Қазақша құттықтау - тілек: Тілдер күні » ZHARAR © 2016 | тілдер күніне арналған құттықтаулар, тілдер күніне арналған құттықтау тілек, тілдер күніне арналған тілектер, поздравления на казахском языке на день языков




  • »

Қазақша құттықтау - тілек: Тілдер күні

Қазақша құттықтау - тілек: Тілдер күні казакша Қазақша құттықтау - тілек: Тілдер күні на казахском языке

Қазақстан халқының тілдері күні Құтты болсын! Мол жақсылық болсын. Қазақша сөйлеп, қазақша ән айтайық
Әнші Luina

Құрметті қонақтар, әріптестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің күні мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер.
1989 жылы қыркүйектің 22-де Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Қазақ ССР-і Тіл туралы заңын қабылдаған еді. Осы күн сол кезден бастап Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесі болып аталып келеді.
Тіл мерекесі біз үшін және еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі. Біз де бүгін осы тіл мерекесіне байланысты өздеріңіздің бастарыңызды қосып, тіл мәселесіне қатысты пікір алмасуды жөн көріп отырмыз. «Ғылым ордасы» осы сұхбатқа тіл білімі ғылымының сардары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлын арнайы шақырып отыр, сонымен қатар бүгін біздің арамызда Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Мамай Қаниұлы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі және М.Әуезов атындағы өнер және әдебиет және басқа да институттардың өкілдері, еліміздің жетекші ғалымдары қатысуда.
Тіл мерекесі еліміздің ең жарқын мерекелерінің бірі, себебі тіл адамның қарым-қатынас, ойлану құралы, сондықтан ол – адамзаттың интеллектуалдық әлеуетінің қазынасы ретінде халықтың ең құнды байлығы.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Мемлекеттік тіл – ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс» – деп атап өткендей, Қазақстан өзінің тәуелсіздік туын тіккелі бері, мемлекеттік тілдің елімізде жүйелі түрде дамуына ерекше көңіл бөлініп келеді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесі Ата Заңымызда нақты белгіленген. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы егеменді мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеде одан әрі дамуына зор мүмкіндіктер берді. Жаңа Конституцияның негізінде және оған сәйкес Қазақстанда жаңа ұлттық құқықтық жүйе қалыптасып, мемлекеттік тіл мен қазақстанды мекендейтін этностық бірлестіктердің ұлттық тілдерін дамыту мақсатында арнайы жаңа заңдар қабылданып, бағдарламалар жұмыс істей бастады.
Ата Заңымыз еліміздегі тілдердің мәртебесін анықтап бергеннен кейін, екі жылдай жан-жақты талқыланып, 1997 жылы шілде айының 11-де «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» Заңы жарыққа шыққаны өздеріңізге мәлім.
Бұл Заң Конституциямыздың 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп анық айшықталған қағиданы жүзеге асырған заң болды.
Жаңа заңның талаптары мен қағидалары ескеріліп 1997 жылы Елбасымыз «Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» бекітті. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының алғашқы кезеңдеріндегі негізгі міндеттерінің орындалуында қажетті нақты шараларды қабылдауға мүмкіндік берді.
Жаңа қабылдаған тіл туралы заң еліміздің рухани өмірінің жаңа кезеңін бастады. Тіл туралы Заңының қозғаушы тетігі ретінде 1998 жылы ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» және 1999 жылы «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулылары мен бірқатар құжаттар қабылданды. Осылай тіл мәселесінің құқықтық негізі қалыптасты, ол жүйе күнделікті толықтырылып, бүгінгі күнге дейін жүйелі түрде дамып келеді.
Осы алғашқы кезеңде қоғамдағы тілдік қатынастар аумағында өлшемделген және ұтымды мемлекеттік саясат жүргізілді.
Тілдік құрылымның оңтайлы процесі этнолингвистикалық және мәдени қажеттіліктерді толыққанды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы азаматтық келісімді баянды етуге және оның одан әрі нығайтуға ықпал ететіндіктен мемлекет өміріндегі әлеуметтік маңызы бар аспектілердің бірі болып табылады.
Қазақстанды, қазақты достықтың киелі шаңырағына теңесек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспетті. Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз және біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз.
Қазақстан дүние жүзін шарлаған қаржы-экономикалық дағдарысқа қарамастан, елімізді мекендейтін этностардың тілі мен мәдениеттерін дамытуға, балаларының өз ана тілдерінде білім алуларына жағдай жасап отырған бірден-бір мемлекет. Бұл әлемдік тәжірибеде өте сирек кездесетін құбылыс, мұндай мемлекеттер жоқтың қасында. Ел бірлігін еселейтін бұл құндылықтар отаншылдық сезімін орнықтырады. Сонда тәуелсіздігіміз мәңгі, ұлысымыз ырысты болары сөзсіз.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру әлем тілдерін дамыту тәжірибесіне сәйкес жаңа әлеуметтік мәдени және ғылыми салада оның лексикалық және семантикалық өрісінің кеңейту мүмкіндігін талап етеді. Бұл саладағы негізгі міндет, термин шығармашылығын қоса алғанда, жаңа лексикалық бірліктерді ендіру процесін біріздендіру болып отыр.
Дана халқымыз «Көп көтерсе жүк жеңіл» демекші ынтымақты еңбек арқылы табыстың тайқазанын тасытып мемлекеттік тіл туралы бағдарламаны заман талаптарына сай орындау – біздің ортақ мүддеміз. Осы ортақ істі бірлесе атқару ниетпен «Ғылым ордасы» өзінің ордалық міндетін абыроймен атқарып келеді.
Бүгінде Ғылым ордасында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында қажетті шаралар жүйелі түрде іс жүзіне асырылуда. Іс қағаздарын жүргізуде, мәжілістер мен түрлі басқосуларда қазақ тіліне басымдық берілуде. Мекеме қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру мен одан әрі дамытулары үшін жан-жақты мүмкіндіктер қарастырылған. Ғылымның қара шаңырағы астында, үйлесімді еңбек етіп жатқан барлық ғылыми-зерттеу институттарының мемлекеттік тілдің дамытуға қатысты түрлі игі шараларына әрдайым қолдау көрсетіп, жағдай жасауда.
«Тілге құрмет – елге құрмет» – деген қағидамен «Ғылым ордасы» алдағы уақытта да мемлекеттік тіліміздің көркейіп, кең етек жаюы үшін және мәртебесі мен мерейін арттыру барысында табанды қызмет ететін болады.


Санат: KZ портал » Қазақша Құттықтау тілектер жинағы | | 4 146
Рейтинг:
(голосов: 5)
. .