. Жұрнақ «-ғы». Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса, осы «-ғы» күйінде жалғасады. Мәселен: бұрын-бұрынғы, ар-арғы, соң-соңғы. Түбір сөз жіңішке болса, «-ғы» жұрнақ «-гі» бола-ды. Мәселен: кеше-кешегі, бүгін-бүгінгі, кейін- кейінгі, төме -төменгі.
Қатаң дыбыстардан кейін жуан сөздерде «-қы» болып, жіңішке сөздерде «-кі» болып өзгереді. Мәселен: арт-артқы, сырт-сыртқы, түп-түпкі, шет-шеткі.
23
9. Жұрнақ «-еке». Бұл жұрнақ түбір сөзге жалғаспай сызықпен бөлініп жазылғаны қолайлы: «еке» деген жұрнақ -еке деген сөзден азып болған сөз: би-еке, төре еке, батыр-еке, Нұр-еке, әке-еке, аға-еке, шеше-еке.
10. Жұрнақ «-ншы». Бұл жұрнақ жуан сөзге жалғасса, жуан айтылады, жіңішке сөзге жалғасса, жіңішке болып айтылады. Мәселен: бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтын-шы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, жиырмасын-шы, отызыншы, қырқыншы, елуінші, алпысыншы, жетпісінші, сексенінші, тоқсаныншы, жүзінші, мыңыншы.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздерге «-ншы» жұрнағын қостырып, туынды сөз еткізу.
Он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз, жиырма тоғыз, отыз сегіз, қырық жеті, елу алты, алпыс бес, жетпіс төрт, сексен үш, тоқсан екі, бір жүз, он мың, жүз мың, жүз он, жүз жиырма.
11. Жұрнақ «-у». Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты ды-быс болса яки жарты дауысты «у» болса, осы күйінде бір «у» болып жалғанады. Мәселен: қара-қарау, аса-асау, өте-өтеу, бу-буу.
Түбір сөздің аяғы дауыссыз дыбыс яки жарты дауысты «у» болса, «-у» жұрнағы екі уу болып жалғасады. Мәселен: ат-ату, қи-қию. Ескерту. Түбір сөздің аяғы «ى» болса, «у» жұрнағы бо-лып қосылады. Оның мәнісі мынау: «у» дыбысының алдында «ы» дыбысы келсе, «-у»-мен тұтасып, «у» сияқты айтылады. Мәселен: оқы-оқу, тоқы-тоқу.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-у» жұрнағын жалғатып, туынды сөз еткізу.
Ал, ұр, саба, қорық, күре, адас, сүз, ас, иле, тез, ауна, қайт, оқы, тоқы, сүрт, ұлы, өлше, құр, сөйле, сыз, шірі, қалғы, сау, тый, ти, жи, ой, істе, тіле, жу, бу, қу, ту.
12.Жұрнақ «-ғыш».Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты я жарты дауысты дыбыс болса яки ұяң дыбыс болса, осы «-ғыш» күйінде жалғасады. Мәселен: сана-санағыш, оқы-оқығыш, cay-сауғыш, бу-буғыш, тай-тайғыш, ал-алғыш.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-ғыш» орнына «-қыш» болып жалғасады. Мәселен: айт-айтқыш, man-тапқыш, бақ-баққыш, бас-басқыш, аш-ашқыш.
24
Түбір сөз жіңішке болса, «-ғыш» орнына «-гіш» болып, «-қыш» орнына «-кіш» болып жалғасады. Мәселен: сөйле-сөйлегіш, бер-бергіш, сүрт-сүрткіш.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-ғыш» жұрнағын жалғатып, туынды сөз еткізу.
Үр, көр, күрес, сақта, мақта, жық, таста, баста, тер, көр, қақ, жақ, кір, сүрт, сас, асық, таңда, өлше, нан, кеп, теп, қара, кейі, бұйы, қый, мүжі, қары, қу, жу, бу, ой, қой, той, сой, же, де, тіле, кес, тес, ес, шаш, қаш, шеш, таң, жан, сал, бол, сол, құла, қала, қаз, бар, жар, көм, ем, ен, ер, жи, тый, қый, ій, ти, тұт, жорт, қыз, аз, жыр.
13. Жұрнақ «-ғын». Бұл жұрнақ та «-ғыш» сияқты түбір сөздің түріне һәм аяғына қарай «-қын», «-кін», «-гін» болып жалғасады. Мәселен: қу-қуғын, аз-азғын, қаш-қаиіқын, mac-тасқын, көш-көшкін, жүр-жүргін.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздерге «-ғын» жұрнағын жалғатып, түбір сөз еткізу.
Ac, көр, төк, түр, тарт, жұт, ұр, сау, жет, күт, өр, қыс, шақ, жек, төз, шап, қат, тап, той, тол, қыр, үз, бақ, бүр, соқ, сат тай, оз, от, сол, ту, жырт, кес, сөз, шаш, айт, ат, ау, қой, қос, күл, тық, түс, ек, ер, ақ, бат, сүрт.
14. Жұрнақ «-к». Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса, осы «қ» күйінде жалғанады, жіңішке болса, «қ» орнына «к» болып жалғанады. Мәселен: аш-ашық, тес-тесік.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөзге «-қ» жұрнағын қостырып, туынды сөз істету.
Ал, сал, ас, ал, төз, көр, кір, біл, сез, сыз, шірі, бөл, бер, сау, қыты, жет, ой, тіле, сасы, өксі, қада, қыс, жап, боя, біт, қаз, жар, ұш, сүй, сын, қат, кез, тес, тол, ұза, қатыр, кекір, оз, жұл, таң, түсін, бұз, бұйыр, ес, жаз, жап, тіл, жүз, иле, түкір, төле, үз, сол жырт, жай, кес, отыр, ау, жас, жара, жина, суы, тұр, құс.
15. Жұрнақ «-ақ».Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса, осы «ақ» күйінде, жіңішке болса, «-ақ» орнына «-ек» болып жалғанады. Мәселен: тұр-тұрақ, кес-кесек.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-ақ» жұрнағын жалғатып, туынды сөз еткізу.
25
Жат, қос, қорық, сүз, жұл, бол, жет, көм, тап, ор, аш, от, құм, шаш, айт, ат, ій, шеш, көн, жүр, құш, қон, ұл, жат, қап жіп, көп, көн, түп.
16. Жұрнақ «-ыс». Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса жуан айтылады, жіңішке болса жіңішке айтылады. Мәселен: бар-барыс, кел-келіс.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-с» жұрнағын жалғатып, туынды еткізу.
Ал, бер, жүр, тұр, айт, қон, тарт, ту, ат, жап, сау, бүр, біл, соқ, қақ, таны, жүқ, той, біт, шал, кір, шық, көр, тап, жұт, бөл, үр, ти, жек, төз, жат, ұқ, қара, жу, бақ, жұл, тала, жон.
17. Жұрнақ «-м». Бұл жұрнақ түбір сөз жуан болса, жуан айтылады, жіңішке болса, жіңішке айтылады. Мәселен: aттa-аттам, тіcтe-тістем.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге «-м» жұрнағын жалғатып, туынды сөз істету.
Ат, сал, жар, бел, кел, кет, ас, қос, тарт, сұқ, соқ, кес, от, күт, же, жаз, жыр, тіл, қала, байла, ора, іш, шайна, түт, жұт жай, сық, қыс, төз, қайт, қада, өлше, іл, үз, шаныш, тақ, түрт, сыз, ол, сүйе, сүйке, жала, тат, ақ, тек, сау, түс.
18. Жұрнақ «-нды».Бұл жұрнақ та жуан сөзге жалғанса жуан болып, жіңішке сөзге жалғанса жіңішке айтылады. Мәселен: қос-қосынды, кес-кесінді.
Дағдыландыру. Төмендегі өздерге «-нды» жұрнағын жал-ғатып, туынды сөз істету.
Қу, бу, ту, жұу, бас, ас, тас, ақ, жақ, тақ, ұқ, тық, ек, төк, жүгір, сат, қайт, сүрт, шық, жұл, үз, мүжі, жұт, сөйле, қыр, ой, қуыр, ор, шақыр, қаз, боя, тап, жат, түкір, жібер, семір түрт, шеш, байла, тала.
19. Жұрнақ «-ма». Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты я жарты дауысты дыбыс болса яки «р», «л» болса, осы «-ма» күйінде жалғасады. Мәселен: сана-санама, тасы-тасыма, ту-тума, сау-саума, жай-жайма, қыр-қырма, сал-салма.
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «-ма» орнына «-ба» бо-лып жалғасады. Мәселен: жаз-жазба, оң-оңба, жон-жонба.
Түбір сөздің аяғы қатаң болса, «-ма» орнына «-па» болып жалғасады. Мәселен: бас-баспа, ат-атпа, ақ-ақпа, жап-жаппа, аш-ашпа.
26
Түбір сөздер жіңішке болса, «-ма» орнына «-ме», «-ба» ор-нына «-бе», «-па» орнына «-пе» болып жалғасады. Мәселен: кер-керме, іл-ілме, ій-ійме, кез-кезбе, көм-көмбе, кес-кеспе, ек-екпе.
Дағдыландыру. Төмендегі түбір сөздерге -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарын жалғатып, туынды сөз істету.
Сал, қаз, бат, жап, сүз, таста, ас, күре, қақ, қада, кір, төк, сүрт, таңда, қара, жек, қыдыр, сыз, ұр, соқ, тый, ой, қуыр, ор жап, ұста, тұттық, ора, сына, айнал, боя, бас, тура, жар, үш, жала, құй, қына, жақ, қыр, үз, шеш, құс, құла, жыр, жүз, кеш, көтер, тай, оз, жаныш, жай, соз, шаш, қайна, ау, қой, сық, ки, тоқы, шұқы, қыс, тара, көш.
АТАУЫШ СӨЗДЕР
І. ЗАТ ЕСІМ
Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Мәселен: жер, тay, тac, су, ағаш, шөп, жапырақ, күн, ай, жұлдыз, бұлт, қар, жаңбыр, жел, су, сағым, кісі, мал, аң, құс, бақа, шаян, шыбын, шіркей, құрт, құмырсқа, қала, үй, төсек, орын, аяқ, табақ, киім, қазан, ошақ, арба, шана, ер, тоқым, қамыт, доға, арқан, жіп, тамақ, сусын, қалам, сия, астық, жеміс, бақан, сойыл, құрық, таяқ, асық, топай, доп, қобыз, домбыра, сыбызғы, ақша, кез, қадақ, мылтық, найза, қылыш, қанжар, оқ.
Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз. Зат туралы кім? не? деп сұраймыз. Кім? деп сұраймыз адам туралы. Не? деп сұраймыз басқа заттар туралы.
Мысалы: 1) «Ат ерінді келер, ер мұрынды келер». «Кім мұрында келер?» – «ер». «Не ерінді келер?» – «ат».
2. «Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман». «Не жа-ман»? – «шаншу». «Не жаман? – «қаңқу».
3. Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады, қатты-қатты сөйлесең,кәфір діннен шығады».«Не іннен шығады?» – «жылан». «Кім діннен шығады?» – «кәфір».
4. «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне». «Не тойған жеріне?» – «ит». «Кім туған жеріне? – «ер».
27
5. «Ас – адамның арқауы». «Адамның арқауы не?» – «ас». «Ас кімнің арқауы?» – «адамның».
6. «Ананың көңілі балада, баланың көңлі далада». «Кім-нің көңілі балада?» – «ананың». Кімнің көңлі далада?» – «баланың». Ананың көңілі кімде? – «балада». «Баланың көңілі неде?» – «далада».
Осындай кім? не? деп сұрауларға жауап болып айтылатын һәм нәрселердің атын көрсететін сөздерді зат есім дейміз.
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі зат есім сөздерді айырту.
Аш кісі ұрысқақ, арық қой тырысқак. Таспен ұрғанды аспен ұр. Еменнің иілгені – сынғаны, ердің ұялғаны – өлгені. Бұтаға қорғалаған торғай да қала- ды. Сиыр судан жериді, су сиыр-дан жериді. Аюдан қорыққан тоғайға бармас. Мұртына қарай іскегі, сабасына қарай піспегі. Май сасыса тұз себер, тұз са-сыса не себер? Жел болмай, шөп қозғалмас. Жаз шанаңды сай-ла, қыс арбанды сайла. Пышақ берсең қынымен бер, қынын берсең шынымен бер. Күн ортақ, ай жақсы ортақ. Қазыға той-са, қарта әлем сасиды. Оқ жетпес жерде қылыш суырма. Үйді қозғасаң көшірерсің, отты қозғасаң өшірерсің. Шоттың басын бассаң, сабы өзіңе тиер. Айран сұрай келіп аяғынды жасырма. Құр қасық ауыз жыртар. Тоқпағы зор болса, киіз қазық жерге кірер. Қалауын тапса қар жанар. Ет етке, сорпа бетке.
Сынау. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі зат есім сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
Бағың артқан шағында жапалақ салсаң, қаз ілер, бағың тайған шағында сұңқар салсаң, аз ілер. Мал басқа бітер, қына тасқа бітер. Нар жолында жүк қалмас. Таяқ тайға жеткізер, тай құнанға жеткізер, құнан атқа жеткізер. Ата даңқымен қыз өтеді, мата даңқымен бөз өтеді. Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар. Кісі болған кісіні кісесінен танимын, кісі болмас кісіні мүшесінен танимын. Бұлт ала, жер шола. Ай мен күндей һәркімге бірдей. Би баласы биге ұқсар: биік-биік тауға ұқсар; хан баласы ханға ұқсар: қанатын жайған қазға ұқсар; бай баласы байға ұқсар: байланбаған тайға ұқсар. Қайырымсыз болса, ханнан без, өткелсіз болса судан без; асусыз болса таудан без, пайдасыз болса байдан без, панасыз болса сайдан без. Асық
28
ойнаған азар, доп ойнаған тозар, қой бағып, қойыртпақ ішкен озар. Үйеңкінің түбінен үйіріп алған қобызым, қарағайдың түбінен қайырып алған қобызым.
ІІ. СЫН ЕСІМ
Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Мәселен: жақсы, жаман, биік, зор, аласа, ұзын, қысқа, терец, тайыз, қатты, жұмсақ, қою, сұйық, бай, жарлы, жақын, алыс, аш, тоқ арзан, қымбат, қалың, жұқа, зерек, кешше, өткір, топас, семіз, арық, қараңғы, жарық, тұнық, лай, кәрі, жас, қиын, оңай, ауыр, жеңіл, сау, ауру, ақылды, ақымақ, есті, есалаң, ескі, жаңа, ұсақ, ірі, таза, тентек, жуас, сараң, жомарт, мырза, жылы, суық, тар, кең, бұзыр, тегіс.
Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер деп аталады.
Сын есімнің сұрауы: қандай? Мәселен: жаман төре жан алар. Арық атқа қамшы жүк. Қандай атқа қамшы жүк? – Арық атқа қамшы жүк. «Жаман», «арық» деген сөздер «қандай?» деп сұрағанға жауап һәм өздері нәрсенің сынын көрсетеді. Осын-дай «қандай?» деп сұрағанға жауап болатын сөздердің бәрі де сын есім болады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздерді айырту: қайсысы зат есім, қайсысы сын есім?
Жақсы кісі, жаман мал, биік тау, аласа ағаш, ұзын арқан, қыска жіп, терең теңіз, тайыз көл, қатты құрт, жұмсак нан, қою ауыл, өткір пышақ, топас кісі, семіз қой, арық ат, қараңғы қора, жарық түн, тұнык су, лай қақ, кәрі түйе, жас айғыр, қиын күй, оңай өлең, ауыр жүк, жеңіл сандық, сау жылқы, ауру сиыр, ақылды бала, ақымақ жігіт, ескі етік, жаңа шапан, ұсақ құм, ірі тары, таза жұрт, лас қора, сақ ит, салақ қатын, сұм бала, аңқау қойшы, жуан қарағай, жіңішке тал, жылы жаз, суық қыс, тар шалбар, кең жаға, бұдыр жер, тегіс дала.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, сын есім сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
Аш бала тоқ баладай ойнамайды. Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге мал тұрар. Жаман сайға су түссе, өткел бермес
29
кешуге. Бай кісі балпаң келер, жарлы кісі қалтаң келер. Жақсы кеңес жарты ырыс. Ұзын көсеу қол күйдірмес. Тура биде туған жоқ. Ауру күлкі сүймес. Жүйрік итті түлкі сүймес. Қысқа жіп күрмеуге келмес. Құтты қонақ келсе, қой егіз табар. Өткір пышақ қынға қас, өтірік сөз жанға қас. Арық малды асырасаң аузы-мұрның май етер. Қараңғы үйде қабан күркүрейді. Кәрі түйе ойнақтаса, жұт болады. Арық атқа ауыр қамшы да жүк. Жыртық үйге тамшы ойнар. Шабан үйрек бұрын ұшар. Құрғақ қасық ауыз жыртар. Қуыс үйден құр шықпа. Аз асқа жасауыл болма. Көп асқа бөкеуіл болма! Жақын жолдың алысы жаман. Тез қасында қисық ағаш жатпас.
ІІІ. САН ЕСІМ
Кей сөздер нәрсенің санын атайды. Мәселен: бір,екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір, он екі, он үш, он төрт, он бес, он алты, он жеті, он сегіз, он тоғыз, жиыр-ма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз, мың, миллион.
Нәрсенің санын сұрағанда неше? деп яки қанша? деп сұ-раймыз.
Неше? деп сұраймыз нәрсенің дәл санын білуге, мәселен: неше кісі келеді?» – үш кісі келеді.
Қанша? деп сұраймыз нәрсенің дәл санын білуге емес, ша-масын ғана білуге, мәселен: «қанша күн жүресің?» – «үш-төрт күн жүремін».
Тойда неше кісі болды? деп сұрамайды, қанша кісі болды? деп сұрайды, үйткені тойдағы кісілердің анық санын білуге емес, шамасын ғана білуге сұралады. Жауап беруші тойдағы кісілердің анық санын айта алмай, шамасын ғана айтады, мәселен, «екі жүз кісі болды» демейді, «екі жүздей кісі бол-ды» дейді.
Жоғарғы келтірілген мысалды: «Неше кісі?» дегенге «үш кісі» деген сөз жауап; қанша кісі дегенде «екі жүздей кісі» деген сөз жауап; басқаша айтқанда «неше?» дегенге «үш», «қанша» дегенге «екі жүздей» деген сөздер жауап болып тұр. Міне, осы
30
сияқты неше? қанша? деп сұрауға жауап болатын һәм нәрсе-нің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз.
Неше? деген сұрау нешеу? деп де айтылады. Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі сан есім
сөздерді айырту.
Бір кісі, екі бит, үш жұмыртқа, төрт түйе, бес ат, алты бала, жеті қарға, сегіз бөрене, тоғыз үй, он балық, он бес сиыр, жи-ырма сом, жиырма төрт тиын, отыз тай, отыз алты асық, қырық жұлдыз, қырық үш күн, елу тоғыз жас, алпыс ара, алпыс екі құрт, жетпіс қой, жетпіс бір лақ, сексен кез, сексен жеті құлаш, тоқсан тоғай, тоқсан тоғыз торғай, жүз топай, мың пұт.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, сан есімнің астын сы-зып көрсетіңдер.
Мың қойшыға бір басшы. Екі рудан би болса, ел байсал тап-пас, екі кісі қағысса, бір кісіге орын болар. Ер қаруы – бес қару. Бір кісі мың кісіге олжа салады. Бір күн дәм тартқанға қырық күн сәлем. Үйіңде екі қатын болса ойран болар, екі сиыр бол-са айран болар. Елу жылда ел жаңа. Жетесіз жаман жас бала тоқсандағы шалмен тең. Тоғышардың баласы жиырма бесте жаспын дер, ораздының баласы он бесінде баспын дер. Жеті атасын білмеген – жетімдіктің салдары, әзіл сөзді ауырлау – шетіндіктің салдары. Өтірік – екеу, шын – төртеу. Жігіт кісіге жетпіс өнер де аз. Бір тәуекел бұзады мың қайғының қаласын, бір жақсы сөз бітірер мың көңілдің жарасын. Бас екеу болмай, мал екеу болмас. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Төртеу түгел болса, төбедегіні алар, алтау ала болса, ауыздағы кетер. Сексен інген боталап, сегіз келін қомдасын.
ІV. ЕСІМДІК
Кейбір сөздерді зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің ор-нына жүргендіктен есімдік дейміз. Мәселен, «Нұрман отыр» дегеннің орнына «ол отыр» деп айтамыз. «Мұғалім» дегеннің орнына «мен» деймін, «шәкірт» дегеннің орнына «сен» деймін. Мұндай сөздер көбіне өзге есімдердің орнына жүретін болғандықтан есімдік деп аталады.
31
Мәселен, есімдік сөздер: Мен, сен, ол, біз, сіз, олар, кім, не, қайсы, қандай, өзім, өзің, өзі, бүл, ол, мынау, анау, бірі, бәрі, менікі, сенікі, оныкі, өзімдікі, өзінікі, өзімдікі, басқанікі.
Сынау. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі есімдік сөздерді айырту.
Әрі жат, бері жат демек – төсек тарлығы, сенікі, менікі демек – көңіл тарлығы. Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, өзгенікі дегенде анау-мынау ісім бар. Құлан өз қағынан жерімес. Сиыр өз тілінен қыршаңқы болады. Не ексең, соны орарсың. Кім мықты, кім нашары мәлім болар, түскенде той томаға белін буып. Үйдің жылы-суығы қыс келгенде білінер, кімнің алыс-жуығы іс келгенде білінер. Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі сұңқар емес. Сіз деген – әдет, біз деген – көмек. Бүгін айдың нешесі? Қара қайсы? Хан қайсы? Елді ойлаған жан қайсы? Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырлайсың. Оны тастап мұны алдың, мұннан тағы құр қалдың. Өзі қандай болса сөзі сондай. Сен сұңқарсың, мен қумын. Саған дұшпан маған жау. Жылқыда тұлпар сен едің, жігітте сұңқар мен едім. Сен астым-да сау тұрсаң қыдыра жалды қыл күйрық сенен озбас деп едім. Аяғы екеу бір басты менен озбас деп едім. Бұл сөздің бәрі де рас, емес жалған.
V. ЕТІСТІК
Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін атайды. Мәселен: арт, тарт, ал, ұр, саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сөк, сүз, таста, шық, жық, ас, ал, төз, көр, қақ, қада, кір, төк, өксі, таңда, сескен, ұлы, өлше, кеп, біл, сыз, бер, бас, ұста, ұр, ти, ой, күт, тұр, ор, шақ, жап, жек, бар, кет, тара, қара, жап, жала, құй, жап, қой, той, сой жой, жуу, бу, қу, жи, тый, қи, ки, ій. Мұндай сөздер етістік сөз деп аталады.
Етістік сөздердің сұрауы: не етпек? не істемек? не қылмақ? не болмақ? Етістіктің жалпы сұрауы: не етпек?
Мысалы: 1) «Қар жауады, кетеді» «Қар не етеді? – «жауады», «Қар не етеді?» – «кетеді». «Қой маңырайды, түйе боздайды, «Қой не істейді?» – «маңырайды». «Түйе не істейді?» – «боз-дайды». «Күн күркірейді», «Күн не қылады?» – «күркірейді». «От сөнді, ел жаты». «От не қылды?» – сөнді». «Ел не
32
қылды?» – «жатты». «Жас өсер, жарлы байыр», «Жас не қылар?» – «өсер», «жарлы не қылар» – «байыр». «Жауады», «кетеді», «маңырайды», «боздайды», «күркірейді», «жатты», «сөнді», «өсер», «байыр» деген сөздер не етеді? не істейді, не қылады? деп сұрағанға жауап һәм өздері істеген істі атай-тын сөздер. Сондай не етпек? не істемек? не қылмақ? деген сұрауларға жауап болатын сөздердің бәрі де етістік болады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөйлемдердің ішіндегі сөздерді айырту. Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?
Кісі сөйлейді. Бала ойнайды. Түйе боздайды, ит үреді, қой маңырайды, қозы жамырайды. Мен жүремін. Сен жүгіресің. Ол жазып отыр. Бұл оқып отыр, Бірман күліп тұр, Нұрман жылап тұр. Жел соғып тұр. Боран бұрқырап тұр. Көкті бұлт торлады. Күн шықты, тұман сейілді, жұрт оянды, төсектен тұрды. Мал өрді, өріске кетті. Нұрман киінді, жуынды, шай ішті, кітаптарын алды, оқуға кетті. Жаз болды. Қар еріді. Сулар ақты. Өзендер тасыды. Ел қыстаудан шықты. Жер көгерді. Мал тойынды. Малшы мал бағады. Жыршы өлең айтады. Домбыра-шы күй тартады. Егінші егін егеді. Хатшы қағаз жазады.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, етістік сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
Құс баласы қырымға қарайды, ит баласы жырымға қарайды. Күн жазға айналды, ет азға айналды. Сай сайға құяды, бай байға құяды. Оңқа ойын бұзар, тентек жиын бұзар. Көп азға қылған зорлығын айтады, аз көптен көрген қорлығын айтады. Жыртық тесікке күледі. Тез қасында қисық ағаш жатпайды. Шаруа жаз жазылады, қыс қысылады. Ұялмаған өлеңші болар. Ерінбеген етікші болар. Бақ-бақ еткен текені қыс түскенде көреміз, батырсынған жігітті іс түскенде көреміз. Жер таусыз болмай-ды, ел даусыз болмайды. Үйді қозғаған көшірер, отты қозғаған өшірер. Құр қасық ауыз жыртар. Сиыр судан жериді, су сиыр-дан жериді. Есек түйе болмайды, сиыр бие болмайды. Жақсы айғырдың үйірін ат жақтайды. Аталы сөзді арсыз қайырар. Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді. Бірлік болмай, тірлік болмас. Жауға жаныңды бер, сырыңды берме. Қылыш жарасы бітер, тіл жарасы бітпес. Ел ұрысыз болмас, тау бөрісіз болмас. Ордалы құлан ақсағын білдірмес. Жалт-жүлт етеді, жалмай жұтады. Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр.
33
ШЫЛАУ СӨЗДЕР
І. ҮСТЕУ
Кей сөздер басқа сөздердің мағынасын толықтыру үшін үстеу болады. Мәселен, «әрең келдім» дегенде «әрең» демесе де келгендігі көрініп тұр, бірақ «әреңді» қосқанда келгендіктің үстіне қалай келгендік көрініп тұр. «Әбден бітірді» деген-де «әбден» демей де бітіргендік көрініп тұр, бірақ қалай бітіргендігі көрінбейді. «Бітірдінің» үстіне «әбден» деген сөз жамалса, қалай бітіргендігі көрінеді. «Дөп тиді» дегенде «дөп» деп айтпасақ та көрінеді, бірақ қалай тигендігі көрінбейді. «Ол әрі кетті», «Мен бері келдім» дегенде «әрі», «бері» деген сөздерді айтпасақ та оның кеткендігі, менің келгендігім көрініп тұр, бірақ оның қайда кеткендігі, менің қайда келгендігім «әрі», «бері» деген сөздерді айтпасақ көрінбейді.
Сондай-ақ, «Бұрын адам аз, жер кең болған, енді адам көп, жер тар болды». «Бұрын» деген сөзді айтпасақ та адам аз болғаны, жер кең болғаны көрінігі тұр, бірақ адам қашан аз болғаны, жер қашан кең болғаны көрінбейді. «Бұрын» де-ген сөзді қосып айтсақ, қашан болғандығы да көрініп, сөздің мағынасы түгелденеді. «Енді» деген сөзді айтпай «адам көп, жер тар болды» десек те адам аз, жер тар болғандығы көрінеді, бірақ қашан солай болғандығы көрінбейді. «Енді» деген сөзді қосып айтсақ, адам қашан аз болғандығы, жер қашан тар болғандығы анық көрініп, сөздің мағынасы түгелденеді. Осын-дай сөз үстіне қосылып, сөздің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу сөз дейміз.
Көбінесе үстеу сөз орнына басқа сөздер яки басқа сөзден ту-ынды үстеу сөздер жүреді. Нағыз таза үстеу сөздер қазақтілінде аз. Үстеу сөз де, туынды үстеу сөз де, үстеу сөз орнындағы басқа сөз де – бәрі сұраудан білінеді. Қалай? қашан? қайда? де-ген сөздерге жауап болып айтылатын сөздердің бәрі де я үстеу сөз, я соның орнындағы төлеу сөз.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, үстеу сөздердің астын сызып көрсетіндер.
34
Кеше ыстық болды. Бүгін жаңбыр болып тұр. Былтыр қар ерте кетті, биыл кеш кетті. Мана басым ауырып еді, осы кезде ауырғаны қойды. Дүркін-дүркін ит үріп жатты.
Соңыра барып келермін. Баяғыда бір бай болған екен. Ат артынан аулақ жүр. Нұрман кітапты жылдам оқып шықты, Бірман шабан оқиды. Екі кісі ауыл сыртында оңаша сөйлесіп отыр екен. Ана кісі арман бара жатыр. Мына кісі бермен келе жатыр. Анда-санда айтақтаған дауыс естіледі. Екеуміз жүзбе-жүз сөйлестік. Осы сөзімді әдейі ауызба-ауыз өзіне айт. Құс кеш келді. Екеуі далаға бірге шықты. Ауылға жаяу келіп, жаяу жүрді. Бірге келіп, босқа кетті. «Бүгін ойнайын, ертең оқырмын» деп жалқау бала айтады, «бүгін оқиын, ертең ойнар-мын» деп іскер бала айтады .
ІІ. ДЕМЕУ
Демеу дегеніміз – екі сөздің арасын яки екі сөйлемнің ара-сын жалғастыруға демеу болатын сөздер. Мәселен. «Мен де, сен де сонда болдың». «Ол оқыды да, жазды да».
«Да», «де» деген сөздер екі сөздің арасындағы жүйені келтіріп, жалғастыруға демеу болып тұр.
«Я ол тұрар, я мен тұрармын». «Бұл жұмыс я бітер, я бітпес яки осы күйінде қалар».
«Я», «яки» деген сөздер басқа сөздің арасындағы жүйелерін келтіріп, жалғастыруға демеу болып тұр.
«Мен саған ұрыстым ба?» «Әйтпесе сөктім бе?» «Немесе соқтым ба?» «Балаң қазақша оқи ма, орысша оқи ма, әлде тіпті босқа жүр ме?».
«Ба», «бең, «ма», «ме», «әлде», «әйтпесе», «немесе» деген сөздер басқа сөздердің арасындағы жүйесін келтіріп, жал-ғастыру үшін тұр.
Демеу сөздер қазақ тілінде аз. Оның көбі басқа сөзден шық-қан туынды демеулер; мәселен: үйткені, сүйткені, үйтседе, бүйтседе, сүйтседе, әйтседе, әйтпесе, үйтпесе, бүйтпесе, не-месе – бәрі туынды демеулер.
Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, ішіндегі демеу сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
35
Ол соған әлде күйеу, әлде құда, сүймейді қой атаулы мені жүдә. Я бөлең я жиенің, я нағашың – әйтеуір саған ұқсас еді ол да. Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да жұмыссыз тек тұрған жоқ һеш бір жан да. Мен бүгін сабаққа бара алғаным жоқ, үйткені басым ауырғаннан. Басың ауырған шығар, сүйтсе де сабақтан қалғаның жарамаған екен. Әлде мен сылап-сипап бақпадым ба? Болмаса, жемнен қысып сақтадым ба? Әйтпесе әбзелдерің сәнді емес пе? Жібектен тізгінінді тақпадым ба? Малдырып үзеңгіңді сары алтынға, тағаңды шын күмістен қақпадым ба? Оқымадың, қой бақтың, сүйткенде сен не таптың?! Қалаға балаңды жібер немесе өзің барып кел. Үйтсе де, бүйтсе де һеш нәрсе өнетін емес. Береді деп ойлаймын, сүйтсе де сұрап көр. Бір мәнісі бар шығар, әйтпесе неге жазбасын. Ол саған ұрсар, әйтсе де бару, керек. Ол сенің арызынды бермес, үйткені жаз-байтын адам.
ІІІ. ЖАЛҒАУЛЫҚ
Кей сөздер жалғау орнына жүреді һәм жалғаулар сияқты басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына шықпайды. Сондай сөздерді жалғаулық дейміз. Жалғаулық сөздер қазақ тілінде тіпті аз. Мәселен: менен, үшін, арқылы, тақырыпты, туралы.
«Менен» алдындағы дыбыстың түріне қарай «бенен» болып та айтылады, қысқа түрінде «мен», «бен» болып айтылады.
Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, жалғаулық сөз-дердің астын сызып көрсетіндер.
Күштіменен күреспе, байменен тіреспе. Отпен ойнама, күйерсің, баламен ойнама, шаршарсың. Бұлардың дауы жер тақырыпты. Олардың дауы жесір тақырыпты. Хабарды теле-граф арқылы алдым, хатты почта арқылы алдым. Мен жаз-баймын өлеңді ермек үшін, жоқ-барды, ертегіні термек үшін, Сөзімді көкірегі, тілі орамды жастарға жаздым үлгі бермек үшін. Ат туралы сөзді қысқарталық. Қолымен істегенді мой-ынмен көтереді. Таспен ұрғанды аспен ұр.
36
ІV. ОДАҒАЙ СӨЗ
Кей сөздер басқа сөздерден оңаша, одағай айтылады. Мәселен: апырым-ай, шошып кеттім ғой. Ай-қай, қай! Жаным жаңа райыс тапты ғой. Ай-қай! Менің өз үйім, кең сарайым боз үйім! Әлди-әлди! Ақ бөпем. Пай-пай! Қалай аяндайды? Ау-қау! деп дауыстап еді сиыр мөңіреді. Тарс-тұрс еткен мылтықтың дауысы естіледі. Сорап! Сорап! деген дауыс құлағыма келді.
Апырым-ай! ай-қай-қай! ай-қай! әлди-әлди! пай-пай! ау-қау! тарс-тұрс! сорап! сорап! Осылай айтылатын сөздерді одағай сөздер дейміз.
Одағай сөз қазақ тілінде көп. Қуаныш, реніш, күйініш, уайым, қайғы жан күйзелгенде, тән күйзелгенде, жан рахат тапқанда, тән рахат тапқанда шығатын дыбыстар, дауыстар, айтылатын сөздер, жанды һәм жансыз заттардың дыбысын, дауысын еліктеп, айтатын сөздер, хайуандарға айтатын сөздер, дауыстар, шақырулар бәрі одағай сөз табына кіреді.
Мәселен: әһ! ах! ой-бай-ай! жаным-ай! құдайым-ай! апырым-ай! ау! отағасы-ау! апырым-ау! ал! ай-қай-қай! е-е-е! Ой, Тәңірім-ай! Ойбай-ай! күс-күс! құр-құр! хош! қош, қош!, қош! құру! Шөре-шөре! ау-қау! сорап! шаум-шаум! кә! кә! шоқ-шоқ! әукім-әукім! өк! міш-міш! айт-айт! тарс-тұрс, дүңк-дүңк, сықыр-сықыр, тырс-тырс, сылдыр-сылдыр, күлдір-күлдір, тық-тық, күмп-күмп, сарт-сұрт, қаңқ-қаңқ, пыс-пыс.
Сынау. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп ішіндегі одағай сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
Алақай! Әкем кітап әкеп берді. Ойбай! Көзі аларып кетті. Бұ қорлықка қалай шыдармын, ойбай! Уһ! жаңа адам болдым ғой. Жарықтық-ау! Не істе дейсің? Ой Тәңірі-ай! Жоқ сөзді айтқаны несі. Апырым-ау! мына бала таласады. Ойбай-ау! Құдай-ау! мынасы кім еді? Е-е-е! манағы көрген адамым сол екен ғой. Қой! жай отыршы. Күс-күс! жануар. «Әукім-әукім» деп еді, сиыр тыпырлағанын қойды. «Сорап-сорап» деген да-уысты естіп түйелер құдыққа келді. Арбаға сиыр сүйкеліп жа-тыр «Өк!» деші. Түйе тұрып кетер, «шоқ-шоқ!» деп тұрғайсың. Қамыс ішінен «тарс-тұрс» еткен мылтық дауысы шықты. «Күмп-күмп» пісіп сабадан қымыз құйды.
Күлдір-күлдір кісінетіп күрең мінген бар ма екен? Ал, келдік жаман жерге енді сақтан. Ай-қай! менің өз үйім.
37
ҚОРЫТУ
Сүйтіп, сөздер тұлғасына қарай беске бөлінеді: Түбір сөз; 2) Туынды сөз (туғын сөз; 3) Қос сөз; ) Қосалқы сөз; 5) Қосымшалар. Сөздер мағынасына қарай тоғыз тапқа бөлінеді: 1) Зат есім; 2) Сын есім; 3) Сан есім; 4) Есімдік; 5) Етістік; 6) Үстеу; 7) Демеу, 8) Жалғаулық; 9) Одағай.
ТАСЫМАЛ
Жазып келе жатқанда, жол аяғында орын аз қалып, сөз сый-майтын болса, ол сөзге тасымал керек яғни екі бөліп, бір бөлегін сол жолда қалдырып, екінші бөлегін келесі жолға асыру керек. Тасымал үшін әуелі, сөзді буынға бөлу, сыймаған буында-
рын келесі жолға асыру. Бұл туралы қағида мынадай.
1). Тасымалдағанда әр буын бөлінбей я тұтас қалады, я тұтас асырылады. Мәселен, жол аяғында «шақырғанға» деген сөз тұтас сыймайды. Не істемек керек? – Сөзді дұрыстап буынға бөлу керек болады: «Ша-қыр-ған-ға», «ша» буынды қалдырып, басқаларын келесі жолға асыруға болады; я «шақыр» деген екі буынын қалдырып, басқаларын асыруға болады, я «ша-қыр-ған» деген буындарын қалдырып, жалғыз «ға» буынды асыруға да болады. Егерде «шақ» деп бөліп, қалғанын асырсақ яки «шақырға» деп бөліп, «нға»-ны асырсақ, дұрыс болмайды. Неге десек қағида бойынша буын бөлінбеске тиіс. Мұнда буындар бөлініп тұр яғни «шақ» деп бөлгенде, «қыр» буын екі бөлініп тұр: «шақырғанға» деп бөлгенде «ған» буын екі бөлініп тұр.
1). Жалғыз харіф буын бола тұрса да, қалынбайды да, асы-рылмайды да, мәселен, а-ға-лар деген сөзде бас буын жалғыз харіф «а». Қағида бойынша «а» өз алдына буын бола тұрса да қалынбайды яғни «а»-ны ғана қалдырып, басқа буындарын келесі жолға асырмаймыз.
Сүйтіп, жолға сыймаған сөзді тасымалдау үшін не істеу ке-рек?
Әуелі, сөзді буынға дұрыс бөлу; екінші, бір буынды бөлмей, тұтас күйінде асыру; үшінші, жалғыз харіфті, буын бола тұрса да, қалдырмай келесі жолға асыру.
Дағдыландыру. һәр түрлі сөздерді алып тасымалдатып үйрету.
38
МҰҒАЛІМДЕР ҮШІН БАЯНДАМА
Қазақтың нағыз өз тіліндегі дыбысы – 24. Бұлар 3 түрлі болғандықтан 3-ке бөлінеді.
5 дыбыс ашық айтылатын болғандықтан, дауыстап айтуға көнетін болғандықтан, ашық дыбыс яки дауысты дыбыс деп аталады.
Он жеті дыбыс тұйық айтылатын болғандықтан яғни дауы-стап айтуға көнбейтін болғандықтан, тұйық дыбыс яки дауыс-сыз дыбыс деп аталады.
Екі дыбыс дауысты дыбыстардай нағыз ашық айтылмайтын болғандықтан һәм дауыссыз дыбыстардай тым тұйық айтыл-майтын болғандықтан, орта дыбыс яки жарты дауысты ды-быс деп аталады.
24 дыбысқа араб харіфтерінен үйлескендерін өзгертпей, үйлеспегендерін өзгертіп харіфтер арналды.
Әуелі араб харіфтері үйлесетін дыбыстарды айтып көрсе-телік (Дыбыс үні қате ұғылмас үшін арабша һәм орысша екі әліппемен қатар көрсетеміз).
Дауысты дыбыстар: жоқ.
Дауыссыз дыбыстар: ب(б), ت(т), ـج(ж), د(д), ر(р), ز(з), س(с), ع (жоқ), ق (жоқ), ك (к), ل (л), م (м), ن (н) бәрі он үш, жетпейтіні төртеу.
Жарты дауысты дыбыстар: (жоқ) ي (й)-екеу (түгел). Дауысты дыбыс қазақ тілінде бесеу: оларға тура келетін
араб әліппесінде бір де харіф жоқ.
Дауыссыз дыбыстар қазақ тілінде он жеті. Оларға тура келетін араб әліппесіндегі харіфтер он үш, демек, төртеу: жетпейді. Бұл харіф жетпейтін дауыссыз төрт дыбыс үшін харіфтер бұрын арналған. Арналған харіфтер бәрібір араб харіфтері, бірақ олай-бұлай шет пұшпақтары ғана өзгертілген; мәселен, ب (б) харфінің нүктесін өзгертіп, پ (п) жасаған. ج харфінің нүктесін өзгертіп, ج (ш) жасаған; ـك (к) харфінің үстін қосарлап ـك (г) жасаған; ـك (к) харфінің үстіне үш нүкте қойып ڭ (ң) жасаған. Осы даяр харіфтерді біз де қабыл етеміз.
Дауысты дыбыстардың харіф жетпейтіндері үшін мұндай арналған даяр харіфтер жоқ. Олай болған соң, жоғарғы үлгі бой-
39
ынша араб әріптерінің негіз тұлғасын бұзбай, шет пұшпағын ғана өзгертіп дауысты дыбыстарға да харіф арнау тиіс.
1) Араб харфі тура келмейтін дауысты дыбыс: ат, жат, бо-ран деген сөздерде: 1-сөзде ең әуелі естілетін, 2-сөзде «ж»-дан соң естілетін, 3-сөзде «р»-дан тең естілетін дыбыс; бұл дыбыс орысша «а» харфімен жазылады. Араб харфінен бұл дыбыс үшін ا (а) харфін арнадық.
2) Араб харфі тура келмейтін дауысты дыбыс: боқай, тоғай, қомағай деген сөздерде: 1-сөзде «б»-ның соңында, 2-сөзде «т»-ның соңында, 3-сөзде «қ»-ның соңында естілетін дыбыс. Бұл дыбыс орысша «о» харфімен жазылады. Араб харфінен бұл дыбыс үшін жарты дауысты و харфін арнадық. Басқаны алмай мұны алудағы мәніс: жарты дауыстыو дыбысы қазақ сөзінде дауысты дыбыстардың соңында ғана айтылады; «о» дыбысы қазақ сөзінде һеш орнында дауысты дыбыстан соң айтылмай-ды. Олай болған соң дауысты харіфтің соңындағы و харфін «о» шығар деп күдіктенуге орын жоқ, дауыссыз харіфтің соңындағы و харфін жарты дауысты و шығар деп күдіктенуге орын жоқ.
3) Араб харфі тура келмейтін дауысты дыбыс: тұмсық, сұйық, жұмыс деген сөздерде: 1-нші сөзде «т»-ның соңында, 2-нші сөзде «с»-ның соңында, 3-нші «ж»-ның соңында естілетін дыбыс. Бұл дыбыс орысша «у» харфімен жазылады.
Араб харфінен бұл үшін «و» харфін алып, үстіне «‘» (үтір) қойып, «ؤ» жасап отырмыз.
Бұл жерде айтып ескертерлік бір сөз бар, ол мынау: жоғарыда айтып едік, «و» харфі дауысты «о» дыбысы мен жарты дауысты у дыбысы үшін – екеуіне бірдей жүреді деп. Солай бола тұрса да осы үшінші пункттегі «ؤ» дыбысы мен жарты дауысты و дыбысы – екеуінің үні жақын болғандықтан, оңайлық үшін жарты дауысты «و» орнында «ؤ» харфін жұмсаймыз. Асылын-да дұрысы арабтың жарты дауысты و харфін қазақ тілінде де жарты дауысты дыбыс үшін жұмсау. Бұлай айту араб әліппесін оқытқанда, балаларды шатастырмасқа да жақсы. Бұл туралы мұғалімдер һәм басқалар не пікір айтар екен?
4) Араб харфі тура келмейтін дауысты дыбыс: тазы, тары, жабы деген сөздерде: 1-нші сөзде, з-ның соңында, 2-нші сөзде
40
р-дың соңында, 3-інші сөзде б-ның соңында естілетін дыбыс. Бұл дыбыс орысша «ы» харфімен жазылады.
Араб харфінен бұл үшін жарты дауысты ى (й) харфін арнап отырмыз. Мұны алудағы мәніс: әуелі, бұл екі дыбыстың үндері жақын; екінші жарты дауысты ى дауысты дыбыстан соң һеш орында естілмейді. Солай болған соң дауысты харіфден соң тұрған ى (й) харфін «ы» дыбысы шығар деп күдіктенуге орын жоқ.
5) Араб харфі тура келмейтін дыбыс: мен, сен, жем де-ген сөздерде: 1-інші сөзде м-нің соңында, 2-нші сөзде с-ның соңында, 3-нші сөзде ж-ның соңында естілетін дыбыс Бұл дыбыс орысша «э» харфімен жазылады. Бұл дыбысты бұрын ى харфімен жазушы едік. ى харфі екі дыбысқа тел болып тұр. Оны да амалсыздықтан теліп отырмыз; енді үшінші дыбысқа телу қаншама амалсыздық дегенмен өте қолайсыз. Әсіресе қолайсыз болатын себебі: «э» дыбысының ى (е) дыбысына ешбір ұқсастығы, жақындығы жоқ. ى дыбысы «э» дыбысы ا (а)-ға жақын. «э» дыбысына арабтың «ه ،هـ» харфі үйлесімді.
Сүйтіп «э» дыбысына «ه ،هـ» (е) харфі алынды, бірақ сөздің басында келетін орында бұл харіфтердің жазуға қолайсыздығы болғандықтан, бас буынға ғана «ـي» харфі жазылады.
Жаңа бір айтарлық сөз: қазақша ақша, неше, жетінші, үш, уа ғайри сондай сөздер ش (ш) дыбысымен айтылса да, ондай-дыбыс үшін ش харфін алмай, ج харфін алдық. Олай айтудағы мәніс: басқа түркілерден тым алыс кетпес үшін. Оны алғаннан қазақ тіліне келерлік еш кемшілік жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру